Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 6064 |
|
|
|
Қазіргі заманғы мамандықтар
Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазіргі заманғы мамандықтар
Мақсаты: Оқушыларды заман талабына сай мамандық таңдай білуге, қоғамдағы әртүрлі проблемаларды жеңе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақтадағы бейнекөріністер ,нақыл сөздер
Тәрбие сағатының барысы:
1. Ұйымдастыру. Тәрбие сағатының мақсаты мен міндетін айқындау. Сыныпты топқа бөлу.
Жүргізуші:
Адамда бір ғана мамандық болуы тиіс, ол нағыз мәнді адам деген атқа ие болу екенін сен кейіннен... түсінетін болсаң,онда мамандық жайында ерекше толғанып жатпайсың. Сенің мүмкін инженер болуың да,кейіннен заң қызметкері, не жазушы,не мұғалім, тіпті музыкант болуың да ықтимал,бірақ қайда да,қайсы мамандықты таңдасаң да,саған ол қызықты болады және бағалы бір нәрсе бере аласың.Ең негізгісі-қандай маман болсаңда адал, еңбекке қабілетті, зейінді,ойлы болуың қажет.Тек сонда ғана қандай мамандық болса да, зор және маңызды боласың. Білім-көптеген қиындықтар мен тосқауылдардан аиан-есен өткізетін сенімді құрал және осы құралдың арқасында ешкімге тәуелді емессің. Қазіргі жастардан болашақта кім боласың ,қандай мамандықты таңдайсың деп сұрасаң,олар бірден заңгер,банкир,коммерсант, бизнесмен,маркетинг,менеджер болам деп ойланбай жауап береді.Қазіргі заман талабына сай мамандықтар бойынша сөйлеуге сіздерге тапсырма берілген еді.Сөз кезегі топтарға беріледі.
1-топ «Заңгер», «Банкир»
2-топ «Коммерсант», «Бизнесмен»
3-топ «Маркетинг», «Агент»
4-топ «Менеджер», «Нотариус
1).
1-топ
Заң- ереже мен стандарттың, жинақталған принциптің даулы мәселелерін шешудің нақтылы жолы,құралы.Ол адамзаттың қол жеткен жетістігі.Заңды білу,сыйлау, оны бұзбау әр азаматтың міндеті.
Банкир-банк иесі немесе банктің ірі акционері.Банк- қарыз беруші мен қарыз алушының арасында делдалдық жасайтын,сөйтіп ақша капиталымен сауда жүргізетін мекеме.Банктің бірнеше түрі бар,олар мемлекеттік,акционерлік,коммерциялық,жекеменшік банктер.
2-топ
Коммерция- сауда және түрлі сауда-саттық істері. Коммерциялық құпия- кәсіпорындарда өндірістік сауда және финанс істерін жүргізуді құпиялау,бүркемелеу. Мұндағы мақсат-үстеме түсіруге бағытталған.Өндірістік,финанстық саясатты және түскен пайданың мөлшерін бәсекелестерінен жасыру.
Бизнес-(іс,өндіріс)-бұл бір-бірімен өзара бәсекеге түсетін,өз мүддесін ойлауға ұмтылатын, өндіретін заттары мен жасайтын қызметін адамдарға ұсынатын ұйым.
Бизнесмен- дара адамдар. Бизнесмен болуы үшін адамның өзіне ғана тән қасиеттері болуы керек.Оны дараланатын қасиет-арнайы қабілетті белсенді болуға бейімділігі.Ол сонымен қатар суреткер,қиялы жақсы дамыған адам болуы,керемет модельді көз алдына жақсы келтіруі керек. Ол ешқашан бір нәрсенің шегі дегенді білмейді,онда ешқашанда «осы жетеді,осымен тоқтау қажет» деген ой жоқ.Сондықтан да бизнесмен өмір бойы ізденіс үстіндегі адам.
3-топ
Агент-Жеке адамның,мекеменің немесе кәсіпорынның қызмет жүзіндегі тапсырмасын орындауға куәләк алған адам.Көптеген мектеп оқушылары каникул кездерінде агент болып жұмыс жасайды. Мысалы: жарнамен айналысатын фирмаға агент болып кіреді
Маркетинг- тұтынушылықты немесе қажеттілікті табу және қанағаттандыру.Маркетингпен бизнес қана айналыспайды.,фирмаға агент болып кіреді.
4-топ
Менеджер- ойыншы. Менеджердің көбісі-жоғары білімді маман.Басқаларды жұмыс істеу тәсіліне үйретсе де, оларды әдетте «ойыншы менеджер» деп атайды. Менеджердің негізгі міндеті- жоспарлау,ұйымдастыру,басқару,тексеру.
Нотариус-заң жайымен түрлі істерді атқарып отыратын шарттарды,өсиеттерді,сенім хаттарды және т.б куәландыратын. Толтырытын қызметкер.
2). Сұрақ:
1. Мамандық таңдау жөнінде қандай ойларың бар?
2.Бұл мәселе қазіргі нарық экономикасы жағдайында қандай маңыз алмақ?
3) « Менің болашақ кәсібім» шағын эссе.
4) Қорытындыла
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |