Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » С. Бегалин Бала Шоқан


С. Бегалин Бала Шоқан

Сабақтың тақырыбы: С.Бегалин Бала Шоқан

Сабақтың мақсаты: 
А) Білімділік: С.Бегалиннің өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтермен таныстыру, шығарма кейіпкері Шоқанның бейнесін ашу;
Ә) Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік ой-пікірлерін жеткізе білу қабілетін дамыту, ойлау қабілеттерін жетілдіру;
Б) Тәрбиелік:  Достыққа адал, уәдеге берік болуға үйрету, адамгершілікке, бауырмалдыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: сыни ойлау
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: тарих, география
              
Сабақтың барысы :
І. Табалдырық кезеңі
1.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
а) «Достық торы» тренингі. Шеңбер жасап тұрып, жіп орамасы арқылы бір-біріне өз тілектерін айтады. 
ә) Оқушыларды «Достар» тақырыбындағы танымал әндердің жолдары арқылы топқа бөлу
 
2. «РАФТ» әдісі арқылы үй жұмысын сахналау
 
3. «Серпілген сауал» әдісі арқылы үй тапсырмасын бекіту
 
ІІ. Мағынаны тану кезеңі
«Жылдар сөйлейді» әдісі бойынша әңгіме авторының өмірімен танысу
 
Жазушы естелігінен үзінді оқу (бір оқушы мәнерлеп оқиды)
 -  Балалар,  естеліктегі Шоқан туралы не білесіңдер?
«Шоқаны бар ел – шоқтығы биік» 
«Абылай ханның тікелей ұрпағы Шоқан Уалихановтың бойындағы ата-бабаларына мұра боп қалған аса мол рухани күш-қуаты бар еді»
                                                                                                                 Н.Ә.Назарбаев.
 
                                                    Хронологиялық таблица
Ш. Уалиханов Қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы – фольклоршы, зерттеуші. 
1835 жылы туған Қазіргі Қостанай облысындағы Құсмұрын көлінің жағасында дүниеге келген.
Тегі Шоқан - атақты  Абылай ханның оның шөбересі. Шын аты- Мұхамедханфия. Шоқан есімін  әжесі еркелетіп қойған. 
Білімі «Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» ақсүйек тұқымы болғандықтан ауыл мектебін оқып, арабша, шағатай , орыс тілдерін еркін меңгерген. Омбы қаласындағы офицерлер мектебінде білім алған.
Еңбектері Халық ауыз әдебиеті үлгілерін,  қырғыз халқының «Манас» аңыз, ертегілерін жинақтаған. «Қашқарияға сапары» тарихи-зерттеу жұмысы бар.
Шоқан туралы  достарының пікірі. Орыс ғалымы Г.Н.Потанин :«Бізден жасы кіші болса да, бізден артық білгендігін үлкен адамдарша салмақты ұстап,  өзін ешкімнен де  жоғары ұстаған емес».
Орыс халқының академигі И.И.Веселовский : «Шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп келді де, ... біздің  барлық үмітімізді үзіп кетті.»
1865 жылы Ш.Уалиханов 30 жасында туберкулез ауыруынан  қайтыс болды.
 
 «Бала Шоқан» мәтіні бойынша жұмыс. 
Сұрақ-жауап : 
- Төре баласы Шоқан күзекке келгенде кімді кездестірді?
- Мысық пен Шоқанның арасында қандай әңгіме өрбіді?
- Мысық Шоқанның үйінде өзін қалай сезінді? Қандай қорқынышты сезімдер болды?
- Шоқанның бай отбасынан екендігін жазушы қалай суреттейді? Мәтін ішінен тауып оқиық. 
- Шоқанның адамгершілік қасиеттерін қандай әрекеттерінен  байқадық? Мәтіннен тауып оқиық.
- Мысықтың зеректігін Шоқан неден байқады ?
- Шығармадағы жағымсыз кейіпкерлерді кім деп таптыңдар? Не     себепті жағымсыз кейіпкерлер деп ойлайсыңдар?
- Шоқанның бойындағы  қасиетті әкесі мен анасы  қалай бағалады? 
-
4. Топтық тапсырмаларды орындау (топтастыру әдісі)
 1-топ: Шоқанға мінездеме
 2-топ: Шоқанның інісі Жақыпқа мінездеме
 3-топ: Мысыққа мінездеме
 
5. Сөздік жұмысы
Күзек – қазақтардың күзгі қонысы
 
6. Рефлексия .
- Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдық?   
 
7. Үй тапсырмасы. 
1. С.Бегалиннің «Шоқан асулары»  хикаясын тауып оқу.
2. Мәтіндегі Шоқанның әкесі мен анасының балаларына деген қөзқарасын жан-жақты талдап келу.
 
8.Оқушыларды бағалау
Кері байланыс орнату арқылы оқушыларды бағалаймын.
 
9. Сабақты  қорытындылау
Достық, жолдастық тақырыбындағы мақал-мәтелдер арқылы сабақты қорыту

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Шоқаны бар ел-шоқтығы биік ел!
С. Бегалин Бала Шоқан
Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уалиханов
Қазақстан тарихынан әңгімелер
Қазақтың көрнекті ғалымы- Шоқан Уәлиханов
Ш. Уалиханов - қазақтың көрнекті ғалымы
Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов
Қазақтың көрнекті ғалымы-Шоқан Уәлиханов
Шоқан Уәлиханов – ғалым
Бала Шоқан
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4855 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык