Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 5669 |
|
|
|
Мерекеңізбен аяулы - Анашым!
Тақырыбы: Мерекеңізбен аяулы - Анашым!
Мақсаты: Балаларға ананы сыйлауды, құрметтеуді және олардың бойына мейірімділік, ізеттілік қасиеттерін сіңіру.
Әдісі: Ертеңгілік
Көрнекілік: Ана туралы айтылған нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, гүлдер, шарлар.
Барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Кіріспе бөлім
Тәрбиеші: Халқымыз ғасырлар бойы аналарды қастерлеп келген.Сол дәстүр әліде болса жалғасуда.Ұрпақ өсіріп, тәрбиелеп жатқан аналарымызға қалайша риза болмасқа!
Құрметті аналар, апайлар, бүлдіршін қыздар! 8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр, баққытты өмір, отбасыларыңызға қуаныш пен амандық тілейміз!
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шешуін таба аламыз ба !?
Бала, бала, бала деп.
Түнде шошып оянған,
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған,
Бұл кім ?
Балалар: Ана, Ана, Ана.
Тәрбиеші :
- Әрине, бұл біздің аналарымыз. Ана есімін аузына алмайтын адам баласы жоққа тән. Аналардың қоғам өмірінде алатын орны бөлек. Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы.
Ана - перзент тәрбиелеуші.
Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың,
Анаға айтар лебізі.
- Ендеше осы асыл аналарымыз, сіздерге деген балаларыңыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Абзал
Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі –аналар,
Ана деп бас иеді күллі халық.
О. Нұрасыл
Біз ғана емес,
Қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар,
Ана деген – тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Ералы:
Шалқып –тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Ана сені құттықтып,
Әндетеміз бәріміз.
М. Ерасыл:
Құрт пен майын жинаған,
Балаларға сыйлаған,
Үлкен-кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.
ӘН: «АНА» сөзін жазған: Ш.Сариев, әнін жазған: К. Дүйсекеев орындайтын хор.
Аяжан
Келбетіңде ұлылық,
Даладан кең пейілі,
Ана деген- жылылық,
Ана деген – мейірім,
Ақыл құйған санама,
Күннен де артық расында
Күн алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.
Алина
Жүре берсем қасыңда
Әйбат анам қуанам
Ботам деген даусыңнан
Мен мәз болып оянам.
Б. Нұрасыл
Дүниедегі әр адамзат баласы,
Болсын мейлі ол бір елдің баласы.
Мәңгілікке қарыздар боп біреуге
Өтеді екен, ол- өзінің Анасы.
Ән: «Біз өмірдің гүліміз!» орындайтын хор.
Жарқын
Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді.
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Балымай
Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзін тыңдаймын,
Анашымды сыйлаймын.
ӘН: «Ақ мамам» орындайтын хор.
Алихан:
Ең жақсы сөз –ана,
Өсіп жатса бала.
Ана соған пана,
Аман болсын, Ана!
Абзал:
Сыйлайыншы гүлімді,
Теріп алған даладан.
Мейрамыңыз бүгінгі,
Құтты болсын анажан.
ӘН: «Зеңгір көктем» орындайтын ------------------------------
Тәрбиеші:
Әлпештеген баласын,
Ана — бақыт, ана — күн.
Әркім сүйіп өзінің,
Мақтан етер анасын
Жүргізуші: Бүгін біздер кұрметті де ардақты әжелерімізді ерекше атап кұттыктаймыз. «Қариясы бар үйдін қазынасы бар» деп халқымыз текке айтпаған, балаларымыздың әжелеріне арналған тақпақтарына кезек берсек.
Едіге:
Әжемдей данадан,
Ертекке қанамын.
Шақырса даладан,
Жүгіріп барамын.
Аружан
Жүзімізге қарасаңыз Шашымды өріп, тараған,
Біз бақытты баламыз. Қабағыма қараған.
Бізге қымбат құшағыңыз, Үлкен-кіші демейді,
Бізге қымбат анамыз Сыйлайды оны бар адам.
Қ. Ерасыл:
Айтсаң болды тіл алам,
Әйбат мамам, ай мамам.
Сені көрсем қуанам,
Сен керексің қайдада.
Тәрбиеші: Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар. – демекші, ендігі тыңдайтындарыңыз:
ӘН: «Қошақаным» орындайтындар: Жарқын, Абзал.
Сабина:
Бал бөбегін баптаған,
Мамам үшін мақтанам.
Ақ бетіңнен сүйейін,
Келші,келші,келші,ақ мамам.
Мадина:
Еркелеймін шаттанам,
Жарқын күлкің бақ маған,
Ақ бетіңнен сүйейін
Келші,келші,келші,ақ мамам.
О. Нұрасыл:
Ана өмір мәңгілік,
Жүзі нұрлы таң күліп,
Ана десем әркімнің
Көкірегінде жанды үміт.
Тәрбиеші:
Сенен өскен балалар,
Бақыттылар, даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті әже, аналар!
Жүргізуші: Балалар, әжемізге арнап би билеп берейік.
БИ: «Қамажай» орындайтын қыздар тобы.
Марғұлан
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші Наурызыңызбен!
Ән: «Балдырғандар маршы». орындайтын хор.
Құттықтау сөз: (топтың ер балалары аналарымызға, қыздарымызға өздерінің тілектерін білдірмекші).
Жүргізуші:
Ана деген асыл ұғым құдіретті жаратқан
Айналаға мейіріммен нұрлы шуақ таратқан.
Жүрегімде сақталады, анашымның сөздері,
Жылағанда көңілімді баурап мені жұбатқан.
-Өмірдегі ең асыл жан — Ана. Сол үшін балалар аналарымызды сыйлайық, ардактайық, аналарымызды еш уақытта ренжітпейік.
ӘН: «Айналайын мама, туған күніңмен!» орындайтын хор.
Балалар хормен:
Ана — біздің күніміз,
Ана біздің гуліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Балалар аналарына өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын тапсырады.
-Құттықтау сөз ата-аналарға беріледі.
Сіздерді тағы да 8 Наурыз аналар мерекесімен құттыктаймыз. Осымен біздің бүлдіршіндеріміздің сіздерге арнап дайындаған «Мерекеңізбен аяулы – анашым!» атты ертеңгілігіміз аяқталды
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |