Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Шерхебель мен, сүргімен, арамен және басқа құралдармен жұмыс істеу


Шерхебель мен, сүргімен, арамен және басқа құралдармен жұмыс істеу

Сабақтың тақырыбы: Шерхебель мен, сүргімен, арамен және басқа құралдармен жұмыс істеу. (практика)

Сабақтың мақсаты: Ағаш өңдеу технологиясын түсіндіре отырып, құрал-саймандарымен жұмыс істеуді меңгерту.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі
2. Жаңа сабақ. Өткен заманда қолөнер шеберлері қажетті ағаштың бәрін тікелей өз қолымен даярлаған. Оларды дер кезінде жинап, мезгілінде кесіп отырған. Мысалы: үйшілер үйдің сүйегіне керек кереге, уық, шаңырақ жасайтын сырғауылдарды отпен морлап, тезге салып иген, ырғаққа ұстап керекті қалыпқа түсірген. Қазіргі кезде ағаш өңдеу жұмысы механикаландырылған. Механикалық құрал-саймандарға электр ара, электр сүргі, электр бұрғы, электрлік және пневматикалық ажарлау аспаптары жатады. Ағашты өңдеу, оған ою-өрнек салу үшін дайын тақтай да жеткілікті. Дегенмен еңбек сабағында ағашпен жұмыс істеу үшін, оны кесуді, шабуды, тегістеуді, өңдеуді, ішінара қашауды, ойып, өрнек салуды үйренесіз. Әрине, мұның бәрін құрал-саймансыз жүзеге асыра алмаймыз. 
Ағашты өңдеу жұмыстарына қажет құрал-саймандар: ара, балта, кернеу ара қолданылады. Балтамен ағаштардың бұтақтарын шапса, қабығын әр түрлі қырғыштарымен алады.
Ағаштан алынған тақтайды түрпімен, сүргімен, үлкен сүргімен т.б. құралдарымен өңдейді. Ағашты кесуге қажетті ең басты құрал - қол ара. Оның негізгі түрлері болат жолақтардан жасалады, оларды төсем деп атайды. Төсем өте қатты, тегіс және иілгіш болуы шарт. Оның иілгіштігі аз әрі тым қатты болса, төсемнің тістері тез сынады.
Ағашты кесуге араның әр түрін пайдаланады.
3.Сарамандық жұмыс. Кіріспе нұсқау.
Техника қауіпсіздігін ескерту. Жұмыс киімін кию. 
Ағаш талшықтарын кесу бағытына байланысты оны көлденеңінен, ұзына бойы және аралас әдіспен кесуге болады. Көлденең кескенде, кесу бағытында байланысты ағаш талшығына перпендикуляр, ұзына бойы кескенде, параллель болады. Көлденең кескенде, араның тісі-үшбұрыш, ал ұзына бойы кесу үшін қиғаш болады.
Араның тістері тік бұрышты үшбұрыш пішінде болса, ол ағашты бір бағытта ғана кеседі.
Ағаш аралайтын ара төсемінің тістері өте өткір болуы үшін тістерін қиғаштап орналастырамыз.
Жақ ара ағашты кез келген бағытта кесе алады.
Нұсқау картасын тарату. 
1. Ағашты кескенде араны жұлқыламай, қатты салмақ салмай кесу керек. 
2. Дайын ағаштың кесетін жерін белгілеп, оны жұмыс үстелінің үстіне қояды.
3. Сол қолымен ағашты тіреуге тіреп, оң қолымен кесу керек. 
4. Ағаш материалдарын көлденең кесетін араның өткір тісінің ұшы материалдардың талшығын кесіп, оны үгінді етіп шығарады. 
5. Ағаш материалдарын ұзына бойы кесетін араның ілгері қарап тұрған кескіш қырлары талшықты жонып үгіндіге айналдырады.
Ағымды нұсқау. Әр оқушының жұмысын қадағалау, техника қауіпсіздігін сақтау. Бағыт беру, жұмыстың нәтижесіне әкелу.
Қорытынды нұсқау.Әр оқушының жұмысынтексеру, кемшілігін анықтап көрсету;Жұмыстың нәтижесін көрсету, мадақтау, бағалау.
Сабақты бекіту. Бағалау.
Үйге тапсырма беру. Жұмыс орнын тазалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ағашты өңдеу
Ағашты сүргілеу. Сүргінің құрылысы
Ағаш шебері мен ұсталык жүмысына қажет материалдар
Бесікті көркем өңдеудің технологиялық процесі
Ағашты көркемдеп оюдың түрлері
Ағашты өңдеу. Нақыштама. Геометриялық ою, айшықты ою,бедерлі ою,мүсіндік ою. Күйдіру
Ағашты қыл арамен кесу
Цилиндр үлгісіндегі бөлшектің сызбалары
Ағашқа түсірілетін оюлар түрлері. Әшекейлі ағаш беттеріне өң беру және күйдіру әдістері
Ағашты ою. Ағаштан сувенирлік бұйымдар дайындау
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3185 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык