Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Demo Builder бағдарламасын қолдану негізінде оқу құралдарын жасау жолдары


Demo Builder бағдарламасын қолдану негізінде оқу құралдарын жасау жолдары

Demo Builder  бағдарламасын қолдану негізінде оқу құралдарын жасау жолдары

«Білім- біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді  іске асыра білу дағдысы» 
А. Байтұрсынов 
Біріккен  Ұлттар Ұйымының  шешімімен ХХІ  ғасыр  -  ақпараттандыру ғасыры  деп  аталады.  Қазақстан  Республикасы да  ғылыми-техникалық  прогрестің  негізі  белгісі – қоғамды  ақпараттандыруға  болатын жаңа  кезеңіне  енді.  Елбасымыздың өткізген  интерактивті  сабағының  өзі  келешек  ұрпақты  ынталандырып, жігерлендіріп, еліміздегі жылдан-жылға  жоғары  қарқынмен  дамып  келе  жатқан  жаңа   ақпараттық  технологияларды  меңгеріп,  үздіксіз білім  алу  керек екендігіне  көз  жеткізді. 
Кәсіптік лицейдің  мақсаты -    оқушының  бойындағы  қабілеттерін  дамытып,   рухани  күшін  нығайтып,  шығармашылық  қабілетін дамыту, алған  білімін  тәжірибеде   қолдана    білуге  баулу. 
Оқушылардың  өз  мамандығына  қызығушылығын  арттыру  басты  назарда  болуға  тиіс. Осы   мақсатқа  жетудің  бірден-бір  жолы -  сабақта    оқытудың жаңа  технологияларын   пайдалану.  
Demo Builder  бағдарламасы  көмегімен жасалынған  компьютерлік  оқу  құралы оқушылардың  болашақ  кәсіби  әрекеті негізінде өзбетінше  білім  алу  және жетілдіруден танымдық мақсаты болып  табылады.  
Жұмыстың міндеттері: 
- Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа педагогикалық, ақпараттық коммуникациялық технологиялардың оқушылардың өндірістік тәжірибеде қолданылу сапалылығына қол жеткізу;
- Оқу-тәрбие үрдісінде электрондық оқулықтар мен- оқу бағдарламаларын тиімді қолдану негізінде компьютерлік мәдениеттілікті дамыту.
Ерекшеліктері:
-оқыту -бұл оқушының компьтермен қатынасы;
-оқушының  жеке қасиеттеріне қарай компьтерге бейімдеу;
-оқытудың диалогтық сипаты;
-оқушының  компьтермен жұмысы; субьект-обьект, обьект-субьект  ретінде жүзеге асуы;
-жеке және топтық жұмысты оңтайлы реттеу;
-оқушының компьютермен жұмысқа, оның технологиялық жағынан бейімделуі.
 Мазмұны:
-информатика мен есептеу техникасының негізгі ұғымдарын білу;
-компьютерлік техниканың принциптерін, құрылымы мен атқаратын қызметінің мүмкіндіктерін білу;
-негізгі операциялар жүйесін білу және негізгі командаларын орындай білу;
-қазіргі заманғы бағдарламалармен жұмыс істей білу;
Әдістері:
-оқу үрдісін сынып, пән көлемінде ұйымдастыру;
-сыныпта белсенділік туғызу;
-оқушылармен  жеке  жұмыс істеу;
Оқу үдерісінде  Demo Builder  бағдарламасы  көмегімен жасалынған  компьютерлік  оқу  құралын  пайдалану  арқылы    төменгі  нәтижелерге  жете аламыз:
- Oқу  үдерісін  дифференциалау және  өзбетінше  жұмысты  ұйымдастыру; 
- Оқу ақпаратын  көрнекі  түрінде  қолдану;
- Компьютермен орындалатын  зертханалық  жұмыстарды  шынайы  жағдайларға  келтірген  тәжірибе  түрінде  өткізу.
- Арнайы  ойлау  қабілетін  дамыту  (мысалы, кейіптік-көрнекілік, теориялық); 
- Оқуға  ынтасын  арттыру  (мысалы, көрнекілік  жағдаяттар  пайдалану  арқылы);
- Танымдық іс-әрекет мәдениетін  қалыптастыру;
Demo Builder  кәсіби және моделдеудің интерактивтік қосымшаларын, тұсаукесер рәсімдерін  және оқу  бағдарламаларын  жасақтайтын  құрал. 
 Бағдарламаның  интерфейсі /сыртқы кейпі/ қолдануға жеңіл,  және кәсіби білім мен  дағдыларды  қажет етпейді.
 Бағдарлама  редакторлық құралдардан, объектілерден, эффектілерден және аудиовизуалдық флешкинофильмдерді шығаратын графикалық түрінде  Сіздің демонстрацияларыңызды,  оқу бағдарламаларыңыз бен тұсау кесер рәсімдеріңізді  жасайтын құралдардан тұрады.   
Қосымшадағы  барлық  әрекеттерді  автоматты түрде қамтиды,  сонымен қатар роликтерді пішімдейді,  аннотациялар қосып, кәсіби жоғары  деңгейде тұсау  кесу  рәсімін  жасақтайды. 
 
  Demo Builder  жетік  жетілген продукт. 
  Утилита  роликтерді  Flash форматында  сақтайды. 
  Тұсау кесу  рәсімдерін AVI форматына көшіреді. 
Роликтерді  жабыстыруға немесе көріністерді бөлуге  және  тағы да басқа  іс-әрекеттерді  жасауға мүмкіндігі бар. 
Demo Builder  бағдарламасының  шарт белгісі 
                
Demo Builder  жетік жетілдірген қолданатын продуктінің негізгі құралдары мен қызметтерін жеңілдететін интерфейспен мақтана алады. Әрбір ролик бейнематериалды жаңадан шығаратын және қайталап көре алатын "Play" "Replay" батырмаларымен қамтылған. 
 
 
Zoom-n-Pan жаңа функциясы  көрерменнің зейінін экранның керекті аймағын аударуына көмектеседі, ал Record Active Windows құралы белсенді терезедегі  жағдайларды жазып алуға мүмкіндік береді.
Қолданушы  флешвидео форматтың көмегін және көшудің жаңа эффектілер тұтас жиынтығын бағалайды және роликті көру барысындағы пайда болатын мәтіндік түсініктемелері бар.  Мүмкіндіктері:
• кинематографиялық сапалы бейнефильмді жазу
• AVI  және Flash форматтарға ауыстыру
• көптеген көріністерді біріктіру
• бір көріністі көп көрініске бояу
• уақыттық автоматтық есептелуінің жасартылған алгоритмі
• экранды тез түсіру
• кеңейтілген аудиоқызметтері
• All / Save  экспорт функциялары  бар. 
Кез келген  жас  маман  кәсіби  білімінің  негіздерін, біліктілігін  және  дағдыларын толық меңгеруге  тиіс. Осы  мақсатта  болашақ   маманға  өзіндік  кәсіби  білім  мен  дағдыларын  қалыптастырудағы  өз  бетінше  жұмыс  жасауда  тәжірибенің  алар  орны  зор.  Кәсіптік  білім  берудегі оқу  үдерісі  нәтижесіне  жаңа  оқу  ортасының  және  өзгеріліп  тұратын  оқу  бағдарламасының  талаптары  арасындағы  келіспеушіліктер әсерін  тигізеді. Осы  келіспеушілік  оқушыларды жаңа  көзқараспен өз  бетінше жүйелі  түрде жұмыс  жасауына  ынталандырады. 
Қағаз түріндегі  тасымалдаушылармен  қатар  оқу  мультимедиалық бағдарламалар  қолданылған жағдайда  ғана оқушылардың өз  бетінше атқарған  жұмысы  толық нәтижесін береді. Оқу  барысындағы  жаңа  ақпараттық құралдарды құрастыру мәселесі  эргономика  арқылы  шешіледі. Оның  мақсаты -  ақпаратты  толық және  түсінікті  жеткізу жолдарын жақсарту.
Қазіргі  маман білу керек:
- Болашақ мамандықтар жөнінде  интернеттегі  мүмкіндіктер туралы  түсінігі  болуы; 
- Болашақ  мамандықтардың сұрақтары бойынша  кеңінен  қолданылатын Web – сайттарды  ашуды; 
- Кәсіби  ақпараттық  орталықтардың  электрондық каталогтарын  және мәліметтер  базасында  іздеу жұмыстарын  білуі;  
Қорытындылап  айтар  болсақ,  жоғарыда  айтылған міндеттерді, оларды  орындауда тиімді  әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып  мәселеге ғылыми көзқараспен қарағанда  ғана  информатиканы оқыту барысында     компьютерлік  оқу  құралын  пайдалану  арқылы  оқытудың  мазмұнын,  оқыту  әдістемесін анықтай  аламыз. Сондай-ақ, оқушылардың  логикалық  ойлау  қабілетін дамытуда олардың  осы  пәнге қызығушылықтарын  арттыруға  және білімдерін   тереңдетуге  электрондық оқу құралдары  арқылы  қол  жеткізуге  болады  деп  ойлаймын.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Е.Қ.Балапанов, Б.Б.Бөрібаев, А.Б.Дәулетқұлов «Жаңа 
 информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ» 
 Алматы-2007.
2. Н.Т.Ермеков «Информатика элементтері» Астана-2007.
3. В.Н.Кирнос «Основы работы с компьютерными сетями: Локальная
 сеть, e-mail, internet» Көкшетау-2004.
4. Әдістемелік құрал «Интернетке кіріспе «Бүкілдүниежүзілік өрмек»»
    Алматы – 2002.
5. Информатика терминдерінің түсіндірме сөздігі, Алматы -2002.
6. Лабораториялық практикум «Microsoft Excel кестелік процессоры» 
    Алматы-2007.
7. Лабораторный практикум « Текстовый редактор Microsoft Word» 
    Алматы -2007.
8. Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету
 бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту 
жөніндегі оқу-әдістемелік құрал. Алматы-2007.
9. Ғылыми-әдістемелік журнал «Информатика негіздері» №5-2007.
10. Н.Қ. Мухамедиева «Іскерлік қазақ тілі» Астана – 2007.
11. Demo Builder  бағдарламасы. Интернеттен мәлімет.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Оқу үрдісінде мультимедиа технологияларын қолдану"
Информатика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық, ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану.
Білім сапасын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру
Компьютерлік сауаттылық үйірмесіне арналған бағдарлама
Microsoft Word мәтіндік редакторын іске қосу
Жаңа технология түрін қолдану
Білім сапасын арттыру жолдары
ЖАҢА АҚПАРАТТЫ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ ЖҮРГІЗУ – БҮГІНГІ КҮННІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ
АҚПАРАТТЫҚ – ОҚЫТУ ОРТАСЫНДА МАМАНДАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ
8 сынып Excel тарауына ОМЖ
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3118 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык