Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Аяулы анашым.


Аяулы анашым.

Аяулы анашым.

Тақырыбы:          «Аяулы анашым»

Мақсаты:

Оқушыларға ана пейілі мен махабатын сезіндіру, ананы ардақтай білуге тәрбиелеу.

         Оқушылардың бойына ананы сыйлауға, құрметтеуге, өнеге тұту сияқты қасиеттерді  қалыптастыра отырып, үлкенге ізетті болуға  тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі:    Шарлар, гүлдер, нақыл  сөздер, карточкалар.

 

Мектеп үшін ата-аналар бөлексіздер,

Мектеп үшін қашанда керексіздер.

Ата-аналар ардақты абзал жандар,

Ұстаздармен қашанда біргесіздер.

                   Ана десем алғыс алам халқымнан,

                   Ана десем  теңіз болам шалқыған.

                   Ана десем  ашылады қабағым,

                   Ана десем  әділдікті ұғамын.

Біз ғана емес

Қадір тұтқан бабалар,

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар.

                  

Құрметті   Ұстаздар, ата-аналар, қыздар сіздерді  алда келе жатқан 8-наурыз  халықаралық аналар мерекесімен құттықтаймыз. Халықаралық әйелдер - қыздар мерекесі құтты болсын! Отбасыларыңызға құт-береке, бірлік, дендеріңізге саулық тілей отырып, 1 сынып оқушылары  дайындаған «Аяулы анашым» атты        тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

 

І.  “Жұмбақ”   шешу.

ІІ. “Бүлдіршіндеріміздің әжелеріңе,    аналарыңа арнаған тақпақтары”.

ІІІ. Хор “Құттықтаймын ана туған күніңмен”.

ІV. “Аялы алақан”  ойыны.

V. “Бала жүрегі”.

VІ. Ата – ана тілегі.

VІІ . Қорытынды.

 

І.  “Жұмбақ”   шешу.

Бала, бала , бала деп

Түнде шошып оянған .

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған,

Бұл кім? 

                                               Ана, Ана, Ана.

ІІ. “Бүлдіршіндеріміздің әжелеріңе,   аналарыңа арнаған тақпақтары”.

Асыл аналарымызға арнаған бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына кезек берейік.

 

*        Еркелесем күлімдейтін,

         Ұрысқаны білінбейтін.

         Маңдайымнан иіскеп менің,

         «Құлыншағым, күнім»  дейтін.

                                          * Мені жақсы көреді,

                                               Күндей күліп келеді.

                                               Көп ертегі біледі.

                                               Маған айтып береді.

* Мен гүлдерді жұлмаймын,

    Торғайларды қумаймын.

    Айтқан сөзін тыңдаймын.

    Анашымды сыйлаймын!

                            * Жамандықтан сақтандырып,

                               Жақсы ісімді мақтан қылып.

                               Мәпелеген ақ  әжемді,

                               Жүрсем деймін шаттандырып.

ІІІ. Хор “Құттықтаймын ана туған күніңмен”.

Нұрын төккен маған

Шуғымсың –сен!

Айналайын анам,

Қуанышыңмен!

                   Шаттандырған мені,

                   Жұбанышым- сен!

                   Құттықтаймын сені,

                   Туған күніңмен!

Аялаған мені,

Ән қанатымен!

Құттықтаймын сені,

Салтанатыңмен!

                   Бақытты ғой заман

                   Қандай көңілді.

                   Мен тілеймін саған .

                   Ұзақ өмірді!

ІV. “Аялы алақан”  ойыны.

         Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың күн нұры тастай мұзды да жібітеді.

Шарты: Ортаға үш ананы шақырамыз. Көздерін байлап,  топ баланың ішінен өз баласын тауып алуды ұсынамыз.

 

V. “Бала жүрегі”.

  • Балалар, сендерге көктем көп  гүлдерді сыйлыққа алып келіпті.
  • Қазір біз «Гүл  теру » ойынын ойнаймыз.
  • Енді балалар   әжелерімізге, ата-аналарымызға арнап, еңбекке баулу  сабағында жасаған  тілек жазылған сыйлықтарымызды тарту етеміз.

 

VІ. Ата – ана тілегі.

Сәулелі сөз сөне ме ?!

Орны бөлек батаның.

Бізге тәлім, өнеге-

Ақ тілеуі атаның, – деп ата-аналарымызға сөз кезегін берейік.

VІІ . Қорытынды.

Балалар  анамызды құрметтейік,

Көңілін ешқашанда кірлетпейік.

Сабақты жақсы оқып, тәртіпті болып,

Орынсыз ренжітіп, үндетпейік.

 

Сіздердің отбасыларыңызға тек жақсылық тілеймін. Қыздарыңыз қызғалдақтай құлпырып, ұлдарыңыз ізгі армандарыңызды орындай берсін!

 

                   Жанұяның тірегі әке болсын,

                   Шаңырақтың шуағы ана болсын.

                   Бар тілекті арнайтын балаңызға,

                   Көңіліңіз ғажайып нұрға толсын.

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Аяулы жан - Анашым
Қыз сыны
Анашым, мерекеңмен!
Ана мерейі
Мерекеңізбен аяулы - Анашым!
Ана-әлем шуағы
Ана-әлем шуағы ашық сабақ
Аман болшы ақ мамам
Ана- өмір гүлі
Ана – өмірдің шуағы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4796 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык