Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мамандық таңдаудың қыр – сырларын меңгерту; мамандықты дұрыс таңдай білуге баулу


Мамандық таңдаудың қыр – сырларын меңгерту; мамандықты дұрыс таңдай білуге баулу

Сабақтың мақсаты: Мамандық таңдаудың қыр – сырларын меңгерту; мамандықты дұрыс таңдай білуге баулу

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақ.
Адам өз өмірінің негізгі бөлігін кәсіптік қызметпен айналысуға жұмсайды. Адамның тағдыры оның қандай мамандықты таңдағанына тікелей байланысты. Мамандық таңдау – қиын міндет.
-          Балалар, мамандық таңдау – сендердің жастарыңда ең маңызды шешімнің бірі болып табылады. Сендердің алдарыңда мыңдаған мамандықтардың ішінен өздеріңе лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ. Таңдаған мамандық адамға ұнауы керек және адамның сол мамандыққа икемі, бейімі болуы керек.
«Бір жылдығыңды ойласаң – егін ек, он жылдығыңды ойласаң – ағаш ек, жүз жылдығыңды ойласаң – мәдениетті, білімді ұрпақ өсір» - дегендей, біз мамандықты сапалы таңдауымыз керек. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Неліктен мамандық таңдауға жауапкершілікпен қарау керек? Мамандық таңдауда қалай қателеспеуге болады?
Біріншіден, таңдаған мамандық адамға ұнауы қажет. Екіншіден, адам сол мамандыққа технологиялық жағынан сәйкес келуі және жұмысты алып жүре алатын қабілеті болуы керек. Сонымен бірге таңдаған мамандығы еңбек рыногында сұранысқа ие болуы қажет.
Психолог Е.Климов кәсіби ортаны 5 типке бөледі:
Мамандық типтері: Адам – өнер. Адам- табиғат. Адам –адам. Адам – техника.
Адам –белгі –жүйе. Мамандық жіктеулерін сызба түрінде көрсетуге болады.

Мамандық таңдаудағы ең күшті әсер етуші – оның қызығушылығы мен бейімділігі.
Мамандықты өмірлік етіп бір рет таңдайды деген пікір бар, бірақ бұл дұрыс емес. Өйткені адамдар өмір бойы таңдау жасайды. Адамның өзі, өмірге деген көзқарасы, қабілеті жылдардың өтуімен өзгеріп отырады.
ІІІ. Бекіту
Психологиялық сәт: Психогеометрия
ІV. Қорытынды. Қорыта келе айтсақ, кәсіби маңызды қасиеттерге не жатады? (Ол- белсенділік, шапшаң ойлау, салыстыру, талдау, ұйымдастырушылық, дәлелдеу, байқампаздық, қарым- қатынас жасау, шығармашылық.)
V. Бағалау. Оқушыларды мәнжазба және сабаққа қатысымы бойынша бағалау.
VI. Үйге тапсырма. §1,2 оқу


9-сынып №13сабақ
Сабақтың тақырыбы: Сенің шығармашылық әулетің қандай. Тестік сұраққа жауап
IV.                                                       Тест
                                 Сенің шығармашылық әлеуетің қандай?
1.Сені қоршаған дүние жақсаруы мүмкін деп есептейсің бе?
А)иә;
Ә)жоқ,ол онсыз да жеткілікті дәрежеде жақсы;
Б)иә,бірақ та кейбір нәрселер бойынша ғана;
2.Сен өзің қоршаған дүниедегі елеулі өзгерістерге қатыса аламын деп ойлайсың ба?
А)иә,көпшілік жағдайларда;
Ә)жоқ;
Б)иә,кейбір жағдайларда ғана;
3.Сенің кейбір идеяларың өзің жұмыс істейтін қызмет саласында істейтін елеулі алға жылжушылық әкелер еді деп есептейсің бе?
А)иә;
Ә)иә,қолайлы жағдайлар болған кезде;
Б)кейбір дәрежеде ғана;
4.Болашақта өте маңызды рөл атқаратын боламын,қандай да бір нәрсені түпкілікті өзгерте аламын деп есептейсің бе?
А)иә,ешбір шүбәсіз;
Ә)бұның болу мүмкіндігі аз;
Б) мүмкін;
5.Сен қандай да бір іс-әрекет жасап көруге шешім қабылдағанда ,өз бастамаңды іске асырамын деп ойлайсың ба?
А)иә;
Ә)шамаң келмейтіні жөнінде жиі ойлайсың;
Б)иә,жиі;
6.Өзің мүлдем білмейтін іспен айналысуға ниеттенуді өз басыңнан өткіздің бе?
А)иә,белгісіздік сені тартады;
Ә)белгісіздік сені қызықтырмайды;
Б)барлығы бұл істің сипатына байланысты болады;
7.Саған таныс емес іспен айналысуға тура келеді.Ол істе кемелденуге  қол жеткізуге ниеттенуді өз басыңнан өткіздің бе?
А)иә;
Ә)қол жеткізіп үлгерген нәрсеге қанағаттанғандық білдірсең;
Б)иә,бірақ та егер бұл саған ұнаса ғана;
8.Егер сен білетін іс өзіңе ұнайтын болса,ол жөнінде бәрін білгің келе ме?
А)иә;
Ә)жоқ,сенің ең негізгіні ғана оқып-үйоенгің келеді;
Б)жоқ,сен тек өзіңнің қызығушылығыңды ғана қанағаттандырғың келеді;
9.Сен сәтсіздікке душар болғанда:
А)салауатты ойға қарамастан белгілі бір уақытқа дейін табанды қарсыласасың;
Ә)бұл әурешілікке қолды бірақ сілтейсің,өйткені оның шындыққа жанаспайтынын түсінесің;
Б)кедергілерді бағындыру мүмкін еместігі айқын болған кездің өзінде де өз ісіңді атқаруды жалғастыра білесің;
10.Сенің ойыңша,кәсіпті мыналарға сүйене отыра тыңдау керек:
А)өзіңнің мүмкіндігіңе,болашақта жететін жетістіктерге; 
Ә)кәсіптің тұрақтылығына,мәнділігіне,қажеттілігіне ,оған деген сұранысқа;
Б)ол қамтамасыз ететін артықшылықтарға;
11.Саяхатта болған кезде сен жүріп өткен бағыт бойынша бағдарлауды оңай жасай алар ма едің?
А)иә;
Ә)жоқ,жолдан адасып кетуден қорқасың;
Б)иә,бірақ та саған ұнаған және есіңде қалған жерлерде ғана;
12.Сен қандай да бір әңгімеден кейін бірден не жөнінде айтылғандардың бәрін еске түсіре аласың ба?
А)иә,еш қиындықсыз;
Ә)барлығын еске түсіре алмайсың;
Б)өзіңді қызықтырған нәрсені ғана еске түсіресің;
13.Сен өзіңе таныс емес тілдегі сөзді естіген кезде,оның мәнін білместен,сөзді буындар бойынша,қатесіз қайталай аласың ба?
А)иә,ешбір қиналмастан;
Ә)иә,егер де бұл сөзді еске сақтау оңай болса;
Б)қайталайсың,бірақ та толықтай дұрыс емес;
14.Сен бос уақыттарыңда мынаны артық көресің:
А)жеке,өзіңмен-өзің қалып ойлануды;
Ә)топтың ішінде болуды;
Б)топта болу немесе жалғыз,өзіңмен-өзің жеке қалу сен үшін бәрібір;
15.Сен қандай да бір іспен айналысасың.Бұл істі қандай кезде тоқтатуға шешім қабылдайсың?
А)іс аяқталып және ол саған өте жақсы орындалған тәрізді болып көрінген кезде;
Ә)сен аз-маз ғана ризасың;
Б)саған бәрін істеудің сәті әлі де түсе қойған жоқ;
16.Сен өзіңмен-өзің,жеке қалған кезде:
А)тіпті абстрактілі болуы да мүмкін нәрселер туралы армандауды ұнатасың;
Ә)қалай болғанда да өзіңе нақты іс тауып алуға тырысасың;
Б)кейде армандауды,бірақ сенің жұмысыңа байланысты нәрселер туралы армандауды ұнатасың?
17.Егер қандай да бір идея сені жаулап алса,онда ол жайлы ойлай бастайсың:
А)қайда,кіммен бірге болғаныңа қарамастан;
Ә)сен мұны өзіңмен-өзің қалған кезде ғана орындай аласың;
Б)өте шулы болмайтын жерде ғана;
18.Сен қандай да бір идеяны табанды түрде қорғаған кезде:
А)егер пікір айтушылардың сенімді дәйектерін таңдасаң,онда одан бас тарта аласың;
Ә)қандай дәйектерді болмасын шыңдағаныңа қарамастан,өз пікіріңде қаласың;
Б)егер қарсыласу өте күшті болып шықса,өз пікіріңді өзгертесің;
«А»жауабы үшін-3ұпай;
«Ә»жауабы үшін-1ұпай;
«Б»жауабы үшін-2 ұпай;
Жинаған ұпайлардың жалпы қосындысы сендердің шығармашылық әлеуеттеріңнің деңгейін көрсетеді


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандықты дұрыс таңдау-табысты өмірдің кілті
Тіл дамыту, Кім болғым келеді?
Менің бейімділігім.
Қазіргі заманғы мамандықтар
Мамандық таңдау. Жұмысшы мамандықтарымен танысу. Мамандық түрлері
Құрылыспен байланысты мамандықтар
Мамандық түрлері және мамандық таңдау
Мен таңдаған мамандық ашық сабақ
Мамандық таңдауда, өзіңді – өзің танысаң – істің басы…
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 6716 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык