Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Информатика |
Көрсетілім: 5787 |
|
|
|
Формалар. Visual Basic программалау ортасында формамен жұмыс
Сабақтың тақырыбы: Формалар. Visual Basic программалау ортасында формамен жұмыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге Visual Basic программалау ортасында форма құру, онымен жұмыс жасауды, пішін қасиеттерін баптау жолдарын үйрету, практикалық дағдыларын қалыптастыру;
Дамытушылық: Теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білуге, шығармашылыққа баулу, логикалық ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиеліклік : Оқу процесінде қолданбалы тапсырмалар жасауда компьютерлік техниканы тиімді қолдана білуге, өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрету, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Қолданылатын көрнекі құралдар: Visual Basic бағдарламалау жүйесі, интерактивті тақта, слайд материалдары
Оқыту әдісі: практикалық – шығармашылық әдіс, интерактивтілік, түсіндірмелі- көрнекіліктік, миға шабуыл, жеке жұмыс.
Сабақтың технологиясы: компьютерлік технологиямен оқыту
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар VB жаңа жобасын іске қосуды, ашуды, сақтай білуді үйренеді.
2. Негізгі түсінігі қалыптасады.
3. Форма қосып, әр түрлі компоненттерді қолдана отырып, қолданба жасауды үйренеді.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Студенттермен амандасу, түгелдеу, журнал толтыру, студенттердің дәптерлерін қарап шығу. Студенттердің назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (Тапсырмалар интерактивті тақта арқылы беріледі)
1. Кубик лақтыру (Сұрақ-жауап).
Кубик лактыра отырып төмендегі сұрақтарға жауап беру.
1. Visual Basic ортасын қалай ашамыз?
2. Visual Basic ортасы неше бөліктен тұрады?
3. Қасиет дегеніміз не?
4. Қасиеттер терезесі жоғалып кеткен кезде қалай ашамыз?
5. Формаға сызық салу үшін қолданылатын компонент.
2. Суретке қарап отырып элементтер панеліндегі объектілерді дұрыс орналастыру.
3. Суретке қарап отырып Visual Basic бағдарламалау жүйесінің терезелерін дұрыс табу.
4. «Сәйкестендіру тесті»
Label Style
Frame Picture
CheckBox Caption
Timer Text
Image Value
TextBox Interval
Shape Caption
CommandButton Shape
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Форма программаны дайындау алдында ашылатын программаның сұхбат терезесі. Алғаш іске қосқанда ол Form1 атауымен көрінеді. Жоба құру үшін формаға әлементтер панелінен түрлі элементтер (компонент) әкеліп қойылады. Жобаға жаңа форма қосу үшін: Project ---- Add Form
Форма конструкторы: бұл терезеге форма кескіні немесе программалау (кодтың) терезесі шығарылады. Оларға өту үшін View → Objest немесе View → Code
Элементтің оқиғаға жауабың білдіретін ішкі программа оқиға өңдеуші деп аталады. Оны жазу үшін оқиға өңдеушіні жазуға тиіс элементте маусты 2рет шертіп код терезесіне өту керек. VB-те кез-келген ішкі программа түрі.
Private ( частный, личный) Sub объект аты оқиға өңдеуші аты (параметрлер)
операторлар
End Sub
Мысалы: формаға 4 элемент орналастыралық 2 жазу (label1, label2) және 2 батырманы (command1, command2)
2 батырма коды
Private SubCommand1_Click () Private Sub Command2 – Click ()
Label1. Caption = “Сәлем” Label2 caption = “студент”
End Sub End Sub
VB қосымшасын орындату кезінде жұмыс столына шығатын әрбір терезе – форма болып табылады. Әр форманың тақырып жолы және оның сол жағында белгішесі болады (Control Menu). Ол белгіні шерткен кезде басқару мәзірі ашылды. Ол төмендегідей командалардан тұрады:
Restore (Восстановить)-форма өлшемін қалпына келтіру
Move (Переместить) –форманың орныны ауыстыру
Size (Размер) – форманың өлшемін беру
Minimize (Свернуть) – форманы орап қою
Maximize (Развернуть) – форманы жаю
Close (Закрыть) – форманы жабу
Форманың (рамка) жиегін және сыртқы түрін өзгертудің төмендегідей мәндері бар. Ол BorderStyle қасиеті арқылы жүзеге асырылады.
Мәні Сипаты
0-None (нет) Форма жиегі және тақырыбы жоқ, оның өлшемін өгерту мүмкін емес (мұны қолданбау керек)
1-Fixed Single ( ) Форманың көрінетіндей жиегі болады, бірақ оның өлшемін өгерту мүмкін емес - бір батырма
2-Sizable (изменя1 мән размеры) (қ.ж) Программа орындалу барысында курсордың көмегімен форма өлшемін өзгертуге болады. 3 батырма
3- Fixed Dialog (фиксиро-ванное диологовое окно) өзгермейтін жиек (фиксированное диологовое окно) бір батырма
4- Fixed Tool Window Форманың тек жабу кнопкасы болады және ол құралдар тақтасы тәрізді болады.
Форманың орындалған кездегі экран ондағы өлшемін басқару үшін Window State қасиеті қолданылады
0- Normal
1- Minimized – есептер тақтасына оралады
2- Maximized – экранға толықтай жайылады
Мыс: Form1. Window State= VB Maximized
Icon – c:/ Pr. Files (Common Files) Borland (Images) Icons
Бірнеше формалы қосымша. Форманы көрсету, жасырудың Show, Hide әдістері
Көптеген жағдайда қосымашада бір емес бірнеше форма болады. Қолданушы оларлы қажетінше іске қоса алады. Форманы ашу, көрсету ушін Show әдісі қолданылады жазылу формасы: Form1. Show
!! Бірнеше форманың ішінен негізгі форманы таңдау үшін: Project - Project Properties – Startup Object пунктінің тізіміен қажеттісін таңдау керек
ІV. Практикалық кезең.
Практикалық жұмысқа түрлі практикалық тапсырмалар беріледі:
1. «Пішінді шерту» программасын құру
Жұмыстың орындалу реті:
1. Visual Basic ортасын іске қосыңдар.
2. Пішін қасиетін келесідей өзгертеміз:
Объект Объект аты Қасиеті Орнату
Пішін Form1 Caption Менің бірінші қосымшам
3. Пішінді екі рет шертіп, программалық код терезесіне көшеміз. Мұнда Click процедурасын таңдап, келесі программалық жолдарды тереміз:
Form1.Print "Пішінді шерту"
4. Қосымшаны іске қосып (F5 басамыз), пішінді тышқанмен шерткенде пішінде «Пішінді шерту» деген хабарлама пайда болады. Пішінді әрбір шерткен сайын осы хабарлама шығады. нәтиже шыққан соң бағдарламалық кодты дәптерге жазамыз.
Бағдарламаны іске қосамыз. Run -Start
5. Қосымшаны қайта іске қосыңдар. Пішіннің Font (Қаріп) қасиетін өзгерту арқылы терезе бетіне шығатын хабарламаның шрифтін, көлемін өзгертіңдер.
6. Жобаны сақтап қойыңдар.
2. «Пішінде сурет салу» программасын құру
Жұмысты орындау реті:
1. Visual Basic ортасын іске қосыңдар.
2. Пішін қасиетін келесідей өзгертеміз:
Объект Объект аты Қасиеті Орнату
Пішін Form1 Caption Пішінде сурет салу
Пішін Form1 AutoRedraw True
Пішін Form1 BackСolor Қызғылт түсті таңдау
3. Пішінді екі рет шертіп, программалық код терезесіне көшеміз. Мұнда MouseMove процедурасын таңдап, келесі программалық жолдарды тереміз:
If Button = 1 Then Form1.PSet (X, Y)
4 Қосымшаны іске қосып (F5 басамыз, Run -Start), пішінде тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, сурет саламыз.
5. Өз қалауларыңша Пішін фонының түсін өзгертіңіз.
5. Жобаны сақтап қойыңдар.
3. «Сәлем Visual Basic» программасын құру
Жұмысты орындау реті:
1. Visual Basic ортасын іске қосыңдар.
2. Пішінге екі басқару элементін орналастырыңдар. Бірінші басқару элементі – TextBox мәтіндік өрісін, екінші - CommandButton басқару батырмасын орнатыңдар.
3. Осы басқару элементтерінің келесі қасиеттерін орнатыңдар:
Объект Объект аты Қасиеті Орнату
Пішін Form1 Caption Сәлем Visual Basic
Мәтін өрісі Textbox1 Text (бос)
Басқару батырмасы Command1 Caption ОК
4. Command1 басқару элементі үшін Click процедурасын таңдап (Command1 басқару элементін екі рет тышқанмен шертеміз), келесі программалық кодты жазамыз:
Text1.Text= “Сәлем Visual Basic”
5. Қосымшаны іске қосып (F5 басамыз, Run -Start), ОК батырмасын басыңдар. Мәтін өрісінде “Сәлем Visual Basic” хабарламасы шығуы керек.
6. Жобаны сақтап қойыңдар
V. Қорытындылау. Бүгінгі сабақта VB басқару элементтерімен әр түрлі қосымшалар жасап, оны іске қосып жұмыс жасадық. Біздер өз бетімізбен формалар жасай алатындығымызға көзіміз жетіп отыр. Сабақты қорытындылай келе студенттерді бағалаймын.
VI. Үйге тапсырма. VB-те форма құру тақырыбын оқып келу, формаға әртүрлі фигуралар шығаратын қосымша жасау.
Сау болыңыздар!
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |