Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мекен-жай алаңын әшекейлеп безендіру технологиясы. Гүлзардың түрлері


Мекен-жай алаңын әшекейлеп безендіру технологиясы. Гүлзардың түрлері

Сабақтың тақырыбы: Мекен-жай алаңын  әшекейлеп безендіру технологиясы. Гүлзардың түрлері.

Сабақтың мақсаттары:
Білімділік;
1. Оқушылардың  гулзар түрлері  туралы теориялық білімдерін қалыптастыру;
2. Оқушылардың эксперименттік дағдыларын дамытуды жалғастыру; 
а) Гүлзардың түрлері салуды үйрету;
Дамытушылық; 
1. Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту; бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасау. 
2. Сапалы ойлауды дамыту: дәлелдік, мақсаттық, қабылдау, бағалай білуге бейімділік, сыни ойлау.
Тәрбиелік: 
Гүлзардың түрлері мен пайдалану проблемаларымен таныстыру.
Көрнекіліктер:
Гүлзар – бау-бақша, саябақ, мекеме және тұрғын үй маңын, жол бойын көгалдандыру үшін әсем гүлдер өсірілетін алаң. Гүлзарда бір, екі не көп жылдық және кілем тәрізді өң беретін өсімдіктер өсіріледі. Ол үшін өсімдік түрлерінің биологиялық ерекшеліктері, гүлінің әсемдігі ғана емес, гүлдің түсі, пішіні, жапырақтарының үлкен-кішілігі, сабағының ұзындығы, гүлдеу мерзімі, ұзақтығы, өсімдіктердің бір-бірімен үйлесімділігі ескеріледі. Гүл жарып, солған өсімдік орнына жаңасы отырғызылады. Гүлзарлар түрліше болуы мүмкін: клумбалар, рабаткалар, ландшафтық Гүлзарлар – миксбордерлер, партерлер, Қазақстанда Гүлзар өсіруде, көбінесе геометриялы және көркем сызықты-өрнектеу әдістері қолданылады. Әсіресе, қазақ халқының түс киіз, текемет оюларының нақышын келтіретін ұлттық ою-өрнектер (қошқар мүйіз, жас бұта, гүл, жапырақ, т.б.) қызғалдақ, сарғалдақ, қалампыр, боз кілем, т.б. гүлдердің түрлерімен беріледі.
Біржылдық гүлдердің ішіндегі ең ұзақ, көктемнен алғашқы суыққа дейін гүлдейтін өсімдік. Ою-өрнек, кескіндер, гүлмен көмкерілген сөздер жазуға, гүлзардың жиектеріне, гүлді кілем жасауға көп қолданылады. Жалпы гүлінің молдығына, әдемілігіне және төзімділігіне байланысты қала көгалдандыруында көп қолданыста. Көшеттерді еккенде, арақашықтығы биіктігінің жартысындай болуы керек.Барқытгүлдің кез келген түрі тіке түскен күн көзін ұнатады. Суға өте шыдамды, дегенмен, жақсы гүлдеу үшін аптасына 2-3 дүркін суғарған дұрыс. Егер топырағы өте қатты болса, сабағы қатайып, гүлдеуі нашарлайды. Жаз айында бірнеше дүркін түбін қопсытып тұрған дұрыс. Өсімдікке көңді гүл түйін салғанға дейін қосу керек, ал одан әрі қарай өте көп қолдануға болмайды, себебі көңде азот көп болғандықтан, жапырақтары мол болып өсуіне пайдалы, ал біз жапырағы емес, гүлі үшін өсіретіндіктен, гүлдейтін гүлдерге арналған тыңайтқыштармен қоректендіріп тұрған абзал. Ұзақ, әрі мол гүлдеуі үшін, гүлшоғыры тұқымданып кетпей тұрып, гүл күлтелері қоңырқай тарта бастағанда, жұлып тұрған дұрыс. Тұқымын тамыз айынан бастап жинауға болады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ұлттық ою-өрнектер
Бөлме өсімдіктері
Астық тұқымдастар-бағалы азықтық өсімдіктер
Гүлді өсімдіктер, олардың маңызы және топтарға бөлінуі
Қосжарнақтылар класы. Көкнәр, алабота тұқымдастары
Шырша
Паркет жұмыстарының құрал-жабдықтары
Жаңа паркетті төсеу және ламинациялау технологиясы
Тастан жасалған әсем таушықтар, үлкен тастарды жылжыту, оларды әшекейлеп, безендіру технологиясы, гүлзардың күтімі, оған қажет құрал-саймаңд
Тұрмыстық электр құралдарды жөндеу технологиясы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2958 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык