Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 3715 |
|
|
|
ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ ТӘСІЛДЕРІ
ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ ТӘСІЛДЕРІ
Еліміздің болашағы мұғалімнің білімі мен біліктілігіне,рухани әлеуетіне,құқықтық
және саяси мәдениетіне байланысты. Білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыру, жаңа буын оқулықтарын оқыту үрдісіне енгізу тәрізді келелі мәселелер ұстаздарға шеберлік пен іскерлікті,кәсіби дайындығының сапасын өсіру және дамыту міндеттерін қойып отыр.
« ҚазақстанРеспубликасының жаңа формация педагогінің үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасында» жаңа қоғам мұғалімін:
-рухани адамгершілігі жоғары
-азаматтық жауапкершілігі мол
-белсенді,жасампаз
-рефлексияға қаблеті басым
-экологиялық білімді
-шығармашыл тұлға
-өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі көрсетуге ұмтылысы,тұлғалық коммуникативтік,
- ақпараттық және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары маман- деп сипаттайды.Құзырлылық жаңа ақпаратты меңгеріп,үнемі білімді толықтыруды ұсынады. Сондықтан жаңа қоғамға жаңа сапалы маман керек.Мұндай адамды қалыптастыру-қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет.Әрбір жеке тұлғаның, бүкіл халықтың,бүкіл қоғамның тағдыры оқытушы еңбегінің нәтижесіне тікелей байланысты.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар,ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға,дамытуға жеке кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту,даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту,оқытудың жаңа технологияларын,ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану,білім беруді ақпараттандыру» деп нақтылап,білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде жеке адамның білімділігін арттыру,жеке тұлғаның құзырлылығын қалыптастыру,білім берудің дамытушы сипатын жетілдіру секілді маңызды мәселелерін айқындап, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.
Осы тұрғыдан алып қарағанда,білім беру жүйесінде нәтижеге бағытталған іс-әрекетті құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру мәселесі негізгі міндет болып табылады. Құзырлылық- оқушының іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі.
Құзырлылық ұғымы білім,біліктілік,дағдының оқу нәтижесінде көрінуімен қатар тұлғаның шығармашылық іс--әрекеттері мен құндылық бағдарының да қалыптасқан жүйесін көрсетеді. Оқушы құзырлылығы алдымен мектептегі оқу-тәрбие үрдісі кезінде құзыреттілік тұрғыдан берілетін білім арқылы қалыптасады.
Сабақты қалай жоспарлаймыз?
Оқушыны қалай қызықтырамыз?
Сапаны қалай көтереміз?
Міне ,сондықтан оқытудың тиімділігін,нәтижелілігін,құндылығын арттыру мақсатында жаңа білім беру мазмұнына сәйкес инновациялық технологияларды пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері ғылыми тұрғыдан зерттелуде.
Мұғалім үнемі ізденіс үстінде болады деп ойлаймын.Ол өзінің сабағын оқушы санасына ұялап қалатындай етіп,қызықтырып, тартымды өткізуді, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануды, ақпараттық құралдарды пайдалануды,үнемі бір сарынды сабақ өткізбей түрлендіру үшін ,үнемі өз білімін толықтырып,жетілдіріп отырары сөзсіз. Өтілетін сабақтың құрылымы оқушылардың жас ерекшелігіне сай жоспарланғаны дұрыс. Әйтпесе оқушы жалығып,сабаққа деген қызығушылығы жоғалады.
Сондықтан тәжірибелер жинақтала келе жаңадан жаңа туындайтын сияқты.Америкалық ұстаз Линданың «Оқытудың бұрынғы әдіс-тәсілдері- бүгінгі әдістеріміздің ата-анасы»дегеніндей, жаңа технологияларды меңгеру- бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Шәкірт тәрбиелеудің жауапкершілігінің қаншалықты күрделі екендігін білім саласының мамандары біліп, оқытудың тиімді жағын қарастырамыз.түрлі зерттеулер нәтижесінде мемлекеттік тілді оқытудың технологиялары пайда болып,күнделікті өмірге еніп жатыр,өйткені тиімді технологияларсыз білімді нәтижелі беру мүмкін емес.
Көбінесе қазақ тілі сабақтарында оқушылардың білім-біліктілік,танымдық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолданудың маңызы зор.Сабақ үрдісінде оқушыларға ойынның мақсаты мен талаптары,ережесі толық түсінікті болуы өте маңызды рөл атқарады. Ойын әрекеті арқылы олардың пәнге деген қызығуын арттырамыз,өз ойын,пікірін, көзқарасын білдіруге,екінші бір адамның жауабын тыңдап,оны толықтыруға,жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады.
Ойын – бала әрекетінің бір түрі,адамзат мәдениетінің қазынасы.ұлы педагогтер,ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған. Бала ойын арқылы өмірге енеді,табиғатпен,қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі,таным –түсінігін арттырады,еңбек ете білу дағдысы қалыптасады.
Оқытушы ойынның жүру барысында оқушылардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар оларды ойын үстінде дұрыс шешім қабылдай білуге жетелеуі маңызды болып табылады. Жеке тұлғаны қалыптастыру үстінде оқушы қабілетін зерттеудің тиімділігін де пайдаланған абзал. Нысаналы мақсатымыз –ақыл-ойын,сезімін,білімін,құзыреттілігін еркін үйлесімділікте ұстай білетін,өнегелі мінез қалыптастырып,адамгершілік қағидаларды меңгерген тұлға тәрбиелеу.бұл ретте білім мен тәрбиені ұштастыра отырып,оқушылардың бойында өзіне сын тұрғысында қарау түсінігін қалыптастыруға күш салуымыз керек. Ол үшін әңгіме,пікірталас және басқа да әдіс-тәсілдерді,сондай-ақ рөлдік,іскерлік ойындарды енгізіп отырған жөн.
Енді қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында қолдануға тиімді деген ойын элементтеріне тоқталсақ:
Пәнге,тілге деген құрмет сезімдерін,біліктілік дағдыларын дамыту бағытында «Ойна,ойла», «СТО» технологиясы элементтерін, «Брейн-ринг», «КВН», «Кім әділ бағалайды?» т.б.ойындарды жүйелеп пайдалануға болады. Соның бірі:
«Даналық ағашы» ойынын өткізудегі мақсат- оқушылардың қазақ халқының ұлы адамдарының,ғұламаларының,данышпандарының нақыл сөздерін оқып-үйреніп, мазмұны мен мағына бірлігін таныта білу,даналық сөздерден дән іздете білу. Сөз қадірін,тіл құдіретін ұғындыру. Ойынның шарты бойынша оқушылар «даналық ағашы» деп аталатын бәйтеректің бұтақтарына жапсырылған конверттегі жазылған нақыл сөздердің авторлары кімдер екенін тауып,алып бәйтеректің бұтағын жаю. Немесе «Жүз жыл жырлаған жүрек» тақырыбында Ж.Жабаевтың шығармашылығын таныту барысында «Алып бәйтеректі» бейнелеп, Жамбылдың өзі айтқанындай. «тамырым-халқым,бұтақтарым- балаларым, ұлдарым қыздарым,жырларым» дегеніндей,бәйтерекке ақынның жырларының тақырыбын іле отырып,мазмұнын аштыруға болады.
Әрбір оқытушы жаңалық жаршысы болуы шарт.Өзгені де,алдындағы оқушыны да шығармашылыққа,бәсекелестікке қабілетті,өз ойының дұрыстығын дәлелдеп жеткізе білуге жетелейтін де-ұстаз.өзінің жұмысына жанқиярлықпен қараған педагогтің шәкірті де оң мен солына,ұстазына қарайды.Ұлы жазушы М.Әуезовтің «қай істің болсын өңдеуінде үш түрлі шарт бар.Ең әуелі ниет керек,одан соң күш керек,одан соң тәртіп» дегені соған айғақ іспеттес.
«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай мұғалімнің ізденісі жан-жақтылығы,құзіреттілігі арқылы айқындалады.
Құзіреттіліктің мазмұны –интегралдық сипаттама ретінде мына функцияларын жүзеге асыра білуімен анықталады,олар:болжау,ұйымдастыру,бақылау,реттеу,үйлестіру,белсенділігін арттыру,зерттеу.
Өз білімімді жетілдіру мақсатында сатылай кешенді талдаулар мен Джордж Соростың ашық қоғам институтының «Сорос Қазақстан» қоры арқылы келген Қазақстан Оқу Ассоцифциясы ұйымдастырған «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасын бірнеше жылдан бері өз тәжірибемде қолданудамын.
Сыни тұрғыдан ойлау стратегияларының оқушыларды еркін сөйлеуге,сөз ұшқырлығын ұштауға,өз ойын қысылмай жеткізе білуге мол әсері бар.Сабақ құрылымы үш кезең бойынша жүзеге асырылады:
1.Қызығушылығын ояту
2.Мағынаны ашу
3.Толғаныс.Осы үш кезең арқылы оқушыларды ойлауға жетелеп,қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандыруға болады.
Сабақ құрылымының жоспары
1.Қызығушылығын 2.Мағынаны ашу 3.Толғаныс
ояту стратегиясы стратегиялары стратегиясы
/ / /
Ой қозғау ДЖИГСО Автор орындығы
/ / /
Топқа бөлу Венн диаграммасы РАФТ
/ / /
Топтастыру т.б. Бес жолдық өлең т.б. Эссе т.б.
Ал грамматикалық материалдарды және лексикалық тақырыптарды оқытуда стратегия түрлерінің қолданылуы арқылы тілді дамытуға,сөздік қорды молайтуға,бір-бірімен қарым-қатынас жасауға,ойлау қабілетін дамыту,ойын еркін шешен жеткізе білуге үйретеді.
Еркін ойлауға мүмкіндік беріледі
Ақыл-ойы дамиды
Шығармашылық
белсенділігі артады
Сабақтарымда көзімнің жеткені Топтық іс-әрекетке тәрбиелейді
Тіл байлығы жетіледі
Білімі жан-жақты жетіледі
өз ойын жеткізеді
өзіндік көзқарасы,пікірі қалыптасады
Қазіргі өркениетті даму кезеңінде оқушылардың білім сапасын анықтаудың жаңа әдістерін қарастыру қажеттіліктері пайда болып отыр. Бұл мәселеде тест арқылы тексерудің орны ерекше.
Тестілеу-білімді нақты,әділ бағалаудың ең тиімді жолы.Тест оқушының ойлау және есте сақтау қабілетін дамытуға ықпал етеді. Негізгі мәселе: оқу материалын дұрыс пайдаланып,тест құрастыру.Тест құрастыруда пәндік педагогикалық тәртіп ескеріледі:
-оқу пәнінің мазмұны
-білім сапасын анықтауда тапсырманың жалпы көлемі
-сол көлемнен тест сұрақтарын таңдау
-оқушының жауаптары
-оқу материалы туралы білімін белгілеу.
Ендігі айта кетер жай,оқушылардың үлгерімін жақсарту бағытындағы жұмыстар:
*Отбасында бала тәрбиесінегі жағдайдың жақсы жолға өзгеруі
* Ата-ананың психологиялық-педагогикалық сауаттылығын жоғарылату
*Оқу-тәрбие үрдісіне ата-аналарды белсенді түрде араластыру.
*Баланың дұрыс күн тәртібін ұйымдастыруын бақылау
* Балаға қажетті психологиялық көмек көрсету
*Баланың жағымсыз қасиеттерін жеке айтып,кеңес беру.
* Балаға сабақ айтқанда сенікі дұрыс емес деп,бетін қатты қайтармау т.б.
Сабақта оқушылардың үлгерімін жақсарту бағытында жеке,жұппен,топтық жұмыстар,сабақты жиі-жиі сұрау,балалардың еркін өз пікірін айтуға,дәлелдеуге мүмкіндік беру,тыйым салмай,ерікті түрде талапты орындатуға үйрету керек.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың сапасын арттыруда жаңа технологияларды оқып үйреніп, оны іс-тәжірибеде қолдану керек: олар:
1) оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы
2) тілдік материалды сатылай кешенді талдау
3) сабақта ойын элементтерін қолдану т.б.
Және қазақ тілі мен әдебиеті сабағын оқытудың сапасын көтеруде ақпараттық технологияның берері көп. Пәнге арнап шығарылған электронды оқулықтар,интерактивті тақтамен жұмыс түрлерін пайдалануға болады.
Мұғалімнің міндеті:
-Барлық мүмкіндікті пайдаланып оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану
- жаңа технологияны қазіргі заманға бейімдеу
- халықтық дәстүрге,адамгершілікке баулу
-әр оқушының біздің ертеңіміз,болашағымыз екенін терең ескеру
- білім деңгейінің мемлекеттік және халықаралық стандартқа жетуіне күш салу т.б.
Кез келген оқытушының түпкі мақсаты –тиянақты,терең білім беру. Олай болса, оқытудың ой елегінен өткен әдіс-тәсілдерін,жаңашыл педагогтардің шешімін тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз,оны өз мүмкіндігіне үйлестіріп, күнделікті сабаққа пайдалану қажет.сонда ғана сабақ нәтижелі болмақ.Әр оқытушының оқытудағы өз тұғырнамасы болуы қажает. Олар:
-әр оқушының білім деңгейін,қабілетін,мүмкіншілігін түсіну.
- оқушының бойындағы жетістіктері мен кемшіліктерін қабылдау.
-оқушыға қиындықтарды жеңуге,кемшіліктерден арылуға көмектесу.
Бүгінгі таңда оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгерген, оны әрі қарай жетілдіре беру үшін шығармашылық қабілетін шыңдай түсетін мұғалім моделі мынадай болмақ:
Мұғалімнің моделі:
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
«Қазақстан мектебі» журналы №5,2008 ж,
«Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте» әдістемелік журнал №3,2011 ж
Н.Көшекбаев. «Оқыту теориясы
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |