Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Саусақты дұрыс қою арқылы шығарма орындау


Саусақты дұрыс қою арқылы шығарма орындау

Саусақты дұрыс қою арқылы шығарма орындау

 Сабақтың мақсаты: «Саусақ қою заңдылықтарын меңгерте отырып, оқушының білімін жан-жақты жетілдіру».

Білімділігі: Аппликатура заңдлықтарын жетік меңгерту.

Дамытушылығы: оқушының шығарманы жүйелі талдап, жүргізіп ойнау қабілетін арттыру.

Тәрбиелілігі: шәкіртті ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, өнерсүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, аспапта ойнап көрсету, сұрақ-жауап, өзбетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Сабақта пайдаланылған көрнекіліктер: Домбыра аспабы, сабаққа қажетті оқулықтар, көрнекілік плакаттар, жаттығулар жазылған карточкалар,буклеттер.

Сабақтың барысы:

  І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыны ашық сабаққа дайындау.

 а) Сабаққа қажетті құралдарын тексеру.

 б) Домбыра аспабының бұрауын түсіріп, сабаққа дайындау.

 ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

 1.Гаммалар D-dur (ре мажор)- b-moll (си минор), F-dur (фа мажор)-d-moll (ре минор), арпеджио. Сұқ-саусақ, бас-бармақ, тремоло қағыстарымен ойнау. Терминдер жаттау.

  Үй тапсырмасын тексерген сәтте оқушыға гаммаларды ойнатып болған соң, термин сөздерді сұрай отырып, карточкалармен жұмыс жасалынады.

2.Я.Малат «Мадера» - жатқа ойнау.

Үйге берілген тапсырмалардың ішінде оқушыға түсініксіз тұстары болса, ауызша айтып, аспапта ойнап көрсету.

ІІІ Жаңа сабақ:

Жаңа сабақты бастамас бұрын, үйге берілген тапсырмаларды қысқаша қорытындылай отырып, оқушыны жаңа сабаққа дайындалған плакаттармен, жаңа жазбалармен таныстыру. Жаңа сабаққа алынған шығармаға сараптама жасау үшін, шығарманың кілттік белгісін анықтай отыра, оның қай мақам жүйесінде жазылғаны, ұзақтығы, ырғағы, жалпы шығарманың динамикалық белгілерін ескеруін түсіндіру. Оқушыға алдымен шығарманы орындап көрсетіп, қосымша оның авторының биографиясымен таныстыра отырып, жаңа сабақтың тапсырмасы жөнінде оқушыға осылардың барлығын айтып түсіндіру.Оқушы алдымен шығарманы ойнамас бұрын, көзімен шолып, әртүрлі нота штрихтарымен жалпылама танысып шығуы керек. Оқушы әрбір тактідегі саусақ қою ерекшеліктеріне ерекше мән беру керек. Әр тактіге жеке-жеке ауызша талдау жасау керек, сонда шығарманы ойнау жеңілірек болмақ. Оқушыға шығарманы жәй екпінде санатып, жүргізіп ойната бастағаннан, қағыс ерекшеліктерін және кездесетін штрихтарға жекелеп тоқтала отырып, саусақ қою ерекшеліктерін ұғындыруға жұмыстану.

 Алдыңғы айтылған нұсқауларға сүйене отырып, Жаяу Мұса Байжанұлының «Ақсиса»-әнін оқушымен бірлесе отырып ойнаймыз.

 

 

 Жаяу Мұса қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданындағы Ақшоқы деген жерде 1835жылы кедей малшының жанұясында дүниеге келген. Мұса  7-8жасынан ауыл молдасынан хат таниды. Ол жас кезінен өзі қатарлы балалардың арасында  өнер-білімге құштарлығымен ән-күйге әуестігімен көзге түседі. Жаяу Мұса творчествасының диапазоны кең, әндері мазмұны мен жанры жағынан сан қырлы болып келеді. Әндері «Ақсиса», «Шормановқа», «Толғау», «Шолпан», «Ләйлім», «Көгершін» атты әндері жұртшылыққа кеңінен таралған. Ал енді сол әндердің ішінде бүгінгі біздің сабағымызда «Ақсиса» әнін алып отырмыз.

   Бір күні Жаяу Мұса ауылдарының тұсынан өтіп бара жатқанда,Шормановтар оның астындағы атын тартып алып, өзін көк-ала қойдай етіп сабап жібереді. Сөйтіп,Шорман тұқымының зорлық-зомбылығына ыза-кектің әсерінен композитордың «Ақсиса» әні дүниеге келеді. Бұл ән композитордың ең күрделі шығармаларының бірі.

«Ақсиса» әніне тоқталайық. Шығарма соль-мажор  үндестігінде 2/4өлшемінде жазылған. Ноталар өзіндік ерекшелігіне қарай, қосарланған сегіздік, әлсіз үлеске оналтылық нотамен аяталатын, ал кей жерлерінде әлді үлеске екі оналтылық, әлсіз үлес сегіздікпен аяқталатын тұстары да бар. Қайырманың соңғы жағына қарай екі сегіздік үніне сәйкес лига штрихымен алып өтетін тактілер де кездеседі. Осы ерекшеліктермен оқушыны таныстыра отырып, саусақ қойылымдарын да айту. Жалпы домбыра аспабын үйренудің ең ерекше тұстары екі қолдың қойылымы, оның ішінде ең алғашқы оң қолдың білезік буынымен жұмыстану болса, екінші бір үлкен мәселе сол қол саусақтарын домбыра мойнына тізбектете орнықтыру болып келеді. Мәселен – домбыра мойнын ұстағанда бас-бармақ міндетті түрде екінші саусақтың үстінде орналасуы тиіс, себебі қай пернеге жылжытатын болсақ та жеңіл әрі ыңғайлы жылжуына көмектеседі. Екінші бір айтатын қағида перне басатын сол қолдың үшінші және төртінші саусақтары бір-бірінен алшақтамауы тиіс,бұл дегеніміз үшінші саусақтың күші әлсіз болғандықтан дыбыстарды таза әрі нақты алу үшін оның қасында төртінші саусақ екеуі қосарлана жүруі тиіс. Бұл амал домбырашының пайдасына ғана жарап қоймай, көрер көзге де тартымды болмақ. Біздің негізгі мақсатымыз – саусақ қою заңдылықтарын меңгеру болғандықтан жоғарыда айтылған және тағы сол сияқты басқа да жаңаша заңдылықтарды оқушыға әр сабақ сайын айтып, түсіндіріп, көрсетіп, үйретіліп отырылуы тиіс.

  ІV.Қорытындылау

  Өтілген сабақ бойынша оқушыға сұрақ қою арқылы пысықтау.

V. Үйге тапсырма беру.

  1.Гаммалар  D-dur  b-moll, арпеджиосымен жаттап келу, терминдержаттау.

   2.Жаяу Мұса «Ақсиса» белгіленген жерге дейін санап, жаттап келу, шығармаға саусақтарымыз толық үйренгенше жәй екпінде ойнап машықтану.

VІ.Бағалау.

 Оқушының сабаққа қатысу белсенділігін ескере отырып, шынайы білімділігін бағалаймын.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Фортепиано сүйемелімен шығарма тартып үйрену
Шығарма үйренуде аппликатураны дұрыс пайдаланудың маңызы
Алғашқы перне
Қазақ халқының өнері және музыка мәдениеті
Домбыра аспабы
Оқушының орындықта дұрыс отыруы
Жартылық нота, өлшем 2/4
Полифониялық шығармалармен жұмыс
Полифониялық шығармалармен жұмыс
Полифониялық шығармалармен жүргізілетін жұмыс
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2806 | Қосты: Нұрқасынова Назерке Қолдасбайқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык