Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Оқушының орындықта дұрыс отыруы


Оқушының орындықта дұрыс отыруы

Сабақтың тақырыбы: Оқушының орындықта дұрыс отыруы

Сабақтың мақсаты: Ұлттық музыканың өнер қуаты мен күйдің күштілік қасиетін домбыра арқылы оқушылардың сезіміне жеткізу.           Ой-өрісінің  дамуы.                                                       Сабақтың түрі: араласСабақтың барысыI.ҰйымдастыруАмандасу, түгендеу
II.Негізгі бөлім
Орындаушының орындықты әрі ыңғайлы отыруы қолдарын еркін қимылдатып, домбыраны дұрыс тартуына мүмкіндік береді. Сондықтан оқушы алдымен оң аяғын сол тізесінің үстіне қойып, орындыққа тік, еркін отырып жаттығуы керек.  Домбыра ұстап отырған кезде екі иық төмен не жоғары көтерілмей,  бір деңгейде бос тұрғаны дұрыс.Домбыраның шанағын оң қолдың шынтағымен сәл қысып ұстап, сол аяқтың үстіне қойылған оң аяқпен демеп отыру керек.
  
III.Қортынды  бөлім: Домбыра аспабын тарту үшін орындықта қалай отыруымыз керек?  Оң аяқ пен сол аяқ  қалай орналасуы туралы не білесіңдер
IV. Бағалау
V.Үйге тапсырма: Орындықта дұрыс отыру
Тәжіғалиев Бақытжан Көпбайұлы
 
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
Бәкір Тәжібаев атындағы балалар музыка мектебінің
домбыра аспабының мұғалімі   
Сабақтың тақырыбы: Сол қол мен оң қолдың орналасуы.
Сабақтың мақсаты:Аспапқа деген қызығушылығын арттыру. Қазақтың аспаптық музыкасын терең түсінетін.                                      Өрісі  биік оқушы тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың барысы:                                                                                          I.ҰйымдастыруАмандасу,түгендеу
II.Негізгі бөлім
Қойылым дегеніміз-музыка аспабын тарту кезіндегі орындаушының бүкіл денесінің,қолдарымен саусақтарының дұрыс қалыптасып,  орналасуы және оның аспапты ұстау тәсілі.                                
1. Сол қолдың қойылымы                                                                              
Аспапты ұстап отырған кезде домбыра басының биіктігі сол жақ иық деңгейінде болып, саусақтар пернелер үстіне тізбектеле еркін орналасады. Бас бармақ сұқ саусаққа қарай сәл қиғаштау  тұрады. Алақанды домбыра мойнына тіремей, шынтақ пен  иықты көтеріп немесе бүйірге тақамау керек.Бұл кейін қолдың еркін қозғалуы үшін өте қажет.     
2  Оң  қолдың қойылымы 
Оң қол қойылымының өзіндік ерекшеліктері бар. Төкпе күй дәстүрінде бас бармақ сұқ саусаққа жақын тұрса,шертпе күй дәстүрінде керісінше алшақтау болады. Бірақ екі орындаушылық дәстүрде де төрт саусақ жартылай бүгілуі күйінде бір – біріне жақын тұрып, алақан домбыраның бет қақпағына қарай орналасады. Дыбыстың сапалы шығуы үшін оң қолдың осылай қалыптасуының мәні өте зор.
III.Қорытынды бөлімСол қол мен оң қолдың қалай орналасуын көрсету.                                             Сол қолдың перне басуын көрсету.                                                            Оң қолдың қағысты қалай қағуын көрсету.
IV.Бағалау
V.Үйге  тапсырма:  Сол қол мен оң қолдың орналасуы

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Волейбол
Баскетбол ойыны
Спорттық ойындар. Баскетбол
Волейбол. Допты жоғарыдан және төменнен қабылдау.
Саусақты дұрыс қою арқылы шығарма орындау
Шығарма үйренуде аппликатураны дұрыс пайдаланудың маңызы
Алғашқы перне
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Домбыра аспабы
Волейбол сабағы жоспарының үлгісі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2972 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык