Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тапқыр достар


Тапқыр достар

Тақырыбы: Тапқыр достар

Мақсаты: Жас ұрпақты ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы  
                    қалыптастырған ана тілінің өресін әлемнің бай тілдер қатарына  
                    көтеру. Қазақ тілі туралы ұғым беру.
                   Ана тілде таза сөйлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу
                   Тез ойлап, ұтымды жауап қайыра білуге, жүйелі, еркін сөйлеу    
                   дағдыларын дамыту.
Түрі: Дәстүрлі
Әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Слайдтар
Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды орналастыру, зейіндерін шоғырландыру.
Кіріспе бөлім:
Мұғалім сөзі:
  Тіл- әрбір ұлттың заңы сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы- сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез- келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл. Ендеше ана тіліміз қазақ тілінің мерейін көтеру болашақ ұрпақ сіздердің еншілеріңізде. Осы орайда  «Тапқыр достар» теле ойыны арқылы «Ана тілім-ардағым» тақырыбында тәрбие сағаты өтпекші белсенділік танытайық.
 
Негізгі бөлім
 І айналым: «Таныстыру»
 І топ
 Толағайдың тасындай,
Үш ұланнан тұрамыз.
Сөзге жүйрік баламыз,
«Тұлпар» тобы осындай.
ІІ топ
 Сәлем бердік баршаға,
Оқушылар сіздерге.
«Жүйрік» атты тобымыз,
Таныстырдық бәріңе. 
 
ІІ айналым: «Сен білесің бе?»
1. (20)Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1989 жылы 22 қыркүйек)
2. (10)Бал тамған тілден ... тамар. (у)
3. (10)Қазақ тілі қай топқа жатады? (Түркі тілдес тобы)
4. (20)Ал екінші бақытым тілім менің,                                                                      Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Өлеңнің авторы кім? (М. Мақатаев)
5. (10)Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар? (15)
6. (20)«Ит өлген жерде» тұрақты сөз тіркесінің мағынасын түсіндір. (алыс)
IІІ айналым: «Кім жылдам?»
Шарты: Берілген сөздерді жұмбақтап, ыммен түсіндіру, баламасымен түсіндіру.
 
 ІҮайналым: «Кім білгір?»
Шарты: Берілген сөзден бірнеше сөз құрау.
ҚАСҚАЛДАҚ
 
Үайналым:
«Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Шарты: Сұраққа тек қана берілген әріптермен басталатын сөздермен жауап беру.
1. Тіл деген не?
2. Тілде сүйек бар ма?
3. Тілді қадірлейсің бе?
4. Ана тілі анаңның сүтіндей ме?
5. Тіл мерекесіне қандай сыйлық алғың келеді?
6. Орысша сөйлеуге қызығасың ба?
7. Меркеге қандай киім киесіз?
8. Асықты неден алады?
9. Мақал сөздің несі?
10. Алатауда не бар?
11. Тіл көтермегенді, Піл көтере ме?
12. Тілі ұзын адам қандай адам?
13. Таңертең не жедің?
14. Құста не болмайды?
15. Тіл үшін не істейсің?
ІІ топқа берілетін сұрақтар:
1. Тіл мерекесі қашан?
2. Шала қазақ деген кім?
3. Ең ащы да, ең қатты да тіл ме?
4. Қазақ тілі әлемдегі бай тіл ме?
5. Тілін жоғалтқан ұлт не істейді?
6. Тіл үшін мың өліп, мың тірілесің бе?
7. Асан қайғы, Жиренше қай тілде сөйлеген?
8. Кітап оқығанды ұнатасың ба?
9. Тілді жоғалтпау үшін не істеу керек?
10. Мектепке немен келесің?
11. Өнер алды қызыл тіл ме?
12. Түлкі неге қу аң?
13. Көршіңмен татусың ба?
14. Түнде аспанда не болады?
15. Тіл туралы заң қашан қабылданды?
VІ айналым: «Қолқа салу»
Шарты: Жеңген топ жеңілген топқа қолқа салады.
Қорытынды
 Марапаттау
 
І топ
 Толағайдың тасындай,
Үш ұланнан тұрамыз.
Сөзге жүйрік баламыз,
«Тұлпар» тобы осындай.
 
ІІ топ
 Сәлем бердік баршаға,
Оқушылар сіздерге.
«Жүйрік» атты тобымыз,
Таныстырдық бәріңе.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жұлдызды сәт
Тілді сүйсең менше сүй
Тіл сайысы
Тілден терең теңіз жоқ
Тіл мерейі - ел мерейі
Тіл- тарихи құбылыс
Ана тілім – асыл қазынам!
Тілім менің – асыл қазынам
Жұлдызды сәт
Қызықты қазақ тілі әлемі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2333 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык