Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / География |
Көрсетілім: 3651 |
|
|
|
Жерде тіршіліктің пайда болуы
Эссе тақырыбы: Жерде тіршіліктің пайда болуы
Менің жердің пайда болуы туралы көзқарасым екіге бөлінетін сияқты. Бірақ, шынында, көбінесе бір жаққа қарай көңілім ауады, ол – белгілі бір дәрежеде ғылыми теорияға. Менің ойымша,бізді қоршаған табиғат, оның сан-алуан құбылыстары, өзгерістері; оны құрайтын элементтердің молдығы және әртүрлілігі көпке нұсқайды. Тіршіліктің дамуы, жердің пайда болуы – өте күрделі миллиардатаған жылдарға созылған, үздіксіз процесстердің жиынтығы. Қолымыздағы айқын деректер зер салып бақылауда нақты ғылыми теорияларды құрастыруға мүмкіндік береді.
Мен білетін түрлі ғалымдардың: Пастерден Опаринге дейінгі пікірлерімен келесемін. Сонда, олардыңдәлелдеген тұжырымдары бойынша: алғашында біздің галактикада белгілі бір фактордың әсерінен газды-шаңды тұманнан шар түзілді, яғни Жер пайда болды. Оның көлемі, Күннен арақашықтығы, Күн жүйесіндегі орны – барлығы тіршіліктің пайда болуына қолайлы шарттар тудырды. Бұл құрылған шардың құрамындағы газ күннің ультра-күлгін сәулелерінің арқасында қызғандықтан, үлкен жарылыс жүріп, балқыған плазма тәрізді зат қайтадан шар формаына келді. Содан кейін бұл сфера сияқты, қызып тұрған дене бірте-бірте суып, үстіне әр-түрлі күл, шаң қалдықтары қона бастап, белгілі-бір атмосфера түзілді. Әрине, әлі оттек атымен де болған жоқ, ғаламшарда тек метан, карбидтер және басқа да улы газдар қоспалары басым болды. Жер суығанымен, жиі-жиі әртүрлі жанартаулар атқылауы жүріп жатты. Нәтижесінде, магма қалың беткейлі болып жайыла берді. Бұл өз кезегінде сан-алуан жыныстардың ата-тегі рөлін ойнап, шөгінді бейорганикалық қалдықтардың жинакталуына алғышарттар жасады. Осы екі ортада күрделі химиялық процесстер өтіп жатты, олар судың, аммиактың пайда болуын тездетті. Алайда су тек бу күйінде болып, атмосфераның жоғары бөліктеріне көтерілгендіктен, суып жаңбыр ретінде жерге сұйық күйінде түсе бастады. Жердің беті жанартаудың атқылауынан әлі де біршама ыстық болғандықтан, келіп түскен су тамшылары бірден буға айналып кетті. Нәтиженсінде, қалың дымқыл тұманнан атмосфераның үстіне атмосфера қосылып, жаңбырлар үдетіле түсті. Су енді жерде жинала бастап, көлемін ұлғайта берді. Ал су бар жерде - тіршілік бар. Алғашқы органикалық заттар: нуклеин қышқылдары, мономерлер сұйық ортада түзілді. Тағы бір тамаша нәрсе, ол – көп мөлшерде СО2 газының бөлінуі. Оның арқасында жылыжайлық әсер қарқынды жүргендіктен, біз не себептен Жер бетінің көп бөлігі судың астында қалғанын айта аламыз. Мысалы, мұзды дәуір кезінде, Жердің күрт сууы нәтижесінде, су қатып, СО2 газы бөлінуін мүлдем қойды. Бұл, өз кезегінде, тіршіліктің жойылуына тежегіш рөлін атқарды. Бірақ, бір сұрақ туады: ал қалай барлығы қайтадан өз қалпына келді? Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша мұз болып қатып жатқан бір мұхиттың түбінде жанартау оянып, өте мықты жарылыс жүрді. Содан ауаға атқып шыққан лава қармен қарқынды реакция түсіп, көмірқышқыл газы түзілді. Яғни, айтайын дегенім, су және СО2 газы тіршіктің жандануының өте мықты өршіткілері. Сонымен, тірі организмдердің, жалпы табиғаттың пайда болуын мына сызбамен түсіндіруге болады:
Биологиялық эволюция – өте күрделі алып процесс. Оның элементтері:
Организмнің сыртқа ортаға бейімделуі
Өмір сүруге бәсекелестік
Сұрыпталуы
Өзгеруі
Дамуы
Қорыта келе, бұл теория көп нәрсені түсіндіре алады:
Жердің ортасында неліктен ядро, сұйық магма бар екенін. Өйткені, газ жарылғанда ғарыш кеңістігінде ол плазма күйінде болады.
Жердің шөгінді, магмалық жыныстарының алуан түрлілігі.
Қолайлы атмосфераның пайда болуы.
Тіршіліктің осындай жоғары дәрежеге қалай жеткенін.
Дәлелдер бар жерде нық сенім орнауына кепіл беруге болады. Салдарды зерттей келе, себептерін білуге мүмкіндік бар.
Мен, өз басым, панспермия теориясын мүлдем қабыл алмаймын, себебі оның ешбір дәлелі жоқ. Сонымен қатар, бұл гипотезада адамдардың ойлау қабілетінің жалқаулығы сезіледі.
Осы барлық теорияларды қортыта келе, есіме қайта-қайта А.К.Дойлдың әйгілі Шерлок Холмс кейіпкерінің сөздері келеді: « Теоретизировать не имея данных, значит - совершать грубейшую ошибку. Незаметно для себя человек начинает подгонять факты к своей теории, вместо того, чтобы строить теорию на фактах. »
Әрине, менің жоғарыда түсіндірген пікірімнің нағыз ақиқат екенін сеніммен айта алмаймын. Ешкім де айта алмас. Мүмкін тіршіліктің дамуы басқа жолмен кетті ме, жоқ мүлдем басқаша болды ма – бұл әлі де барлығына үлкен құпия болып табылады. Алайда, осы теория ең дұрысы сияқты көрінеді.
Өзімнің екінші пікірім, ол – Жер шарын, жалпы тіршілкті Құдай жаратты. Мен оны дәлелдеуге мұршам жоқ, тек жүрегімде адами сенім ғана бар. Осыған байланысты өзімнің сүйікті жазушым, Ф.М.Достоевскийдің бір дәйекті сөзін келтіргім келеді: « Даже если мне математическим путем докажут, что истина не в Боге - я лучше останусь с Богом, нежели с истиной. »
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |