Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » VISUAL BASIC –те программалаудың негіздері.


VISUAL BASIC –те программалаудың негіздері.

 VISUAL BASIC –те программалаудың негіздері.

 

Сабақтың тақырыбы: VISUAL BASIC –те программалаудың негіздері

Сабақтың мақсаты:

            Білімділігі:  VISUAL BASIC-те бағдарламалау негіздері туралы түсінік беру.

                                 Базалық компоненттердің  тағайындалуын ,қасиетін,оқиғасын және

                                 тәсілін білу қажет. Оларды қойылған есептерді шешуде пайдалану

                                 жолын үйрету.беттерімен таныстыру.

  Дамытушылығы: VISUAL BASIC-те бағдарламалау негізде жүйелі жұмыс жасауға

                                үйрете отырып, ойлау қабілеттерін дамыту.

            Білімділігі: Оқушыларды шапшандыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта

Сабақтың түрі: Теориялық сабақ

Сабақтың типі: Көрсете – түсіндіре баяндау

Сабақтың барысы:

                          І. Ұйымдастыру кезеңі

                         ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

                        ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

                         ІV. Тапсырмалар орындау

                         V.   Сабақты бекіту

                         VI.  Бағалау

                         VII, Үйге тапсырма

 

                         Үй тапсырмасына шолу жасау:

 

  1. VISUAL BASIC ортасын қалай ашамыз?
  2. VISUAL BASIC ортасы неше бөліктен тұрады?
  3. Форма неден тұрады?
  4. Оқиға, қасиет, әдіс дегеніміз не?
  5. Формаға сызық салу үшін қолданылатын компонент?
  6. Форманың негізгі қандай қасиеттері бар?

 

     Жаңа сабақты түсіндіру

       VISUAL BASIC өзін инструменттердің үлкен жиынтығын пайдалана отырып,пішіндер мен графикалық объектілерді көрнекі құрастыруға болатын графикалық орта ретінде ұсынады. VISUAL BASIC-те бағдарламалау тілі дегеніміз – көпке таныс BASIC стандарттық тілінің кеңейтілген версиясы.

 VISUAL BASIC алгоритмдеу негіздерін игеруге және Windows бағдарламасы ерекшеліктерін оқып-үйренуге өте сай келеді,сондай-ақ кез келген тұрпаттағы қуатты қолданбалар жасау үшін барлық мүмкіндігі бар. Жасалынып жатқан бағдарламаларда Windows Api құралдарын пайдалану қолданбаларының мүмкіндіктерін шексіз кеңейтуге жол ашады.

  VISUAL BASIC –ті іске қосқанда экранда Project Wizart жобаларының менеджері өзінің New Project терезесімен пайда болады.. Терезе үш қосымша беттен тұрады: New–Жаңа жобалар,Existing–Қолданыстағы жобалар, Recent–Жақында пайдаланылған жобалар. New қосымша бетінде жаңа қолданба үшін шаблон таңдайсындар.

 Existing қосымша бетінде қолданыстағы жобаны таңдайға болады.Бұл сендердің немесе басқа біреудің бұрын дискіге жазылған жобасы болуы мүмкін. Сондай – ақ VISUAL BASIC комплектісінен әлдебір үлгіні таңдап алуға болады.

 Recent-қосымша беті Existing қосымша бетіне ұқсас, бірақ онда өздерің соңғы кездерде жұмыс істеген жобалар ғана түседі.

 VISUAL BASIC- пен жұмыс істеуді кез келген қосымшамен бастауға болады, алайда біз жаңа жобаны бастап отырмыз,сондықтан Newқосымша бетіндегі Standart EXE таңбашасын екі мәрте шертіңдер,бұл Project Wizart жобаларының менеджері жұмысын аяқтауға әкеледі.Экранда Progect1- Microsoft Visual Basic /desigh/ жаңа жобасының үнсіздік бойынша меншіктелген аты, оны кез келген уақытта өзгертуге болады.Бұл терезеде мыналар бар: ол-терезелер, менюлер,инструменттер панельдері, олар-даярламаның жинақталған ортасы деп аталады.IDE – Visual Basic-ті негізгі құраушылардың бірі, онда даярланып жатқан қолданбалардың құрауыштары құрастырылады және бағдарламанады. IDE бірнеше элементтерден тұрады:

 • Басты меню;

 • Инструменттер панелі;

 • Жоба терезесі;

 • Қасиеттер терезесі;

 • Пішін макетінің терезесі;

 • Элементтер панелі;

 • Пішіндер конструкторы;

 • Объектілерді қарау терезесі

 Басты меню деп Visual Basic терезесінің жоғарғы жағында орналасқан мәтін жолын айтады. Ол сендерге Windowsтың басқа қолданбалары бойынша таныс менюлерге өте ұқсайды. Сол жақта файл меню тұр. Ол қолданбаларыңды құрайтын файлдармен жұмыс істеуге арналған. Онда жобаларды жасауға, ашуға, басуға және сақтауға болады.

 Инструменттер панелі-басты менюдің тура астында Visual Basic инструменттер панелі болуы тиіс. Егер ол онда жоқ болса View – Toolbars – Standard командасын орындаңдар. Инструменттер панельдерінде Басты менюдің жиі қолданылатын неғұрлым қажетті командалары бар. Инструменттер панельдерінің артықшылығы – тышқанды бір рет шерту арқылы командаларға қарапайым түрде қол жеткізу.Әдетте экранда бір инструменттер панелі болады.

 Жоба терезесі—қолданбаны құрайтын барлық объектілер жобаға бірігеді.Жоба терезесі экранның оң жақ бөлігінде, инструменттер панелі астында орналасады.Объектіде тышқанның оң жақ батырмасын шерткенде контекстік меню ашылады. Бұл менюде осы объектіге қатысты командалар бар.Контекстік меню тікелей активті объектімен жасалатын операциялардың орындалуын тездетеді.Бұл мүмкіндікке дағдыланыңдар, өйткені ол уақытты үнемдейді.

 Қасиеттер терезесі-объектінің сипаттамаларын/өошемі,түсі,экрандағы жағдайы/немесе объектінің күйін белгіленетін объект атрибуты. Visual Basic-тегі барлық объектілердің атрибуттары бар.

    Тапсырмалар орындау:

             1.Математикалық өрнектерді  программалау тілінде жазу.

  1. D= b2 -4ac
  2. Y=5x3+3
  3. y =2x2 +5x +10
  4. 150 mod 20
  5. 150 div 20
  6. 890 div 35
  7. 725 mod 72

2. Y = 5 * X ^ 2 функциясын Х-тің әр түрлі мәндері бойынша есептеп шығару

     керек.

3. а және в сандары берілген. Екі санның үлкенің табу программасын жазындар.

4. Формадағы  «Елдің атын енгізу» батырмасын басқанда шығатын ендіру терезесіне елдің атын енгізіп, «Мәліметтер шығару» батырмасын басқанда шығару терзесіне сол елдің астанасы туралы мәлімет шығаратын қосымша құру керек.

 Жаңа сабақты қорытындылау          

                Жұмыс дәптері №1

Visual Basic   ...               тілі    ...     жасауға  арналған  жүйе         

                 Жұмыс дәптері №2

Қасиет  дегеніміз -  ...        өлшемін,   ...    немесе   обьектінің   ...     белгілейтін   қосымша  терезе.

             Жұмыс дәптері №3

Visual Basic  ортасы ...  жұмысқа қажетті барлық  ...  -  ...  мен  ...  терезелері ДЖО деп аталады.

             Жұмыс дәптері №4

Басты меню деп Visual Basic терезесінің      ...         жағында орналасқан       ...     жолын айтады.

 Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма:  2-тарау. 2.1- тақырып VISUAL BASIC –те программалаудың негіздері


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
POWER POINT ЖӘНЕ EXCEL БАҒДАРЛАМАЛАРЫНДА ТЕСТ БАҒДАРЛАМАСЫН ҚҰРАСТЫРУ
Басқару элементтері: ComboBox,ListBox,Horizontal ScrollBar,Vertical ScrollBar,Timer,Shape .Қызметі,оқиғалары,әдісі.
Процедуралар.
Визуалды программалау технологиясы.
Visual Basic ортасында бағдарлама құру
Visual Basic 6.0 визуалды бағдарламалау жүйесі. Даярламаның жинақталған ортасы
Пішін. Пішіннің қасиеттері
Базалық элементтер: DriveListBox, DirListBox, FileListBox. Тағайындау, қасиеттер, оқиғалар, тәсілдер
Select Case құрылымы
Формалар. Visual Basic программалау ортасында формамен жұмыс
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 4698 | Қосты: Айгелдиева Маржанкүл Сарсенқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык