Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Гүлді өсімдіктер, олардың маңызы және топтарға бөлінуі


Гүлді өсімдіктер, олардың маңызы және топтарға бөлінуі

Сабақтың тақырыбы Гүлді өсімдіктер, олардың маңызы және топтарға бөлінуі

Сабақтың мақсаттары:Гүлді өсімдіктердің көбеюі, таралуы. Гүлінің құрылысы. Басқа өсімдіктерден айырмашылығы  және пайдасы 
туралы түсіндіру
1. Білімділік мақсаты:Жабық тұқымды өсімдіктер туралы білімдерін арттыру. Жабық тұқымды өсімдіктердің тұқымы жемісінің ішінде жетілетіндігін, көбею мүшесі гүл екенін және адам өміріндегі маңызы туралы білім беру. 
2. Дамытушылық мақсаты:Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.
3. Тәрбиелік мақсаты:Қошаған орта мен табиғатты аялауға, өсімдіктер мен
                                      жануарларды қорғауға, салауатты өмір салтын ұстануға 
                                      тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,тақтамен жұмыс, сәйкестендіру кестесі,
Көрнекіліктері: Диапроектор, экран, компютер, плакат.
Пән аралық байланыс: химия, математика
Ұйымдастыру кезеңі 
Сабақ кезеңдері:
І.Үй  тапсырмасы.
(флипчарт-1,2)
ІІ.Жаңа сабақ.
(Презентация -1)
ІІІ.Жаңа сабақты бекіту.
(флипчарт-3,4,5,6,7,)
ІV.Қорытындылау.
Кесте толтыру, тест.
Гүл тек жабық тұқымды өсімдіктерде ғана түзілген. Аталықтармен аналықтар осы гүлде жетіледі. Аналықтың жатынында (Гүл түйіндерінде) тұқым бүршіктері орналасады.Жабық тұқымдылардың гүлдері бірінен-бірі мөлшері, пішіні, түсі және құрылысы бойынша ерекшеленеді. Бір жабық тұқымдылардың гүлдері желмен тозаңдануға, ал екіншілері бунақденелілермн тозаңдануға бейімделген. Қандай жолмен тозаңданғанына қарамастан, тозаң түйірлері аналықтың аузына келіп түседі. Осы жерде олар өніп, тозаң түтіктерін түзеді. Тозаң түтіктері арқылы аталық жыныс жасушалар тұқым бүршігіне өтеді. Осы жерде тозаң түтігіндегі екі аталық жыныс жасушаның бірі жұмыртқа жасушасын ұрықтандырады. Ал екінші аталық жыныс жасушасы тұқым бүршігінің ең үлкен орталық жасушасы мен қосылады. Ұрықтанудың тек гүлді өсімдіктерге тән мұндай түрін қосарланып ұрықтану деп атайды.Сонымен, ұрықтанған жұмыртқа жасушадан ұрық пайда болады. Орталық орталық екінші аталық жыныс жасушасымен қосылып, ұлғайтып - эндосперм түзеді. Онда ұрыққа қажетті қор заттары жиналады. Тұқым бүршігінен – тұқым, ал жатынның қабырғаларынан жемісқап түзіледі.Қазіргі кездегі жабық тұқымдыларға ағаштар, бұталар, шөптекті өсімдіктер жатады. Олар жер бетіндегі барлық құрлықтарда кеңінен таралған.Жабық тұқымдылардың кейбіреулерінің өсімді кезеңі, яғни тіршілік ету ұзақтығы өте қысқа - бірнеше айға ғана созылады. Оған көкнәр тұқымдасының кейбір өкілдері мысал бола алады (сеппе көкнәр, т.б.). Екінші бір түрлері мысалы, емен ағашы жүз жылға дейін өмір сүреді.
Жабық тұқымдылардың өте биік, сондай-ақ өте аласа түрлері де кездеседі. Жабық тұқымдылардың сабақтары тік, кейде шырмалып, өрмелеп, төселіп өседі. Жапырақтарының пішіні мен мөлшері, тамыр жүйесі әрқилы болады. Миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан әр түрлі тұқымдас өкілдерінің де бірінен-бірінің елеулі өзгешеліктері бар. Жөке ағашынан тұратын көлеңкелі орман мен қайың ағашынан тұратын шағын тоғайдың айқын айырмашылығы байқалады. Шалғынды жерде өсетін өсімдіктер құмды шөлдің, батпақты тундраның өсімдіктерінен өзгеше.Гүлді өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы орасан зор. Өсімдіктер - адамға тамақ өнімдерін береді және ауыл шаруашылық жануарларына қажетті жемшөп қоры. Олар шикізат ретінде өндірістің әр түрлі салаларында қолданылады.Гүлді өсімдіктердің халық шаруашылығында және ғылыми медицинада кеңінен қолданылатын түрлері көптеп кездеседі. Олардың ішінде көкөністік, жеміс-жидектік, балды, майлы және техникалық түрлер де бар. Ағаш тәрізді формалары құрылыс материалдары ретінде аса құнды. Әр түрлі үй жиһаздарын жасайды. Бұлардың бірқатары сәнді өсімдіктер. Тынымбақтарды, саябақтарды, көшелерді, тіптен жұмыс орындары көгалдандыруға пайдаланады.Ауыл және халық шаруашылығының әр түрлі салаларының дамуына байланысты, өсімдік өнімдеріне сұраныс артып келеді. Мұның өзі адамның табиғат байлығын зерттеуге белсенді түрде кірісуіне жол ашады. Мәдени өсімдіктердің қазіргі кездегі түрлерінен де түсімділігі жоғары жаңа іріктемелер шығарылуы қажет.Өсімдіктерді табиғи жағдайда зерттеу әр түрлі экспедициялар ұйымдастырумен тікелей байланысты. Кезінде Мәскеу өсімдік шаруашылығы институты ұйымдастырған экспедициялар жабайы өсімдіктердің көптеген пайдалы түрлерін ашуға мүмкіндік берді. Осындай экспедициялардың арқасында ауыл шаруашылық өсімдіктер іріктемелерінің аса бай үлгілері жинақталды. Оны жинақтауда академик Н. И. Вавиловтың еңбегі ерекше еді. Н. И. Вавиловтың тікелей басшылығымен дүние жүзінің көптеген аймақтарында экспедициялар ұйымдастырылды. Бұл экспедицияға қатысқан ғалымдар әлемнің әр түрлі елдерінің жабайы өсімдіктерін зерттеді. Соңғы 15-20 жылдың ішінде осындай экспедициялардың құрамына Қазақстан ғалымдары (Кәрім Мыңбаев) да енді.
Гүлді өсімдіктердің топтарға бөлінуі
Гүлді өсімдіктердің алуан түрлілігі таң қаларлықтай. Осы көп түрлілікті бір жүйеге келтіру мақсатында ботаниктер өсімдіктердің барлық түрлерін топтарға біріктірді.Өсімдіктерді топтарға біріктіргенде олардың біріне-бірінің ұқсастықтары немесе айырмашылықтарын көрсететін белгілер пайдаланылады. Солар арқылы өсімдіктердің біріне-бірінің туыстық жақындықтарының деңгейі анықталады.Құрылымы, тіршілік етуі жағынан бірдей және өз ата-енелеріне ұқсас, жеміс беретін, ұрпақ түзе алатын дарақтар бір түрге жатқызылады.Дүние жүзі ботаниктерінің жүргізген зерттеулері нәтижесінде, гүлді өсімдіктердің шамамен 250 мыңдай сан алуан түрі белгілі. Сонымен бірге ботаник-ғалымдар ғылымға бұрын белгісіз болып келген өсімдіктердің жаңа түрлерін тауып, оларды сипаттап жазуда.Құрылысы жағынан ұқсас түрлер туысқа біріктіріледі. Мысалы, ермен жусан мен дермене жусан бір туыстық — жусанның түрлері. Бұл туысқа тағы да көптеген басқа түрлер жатады. Әр тілде бір өсімдіктің өзін әр түрлі атайды. Соған байланысты ғалымдар өсімдіктердің латын тіліндегі ғылыми аттарын енгізді. Өсімдіктердің латын тіліндегі аттары дүние жүзі ботаниктерінің барлығына түсінікті.
Жақын туыстар бір тұқымдасқа жатқызылады. Мысалы, бидай туысы, қарабидай туысы, арпа туысы және оларға жақын көптеген туыстар бір үлкен астық тұқымдасына біріктіріледі.
Тұқымдастардың әрқайсысын қандай да бір класқа жатқызады.Гүлді өсімдіктерді даражарнақтылар класы және қосжарнақтылар класы деп екіге бөледі. Өсімдіктің қай класқа жататынын оның ұрығының, тұқым жарнағының санына қарай анықтайды. Бірқатар өсімдіктердің жапырақтарының жүйкеленуі мен пішіні, тамыр жүйесінің типтері де негізгі белгілерге жатады.Тұқымында екі тұқым жарнағы болатын гүлді өсімдіктер қосжарнақтылар класына жатады. Гүлді өсімдік түрінің 75%-ы қосжарнақтылар болып есептеледі. Бұлар шөп, бұта, ағаш түрінде барлық жерлерде кездеседі. Қосжарнақтыларды ажыратуға болатын негізгі белгілер мыналар: олардың ұрығында 2 жарнақ болады. Тамыр жүйесі кіндік тамырлы болып келеді. Жапырақ тақтасының пішіндері әр түрлі болуы мүмкін. Жапырақ жүйкелері қауырсынды немесе саусақ салалы болады. Күлтесі және тостағанша жапырақшасының саны - 5 немесе 4-тен. Көпшілігінде түзуші ұлпа – камбий болады. Егер өсімдік ұрығының жарнағы біреу болса, жапырағы параллель немесе доға тәрізді жүйкеленсе, шашақ тамырлы болса, онда ол даражарнактылар класына жатады. Даражарнақтылар класына астық тұқымдастарының, қиякөлеңдердің, лалагүлділердің, т. б. тұқымдастары жатады. Өсімдіктерді олардың тек бір ғана белгісіне карап, қай класқа жататынын анықтау, көп ретте мүмкін бола бермейді. Мәселен, орманда өсетін шөптекті өсімдік қаракөздің жапырағы торлы жүйкеленеді, бірақ ұрығының тұқым жарнағы жалғыз болады. Қарғакөз даражарнақты өсімдік. Жолжелкеннің жапырағы доға тәрізді жүйкеленеді, шашақ тамырлы, бірақ оны қосжарнақтылар класына жатқызады. Себебі ұрығының екі тұқым жарнағы болады. 
ІY. Тақтамен жұмыс Танымдық қабілеттерін арттыру (флипчарт-3)
 Тақтада:
- гүлдің құрылысын анықтап, тиісті бөлігін гүлдің қасына апарып қояды;
- өсімдіктердің жіктелуі бойынша ретімен жазады; 
 
2. Гүлдің диаграммасын талдап, формуласын жазыңдар. (флипчарт-4)
 
3. Төмендегі берілген гүлдердің формуласын жазыңдар. (флипчарт-5)
1. Мақта гүлінің формуласы
Дұрысгүл, қосжынысты тостағанша жапырақшасы 8 оның 3 бірікпеген, ал 5 біріккен екі шеңбер құрып орналасады, күлте жапырақшасы 5 , аталығы шексіз біріккен, аналығы шексіз біріккен.  
2. Итмұрын гүлінің формуласы
Дұрысгүл, қосжынысты, тостағанша мен күлте жапырақшасы 5, аталық пен аналығы көп (шексіз) 
Флипчарт-6.     Сәйкестендіру кестесі
Қосымша тапсырмалар:(флипчарт-7,8)
1 - тапсырма. 
Жабайы араның бір ұясында орта есеппен 100 жұмысшы аралар болады. Олар нәр жинау үшін күніне 20 реттен ұшып шығады. Әр шыққанда бір ара шамамен 240 гүлге қонады. Сонда бір ұядағы жабайы аралар бір айда қаншама гүлді тозаңдандырады?
2 – тапсырма. 
Бір жұмысшы бал арасы бір минутта 12 гүлге, ал бір күнде 7200 гүлге қонатыны анықталған. Бал арасының бір омартасында 50 000 – дай жұмысшы аралар болады. Бір тәулікте осындай бір омартадағы бал аралары қаншама гүлді тозаңдандырады?  
ІІІ. Қорытынды.
Бағалау .Ашық тұқымдылар мен жабық тұқымдыларды салыстыру кестесі.
Ашық тұқымды 
өсімдіктер Жабық тұқымды
 өсімдіктер Негізгі ерекшеліктер
Тест.
1.Қарағай неше үйлік өсімдік?
А)бірүйлі,   Ә)екіүйлі,  Б)үшүйлі.
2.Қосарланып ұрықтану қандай өсімдіктерге тән.
А)ашық тұқымдыларға,  Ә)жабық тұқымдыларға, Б)саңырауқұлақтарға.
3.Қандай өсімдіктің тұқымы жемісінің ішінде жетіледі?
А)жабық тұқымды,   Ә)ашық тұқымды,  Б)қыналар.
4.Гүл өсімдіктің қандай мүшесі?
А)өсу,  Ә)көбею,  Б)тіршілігін жою.
5.Даражарнақтылар класына қандай белгілер алынады?
А)жапырағы парпалел, доға жүйкелі, Ә)жапырағы тор жүйкелі,  Б)кіндік тамырлы.
6.Қосжарнақтылар класына қандай белгілер алынады?
А)жапырағы парпалел, доға жүйкелі, Ә)шашақ тамырлы,  Б)кіндік тамырлы.
Үйге тапсырма.
§23.Гүлді өсімдіктер, олардың маңызы және топтарға бөлінуі.
 51-52 суреттерді салып сурет бойынша хабарлама жазу.
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Астық тұқымдастар-бағалы азықтық өсімдіктер
Қосжарнақтылар класындағы өсімдіктерге жалпы шолу
Өсімдіктердің жынысты көбеюі, Тозаңдану мен ұрықтану
Техникалық, талшықты, дақылдар мен дәрілік өсімдіктер
Құртқашаштар тұқымдасы, лалагүлділер тұқымдасы
Қосжарнақтылар класы. Көкнәр, алабота тұқымдастары
Қос жарнақтылар класы. Раушан гүлдер тұқымдасы. Бұршақ тұқымдастар
Өсімдік –өмір тірегі
Жабайы және мәдени өсімдіктер
Ашық тұқымды өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын қорытындылау
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 24374 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык