Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақтың көрнекті ғалымы- Шоқан Уәлиханов


Қазақтың көрнекті ғалымы- Шоқан Уәлиханов

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың көрнекті ғалымы- Шоқан Уәлиханов

Сабақтың мақсаты:  Шоқан Уәлихановтың қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегімен, ғылыми мұрасымен оқушыларды таныстыру.
Оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу дағдысына сүйене отырып, олардың тарихи ойлау, есте сақтау қабілетін үнемі жетілдіре түсу, өздігінен білім алуға, ізденулеріне жағдай жасау.
Сол кездегі ғылымның дамуына үлес қосқан адамдар туралы баяндау барысында оқушыларды рухани білімділікке, еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Конференция сабақ
Сабақтың көрнекілігі:Карта,электронды оқулық, слайдтар.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру.
                                 ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
А) кесте толтыру.
                                            Қазақстанды зерттеген орыс ғалымдары.
Аты – жөні Зерттеу бағыты Еңбегі
Б) Хронология
1827-1914жж-
1837-1918жж-
1847-1857жж-
1845ж-
 
ІІІ. Жаңа сабақ. 
Жоспар:
1.Шоқанның өмір жолдары 
2. Шоқанның ғылыми қызметі
3. «Шығыстың аққан жұрдызы»
 
І. Балалық шағы ,бозбала кезеңі жайында айтып, электронды оқулықпен жұмыс жасау.
ІІ.Конференция
Шоқан- саяхатшы
Шоқан- зерттеуші;
Шоқан- суретші;
Шоқан және музыка
Шоқан- этнограф
Журналистер ғалымдарға сұрақтар қояды.
1 сұрақ- Шоқан қай жерлерге саяхат жасады? 
               Қай жерлерді зерттеді?
2 сұрақ- Шоқан әдебиет зерттеушісі, очеркист жазушы,фольклоршы деп айтады.
              Жалпы очерк деген не?Шоқанның әдебиет саласындағы еңбектері қандай?
3 сұрақ- Шоқанның сурет өнерінің білікті маманы екенін қалай дәлелдейсіз?
4 сұрақ- Шоқанның музыкаға қандай қатысы бар?
               Музыка саласындағы еңбектері қандай?
5 сұрақ- Шоқан этнограф, тарихшы ретінде еліне,  халқына қандай мұра қалдырды?
 
ІҮ. Сабақты бекіту
 
                                Кубизм
Зерттеңіз: Шоқанның шыққан тегі жайлы не білесіз?
Суреттеңіз: Шоқанның балалық шағы.
Талқылаңыз: Төмендегі сөздер мен сөз тіркестері қай кісіге тән?
               Шоқан                                       Абылай
                     ↓                                                 ↓
                                              Ғалым; 
                                           Саяхатшы;
                                 Мемлекет қайраткері;
                                         Бұқар жырау;
                                                 Хан;
                                             Қашқария;
Салыстырыңыз: Шоқан несімен ерекше?
Әңгімелеңіз: Шоқандай қазақ баласының туылып, ерте өмірден өткеніне көзқарасыңыз.
Қолданыңыз: 1855 жылы Шоқан генерал Гасфорттың сапарына қатысып............:
 
                                 Айтқан екен...(ұлы ойшылдар Шоқан туралы)
1. «Корпустың оқытушылары Шоқанды болашақ зерттеуші, тіпті ғалым болуы да ықтимал деп жүрген кезде Шоқан небары он төрт- он бес жаста ғана болатын»  
 (Г.Н. Потанин)
2. « Егер қазақ халқының арасында Шоқанды оқи алатын орта болса, ол данышпан болып, өз елі әдебиетінің жаңара тууының басы болған болар еді.»                     
 (Г.Н. Потанин)
3. « Уәлихановтың Тян-Шань мен Жетісу географиясы жөніндегі еңбектері ғылыми маңызы зор, автордың білімпаздығы мен байқампаздығын танытады»   
 (И.В Мушкетов)
4. « Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов Шығысты зерттеу ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды...»   
( академик В.И.Веселовский)
5. « Шоқан өз халқын сүюден айныған жоқ, ол европалық ағартушылық пен өз халқының ұлттық қасиетін ұштастыруды армандады.»
( Н. Ядринцев)
 
Ү. Оқушылар білімін бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма беру
Мына сызбаны толтыр:
Өмір сүрген жылда-ры Мінез құлық ерекше-
ліктері Ғылымға бейімділі-гі Қайда оқыды Кімдер-
мен достасты Қазақ халқының саяси және экономика-
лық жағдайы туралы көзқарасы Ғылыми зерттеуле-рі және олардың маңызы Ғалым-
ның ғылыми мұрасы

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Шоқаны бар ел-шоқтығы биік ел!
Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уалиханов
Қазақстан тарихынан әңгімелер
Ш. Уалиханов - қазақтың көрнекті ғалымы
Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов
Қазақтың көрнекті ғалымы-Шоқан Уәлиханов
Шоқан Уәлиханов – ғалым
Шоқан Уәлиханов Құрмалас сөйлем
Шоқан Уәлиханов өмірі мен шығармашылығы
С. Бегалин Бала Шоқан
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 3153 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык