Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бастауыш класс оқушыларында білім негізін қалыптастыру, теория мен практиканы ұштастыра отырып, пәндерге деген қызығушылығын ояту, сөздік қо


Бастауыш класс оқушыларында білім негізін қалыптастыру, теория мен практиканы ұштастыра отырып, пәндерге деген қызығушылығын ояту, сөздік қо

Сабақтың тақырыбы: Бастауыш класс оқушыларында білім негізін қалыптастыру, теория мен практиканы ұштастыра отырып, пәндерге деген қызығушылығын ояту, сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауға баулу

Тәрбиелік: жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, презентация.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды топқа бөлу: «Достар» мен «Жас қыран» топтары
Жүргізуші:
Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім.
Оқып білім, ғылымды,
  Өнер табам деп келдім.
Үйренген соң білімді,
Сайысамыз деп келдік, - дей отырып, бүгінгі «Тапқыр достар» сайысына қош келдіңіздер!
Сайыстың кезеңдері:
1. Таныстыру
2. «Кім білімді?» (сұрақтарға жауап беру)
3. «Сен білесің бе?»
4. «Сөз тапқанға»
5. «Кім жылдам?»
6. «Кім жылдам, әрі тапқыр?»
1. Әр топ өзін таныстырады.
2. «Кім білімді?»
    1 – топқа:
1. Қыс айларын ата? 
2. Сөз таптарын ата
3. Зат есім дегеніміз не?
4. Көкжиектің неше түсі бар?
5. Шаршы дегеніміз не?
2 – топқа
1. Көктем айларын ата.
2. Сөйлем мүшелерін ата.
3. Сын есім дегеніміз не?
4. А.Құнанбаев кім?
5. Тік төртбұрыштың қасиеті.
3. «Сен білесің бе?»
     Әр  топ 3 ұяшықтан таңдайды.
1. Салмақ өлшеуіштерін ата (5 саны)
2. «Сабалақ деген кім?» (10 саны)
3. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы кім? (10 саны)
4. М.Мақатаев өлеңіндегі үшінші бақыт не? (15 саны)
5. Тосын сый (5 саны)
6. Ұзындықтың өлшем бірлігі. (5 саны)
7. Тұңғыш ғарышкер адам. (5 саны)
8. Қазақтың мерген қызы кім? (15 саны)
 
5 10 5
15 Сен білесің бе? 15
5 10 5
4. «Сөз тапқанға»
Әр командаға үш-үштен сурет көрсету, сол бойынша мақал құрастыру.
а) түйе, шеше,  арба
ә) кітап, дала, тауық
5. «Кім жылдам?»
    Әріптер таратылады. Сол әріптерге байланысты сұрақтарға жауап беру.
1 – топқа: Қ, Р, Ө, Ә
1. Ертегі оқисың ба?
2. Сөмкеңда не бар?
3. Бөлме қандай?
4. Досың кім?
5. Апаңа еркелейсің бе?
6. Сабағың жақсы ма?
7. Аспанда не бар?
2 – топқа: М, Ш, О, Ү
1. Жасың нешеде?
2. Алма берсе жейсің бе?
3. Нені жақсы көресің?
4. Түнде түс көрдің бе?
5. Кімге сәлем жолдайсың?
6. Күн түнде бола ма?
7. Әріп пен дыбыс бір ме?
6. «Кім тапқыр?»
Сөздер алып, заттың атына байланысты қимылдар көрсету немесе синониммен түсіндіру.
    1 – топқа: сағат, түн, балмұздақ, сәби, айтыс, бәтеңке, қасық, музыка, тіл, жол
    2 – топқа: телефон, газет, көзілдірік, тырнақ, тұз, қолшатыр, пирамида, сүлгі, аққу, су.
Қорытынды: 
Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықты білім щыңдарына.
«Тапқыр достар» сайысы аяқталды,
Сөз кезегі әділқазы алқасына.
Әділқазылар ұпай сандарын, тілектерін айтып қорытады.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тіл сайысы
Тіл сайысы
«Тапқыр достар» сайысы
Тілден терең теңіз жоқ
Интеллектуалды ойын«Алтын қақпа»
Тапқыр достар
Тапқыр достар
Білімнің бастауы –бастауыш
Бастауыш класс оқушыларында білім негізін қалыптастыру, теория мен практиканы ұштастыра отырып, пәндерге деген қызығушылығын ояту, сөздік қо
Ойлы бала озар
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 1470 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык