Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Су- тіршілік негізі


Су- тіршілік негізі

Су- тіршілік негізі

Ғылыми жобасы

Секция: Өлкетану бағыты

Орындаушы:Балгарина  Саржан  Азишанқызы  география пәні мұғалімі

Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………………………………………….

1.Су жайлы түсінік,су- қайталанбас зат……………………………………….

2. Судың таралу  аймақтары……………………………………. ……………………………….

3.Судың тіршілік үшін маңызы……………………………………………………

4. Қорытынды…………………………………………………………………………….

5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………….
Кіріспе

Су- табиғатта ең кең тараған зат.Ол жердің барлық жерінде кездеседі.Ғарыш көгінен қарағанда Жер көгілдір болып көрінеді, өйткені су ғаламшар бетінің үштен екі бөлігін алып жатыр.Суды аялай білу керек, өйтекні ол- нағыз қазына байлығымыз, оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды.Ол жер бетінде кездесетін барлық тіршілік иелері үшін аса қажет.Онсыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес.Ғаламшарымыз әрқашан көгілдір болып қалуы үшін өзен-суларға,бұлақтар мен көлдерге қамқорлық керек.Бұған ормандар сенімді көмекшілер болып табылады.Олар міндетті түрде өзендер мен көлдердің жағасында өсу тиіс, өйткені ағаштар су туғандарын толықтыратын топырақ астындағы ылғалдылықты сақтайды және жинақтайды.Суды қорғау өмір мен денсаулықты, қоршаған ортаның әдемілігі мен байлығын қорғау деп бекер айтылмайды.Су тіршілік көзі болғандықтан, су туралы зерттеу жұмысын алдым. Менің ғылыми жобамның тақырыбы: « Су- тіршілік көзі» деп аталады.Тақырыпты зерттеу барысында алға қойған мақсатым- тақырыптың мазмұнын айқындап ашу, судың адам өмірі үшін маңызын , және суға байланысты ұғымдардың мағынасын айқара ашу.Қойылған мақсатқа сәкес бірнеше міндеттер қарастырылады.Біріншіден, судың үш күйде болатындығы, ол бір күйден бірнеше күйге ауысатындығына шолу жасау. Екіншіден су жердің барлық бетінде таралғаны және суға байланысты әр түрлі ұғымдарды ашу. Үшіншіден судың маңызы мен қолданылуы.Зерттеу жұмысы кіріспе бөлімінен үш тақырыптық бөлімнен, қорытынды бөлімі мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тақырыптық бөлімде суға жалпы физикалық сипаттама беру, судың құрамы мен жер бетінде ғана емес сонымен бірге ол жұлыздар мен күн құрамында гелий мен сутегі элементтері болып кездеседі.Гелий мен сутегі күн мен жұлдыздарға жарық шығара отырып, энергия бөледі. Су жер бетінде кездесетін барлық элементтердің ішінде үш күйде кездесетін жалғыз ғана зат . Ол осы қасиетімен ерекшеленеді.Өзендер мен көлдердегі , мұхиттардағы, теңіздердегі, жаңбыр тамшыларындағы су сұйық күйде кездеседі. Екінші бөлімде судың таралуы жайлы жазылған.Су атмосферада буланған күйде, жер бетінде өзендер мен көл беттерінде сұйық күйде, суық аймақтарда қатты күде кездеседі. Судың қатты күйі мұз, және кристалдар болып табылады.Оған қоса су жер астында да кездеседі.Су таралуына байланысты, және географиялық орнына байланысты ащы және тұщы болады.Үшінші бөлімде судың адамзат үшін маңызы мен пайдаланы- луы жайлы жазылған. Адамзат өркениеті қаншалықты дамығанымен, су өз маңызын әлі де болса жоймаған, және жойа алмайды, өйткені ол тіршіліктің қайнар көзі, сусыз тіршілікті елестету мүмкін емес. Қорытынды бөлімінде үш бөлімді біріктіре отырып жалпы қорытынды түйін шығарылады.Тақырыпты зерттей отырып, алға қойған мақсатқа жету үшін көптеген зертеушілердің бірнеше еңбектері мен жұмыстарына сүйендік

1-ші бөлім : Су жайлы түсінік және су- қайталанбас зат.

Біз ұшы-қиыры жоқ кең байтақ, қызықты да қыр-сыры мол әлемде өмір сүреміз. Айналаңа қарасаң, бізді көптеген заттар жатқанын көресің.Олардың кейбіреулері адам қолымен , ал кейбіреулері табиғи жолмен пайда болған. Табиғи жолмен су, ауа, жер, ағаштар мен жануарлар, аспан пайда болды. Су- қайталанбас зат. Ол жердегі ең көп тараған зат, өйткені су жер бетінің үштен екі бөлігін алып жатыр. Ғарыштан жер бетін қарағанда жердің үсті көк түсті болып көрінеді. Ерте кездері жер бетінде үлкен су тасқыны болып жердің барлық бетін су басып кетті деген аңыз бар.Одан кейін уақыт өте келе су бірте-бірте тартыла бастап, құрлықтар пайда бола бастады.Су аспанда да, жерде де, жер астында да, тіпті жұлдыздар мен күн құрамында да болады.Ал енді суға жалпы сипаттама берейік.Су – түссіз, мөлдір, иісі, дәмі жоқ, ұдайы ағып жатады. Судың ұлы саяхатшы екенін білесін бе?, ол бір жерде тұрғанды ұнатпайды.Оның әйгілі ертегідегі желдің бағытының өзгеруімен лезде ұшып келіп, лезде ұшып кетіп жататынын кейіпкер Мерри Поппинске ұқсастығы бар. Суда ауа қысымы өзгере қалса, сапарға таттануға әзір түрады. Ол сапарға шыққанда бірде қарға, бірде мұзға айналып, кейпін өзгертіп отырады. Бұл судың түрлі қалыпқа ене алатынын көрсетеді. Судың бұндай кейіптерге енуіне байланысты онын туыстары өте көп. Олар жаңбыр,қар, бұршақ, шық, қырау, қылау, тұман және тағы басқалары да болады.Олар тұрған жеріне ауа райына жер бедеріне байланысты таралады және әрдайым бір орында тұрмай өзгеріп отырады.Күн қатты ысыған кезде су буға айналады, содан ол аспанға көтеріледі, егер аспанда ауа суық болса ол қайтадан жерге жаңбыр, қар, бұршақ, тұман кейпіне түсіп оралады. Су аспаннан жер бетіне түскен кезде өзендер мен көлдерге, теңіздер мен мұхиттарға түсіп, сөйтіп жер бетін айналып саяхат жасай береді, ғылымда оны дүниежүзілік су айналымы деп атайды. Табиғатта су қызыған кезде көлемін ұлғайтады. Егер де шәйнекке суды толтырып ұйып, оны қыздырсаңдар, шүмегінен судың аққанын көресіңдер. Су суынған кезде сығылып, көлемі азаяды. Бірақ судың келесі ерекшелігі су суынғаннан кейін қататын болса, қайтадан көлемін ұлғайтады. Міне сол үшін де іші суға толы, ауызы жабылған шөлмек шынылар қатты аязда өз-өзінен сынып, құбырлар жарылып, жартастар арасындағы жарықтарда су қатып мұзға айналған кезде бұзылып құлайды. Судың келесі ерекшелігі бір күйден екінші күйге ауысқанда салмағының азайып көбейюі. Мұзың салмағы судан жеңіл болғандықтан оның бетінде қалқып жүреді. Су сұйық күйінде қалаған жағына аға алады, оған мысал ретінде үш түрлі ыдысты алып көріндер, сонда су үш әртүрлі пішінге енеді. Қатты суық түсіп, мұз немесе қарға айналғанда, су қатты күйге айналады.Міне сен қыста осындай тоңазыған суды күтесің. Бірақ мұз немесе қар ерісімен олардың құрамы бұзылып, су қайтадан сұйық күйге айналады.Б із білеміз су әр түрлі күйде болады, сондықтанда онын түрлері де көп болатынын байқауға болады, олай болса онын түрлерімен танысайық. Судың бір түрлері олар тұман, шық, қырау, жаңбыр, бұршақ,қар. Күннің сәулесі өзен, көл және теңіздердің бетін қыздырған кезде, судың біраз бөлігі буға айналып ұшып кетеді.Бастапқыда бұл тамшылар ұсақ болғандықтан, оны көзбен көру мүмкін емес. Олар бірігіп, бұлтқа айналғаннан кейін ғанаааа көзге көріне бастайды. Егер бұлттар төмен түсіп, жер бетіне жақындаса, олар тұманға айналады. Тұмандар көбінесе ылғалы көп өзендердің үстінде және ойыс жерлердже болады. Ал егер күн суық болып , ауа қысымы нөлден төмен болса, ылғал тамшылары ұсақ мұз бөлшектеріне айналады, сөйтіп жер бетінде қырау пайда болады. Өзге тамшылар бұлттың жоғарғы суық бөлігіне көтеріледі. Олар суый түсіп ауырлай түседі. Көп үзамай ол тамшыға айналып жаңбыр болып аспаннан жерге жауады.

2-ші бөлім: Судың таралуы  амймақтары

Су адамзат баласынан бұрын пайда болған. Ол жер жаратылғанда пайда болды. Тіршіліктің бастауы судан басталады. Сондықтан да ол барлық жерлерде таралған. Су жұлдыздар мен күн құрамында, ауаның құрамында буланған күйде болады екен. Су өзінің күйіне байланысты әр жерде болады. Су аспаннан жаңбыр болып жауады, қар болып қылаулайды, тұман, шық, қылау ,қырау болып жер бетіне түседі.Су жер бетінде үлкен саяхат жасайды, ол аспанда ауа құрамында болады. Күн қатты қызыған кезде көлдегі, өзендегі сулар буланады да, аспанға ұшып кетеді екен, аспанда жылы ауа ман суық ауа кездескен кезде екеуі бір- бірімен соқтығысып жаңбыр болып жерге қайтадан түседі. Жер бетіндегі сулар да жер астымен байланыс жасайды. Көлдердегі су да жер астына сіңеді екен, жер астындағы су грунт суы деп аталады.Ол сулар көбінесе ішуге жарамды болады. Жер астындағы су да жер үстіне шығады, сөйтіп су дүниежүзілік су айналымын жасайды.Аспандағы су да, жердегі су да, жер астындағы су да бір-бірімен байланыс жасайды.Жер бетіндегі судың қабығы болады, оны гидросфера деп атайды. Оған біз білетін мұхиттар, теңіздер, өзендер мен көлдер жатады. Ал енді сол атауларға анықтама берейік. Дүниежүзілік мұхит- барлық мұхиттар мен теңіздердің жиынтығы. Бүкіл Жер бетінің 71% -ын құрайды.Су ерекшелігі су алқаптарының бір-бірімен үздіксіз жалғасып жатуында. Мұхит-құрлықтадың аралығында орналасқан үлкен сулы алқаптарды мұхит деп атайды. Жер бетінде төрт мұхит бар, олар Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстік мұхит. Ең үлкен мұхтит Тынық мұхиты. Теңіз- мұхиттың құрлық арқылы бөлініп, оқшауланған бөлігі. Теңіздерді ішкі және шеткі болып бөлінеді.Кейбір үлкен көлдерді де теңіз деп атайды, оға мысалы Қазақстандағы Каспий теңізін жатқызуға болады. Каспий теңізі жер бетіндегі ең үлен көл. Каспий теңізінде балықтардың түрлері өте көп, мұнда бее балықтың 81% кездеседі. Көл- шарасы сумен толған қойма.Ол теңізбен тікелей байланыспайды3-ші бөлім: 

Судың тіршілік үшін маңызы

Су қадірлі, қасиетті зат.  Қазақ халқымыз судың да сұрауы бар, су иесі Сүлеймен дейді. Бұл, суды қадірлей білу керек, күтіп баптау керек, орынсыз қолданбау керек деген сөз. Қазақ халқымыз суды аса қадірлеген. Су адам үшін соншалықты маңызға ие, ол тек ішу үшін ғана емес, күнделікті өмірде өндірісте, зауыт- фабрикларда, техникада, мал шаруашылығында, тамақ өнеркәсібінде жиі қолданады. Су, адамдарға, жануарларға және өсімдіктерге қажет тамақ өнімдері құра- мында белгілі бір мөлшерде болады. Мысалға, шырынның жеміс-жидектердің, бау-бақша өнімдерінде.Өзімізге қажет деген суды сұйық күйінен басқа, кез келген тамақ өнімдері арқылы да қабылдаймыз.Табиғаттағы ең күшті еріткіш су. Еріткіш дегеніміз ол, кез-келген заттпен оңай араласып кететін затты айтамыз.Суда көптеген заттар белгілі бір мөлшерде ериді.Сусыз басқа тамақ өнімдерін дайындай алмаймыз.Яғни сусыз бірде-бір тірі организмдер өмір сүре алмайды.Адам денесінің 65% құрайды.Ал өсімдіктер бойында болатын су мөлшері бұдан да көп болады.Мысалы қарбызың 90% су құрайды.Күнбағыс бір жазда 40 литр су сіңіреді.Адам денесіндегі су еркін түрде қан құрамында жүреді. Егер де адам қатты шөлде суды ішкісі келеді, бұл дегеніміз адам суды әрдайым қажеттендіреді деген сөз. Су адам бойыңа оңай сіңіп, оңай шығады, яғни адам бойында су арқылы зат айналымы жүреді.Адам бойындағы су , жұмыс істегенде, жүгіргенде тер болып сыртқа шығады, осылай су еркін адам боында да саяхат жасай алады екен.Ересек адам күнделікті 2-3 литр суды ішеді екен. Адам үлкейген сайын суды көп қажеттендіреді.Су тіршілік көзі. Уақыт өтен сайын адам баласына тұщы су көздерін меңеру қиынға түсуде, өйткені тұщы су көздері құрлық бетінде аз мөлшерде орналасқан, тұщы су көздері көбінесе жер бетінен терең жерде орналасқан. Ал ең көп тұщы су көздері жердің басқа бір қиы шетінде орналасқан. Ол мекен суық, әрңі аязды болып келеді. Ол Антарктида материгі мен Солтүстік мұзды мұхиты. Осы аталған алқаптарда жер бетіндегі тұщы судың көп бөлігі бар, ол жақта адамдар өмір сүрмейді , тек ғылыми жұмыстар жүргізеді. Адамға ол жақ өмір сүруге қолайсыз.Ол жақтарда пингвин деп аталатын ұшпайтын құс мекен етеді.Пингвин суыққа төзімді, суықты сүйгіш құс, өкінішке орай ол ұша алмайды.Адамзат баласы қазіргі таңда осы суық аймақтардағы суды алу үшін көптеген жұмыстар жасауда.Олар әр түрлі жолдар арқылы іске асады.Жер бетінде су әр тірі жанға өте қажет, ағаштар, өсімдіктер тіпті топырақтың өзінде де су болады.Суды адам әр түрлі жағдайда, әр түрлі салада қолданады.Бізге ұнайтын шырындар мен әр түрлі тамақ өнімдері де судан тұрады. Адам өмір сүру үшін тыныс алады, су ішеді.Адам тыныс алатын ауа таза болу үшін айналамыздағы ағаштарды күтіп баптаумыз керек, ал ағаштар суды көп қажеттендіреді, ал ағаштар таза ауаны шығарады.Жерге ең жақын су көзі ол құдық.Жер бетінен төмен қарай орташа есеппен алғанда 7-8 метр қазсақ су шығады, ал кейбір жерлерде су көздері фонтан тәрізді атқылап шығады, ол ысты сулар.Ондай ыстық сулар Таулы аймақтарды жиі кездеседі. Ал кей жерлерде жерде су көзі бұлақ болып ағып шығады. Әдетте көптеген бұлақтар табиғи жолмен пайда болып, адам ағзасына пайдалы заттарға бай болып келеді, ондай суларды миерал сулар деп атайды. Біз қай жерде болсақ та , әртүрлі елдерде өмір сүрсек те адам үшін су ешқашанда маңызын жоймайды, су тіршілік бастауы болғандықтан , су тірі жандар үшін әрқашанда керек. Адам өмірі су сияқты ағады, бір орында тұрмайды,өйткені адам және су бір-бірімен байланысты.Су әрқашанда үлкен маңызға ие.

Қорытынды

Су тіршіліктің қайнар көзі, тіршілік иелері үшін ауа қалай керек болса, су да сол сияқты үлкен маңызға ие. Жердің көп бөлігін су алып жатқандықтан жерді ғаламшардан қарағанда көк болып тұрады.Бұл жерде ғана тіршілік бар деген сөз. Сусыз тіршілік жоқ, егер де адам бір аптаға жуық су ішпесе, адам өмір сүруін тоқтатады, адам күн сайын шамамен 3 литрдей суды ішеді.Су адам бойында қан айналымды жақсартып, тұрақтылықты қамтамасыз етеді, әрі өмірге қажетті заттарды жинақтайды.Егер де сен гүлге апталап су құймайтын болсаң, гүл солып өліп қалады, егер де күн сайын бақылап су құятын болсаң, гүл құлпырып өседі.Солай сияқты адам да су ішкен сайын өсіп жетіледі, дамып тіршілік етеді. Су барлық жерде, адам бойында да жерде де , аспанда да, жер астында да, тіпті жерден тыс күн мен жұлдыздарда болады.Су өзінің қайталанбастығымен, үш күйде болатындығымен, орналасқан жағдайына байланысты формасын өзгертетінмен ерекшеленеді.Су үлкен күшке ие, ол адам баласына орасан зор септігін тигізеді. Жер бетіндегі кез-келген заттармен су оп-оңай араласып кете алады, бұл оның тез әрекетке түсетінін көрсетеді.Әзірге жер бетінде судан артық ғажап зат табыла қойған жоқ, бұл судың қайталанбастығын көрсетеді. Мыңдаған жылдар өтсе де су әрқашанда өз маңызын жоғалтпайды.Жер бетіндегі барлық тіршілік иелері суды қажетті мөлшерде ғана керек етеді.Жер бетіндегі әр жерлерде орналасқан сулар көзі бір-бірімен байланыста болады.Олар жаңбыр, қар, сел тасқындары, бұршақ, қырау, өзен, көл, теңіз, мұхит сулары. Жаңбыр аспаннан жауса ол жерге сіңіп жер астындағы сулармен араласып кетуі де мүмкін.Күн ыстық кездерде көл айдындағы сулар буланып көкке көтеріледі, ол да аспанда қалықтап, ауа-райына байланысты су қалпына түсіп, жерге қар, бұршақ, жаңбыр болып оралуы да мүмкін.Осылайша жердегі су саяхаттап жүреді екен.Жер бетіндегі әр затта сәл болсада су мөлшері болады.Кейбір ғалымдар жердің өзі бір кездері судан пайда болған дейді, бірақ бұндай болжамдарға нақты дәлелдемелер табылған жоқ.Бірақта су расымен бұрында пайда болған.Адам өркениеті үшін су үлкен маңызға ие. Күнделікті өмірде біз суды ауыз суы ретнде пайдалансақ, оны шаруашылықта мысалы құрылыста, химия өнеркісібінде, азық-түлік жасауда, ауылшаруашылығында кенінен қолданылады.Су балықтар үшін тіршілік мекені, олар суда еріген оттегімен тыныс алады, демек су құрамында ауа еріген күйде бола алады. Ауа мен су бір-бірімен тығыз байланысты, бұл екі зат бірігіп, тіршіліктің басты элементін құрайды.Бұл ғылыми жұмыста судың жалпы физикалық жайы мен оның таралуы мен адамзат үшін пайдасы және қолданылуы дәйекті түрде жазылған.Тақырыпқа сай материалдар жинағы көптеген ғалымдардың әдебиеттері мен оқулық құралдары, ғылыми деректемелер мен энциклопедиялар қолданылды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Б.Ш.Әбдіманапов, А.В.Прищепина, Л.М.Фокина, А.У.Абулғазиев

 « Жаратылыстану» 5-сынып, Алматы «Атамұра» баспасы 2005ж.

 2.Аймағамбетова Қ.А, Әлдибекова.Ш.Н «Дүниетану анықтамалығы»

(1-4 сынып) Астана «Арман ПВ» баспасы 2009ж.

3. «Оқушының анықтамалағы» Қазақ тілі,Орыс тілі,Математика, Дүниетану

Қазақ тілі- Ж.Қ. Балтабаева, Ф.С. Лекрова, М.Қ. Солтанғазина.

Орыс тілі- Т.В.Вахрушева, Е.В. Попова.

Математика- О.Б.Глушкова, В.А.Черепенко.

Дүниетану- А.И.Болдырева, С.В.Черкизова.

Қазақстанның табиғат зоналары-С.Ә. Әбілмәжінова. « Алматыкітап» баспасы


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Tours you will never forget
АҒЫЛШЫН-АМЕРИКАН СӨЗ МӘНЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
“To be’’ етістігінің қолданылуы.
Жасуша құрылысы және атқаратын қызметтері тарауына қорытынды
Семей көшелері
XIX ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Health
Table manners Ашық сабақтар
Table manners (Застольный этикет)
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 9218 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык