Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 8391 |
|
|
|
Табиғатты аялай білейік
Тақырыбы: Табиғатты аялай білейік
Мақсаты:Табиғатты қорғауға,аялауға,экологиялық мәдениетті қалыптастыру.Жеке адамның санасына табиғатқа деген ізгілік қатынастарды қалыптастыра отырып «адам-қоғам-табиғат»арасындағы толық үйлесілімділікті дамыту,уйрету.Оқушыларға жасыл даланың әсемдігін сақтауға,сүюге,баба өсиетін қастерлеп.қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:суреттер,слайд,буклеттер,қанатты сөздер
Барысы:
Алдымен әнұран орындалады
Жоспары
1.Ой-пікір.Табиғат туралы не білеміз?
2.Ой қозғау.Неге табиғатты тіршілік иесі дейміз?
Ой түйін.табиғатты қорғау –барлық адамзат парызы.
Мұғалім:Табиғат сөзі-кең ұғым.Табиғат -өзіміз тіршілік етіп өмір сүретін орта.Табиғат-адам үшін қажетті ауа,су,топырақ,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі.Табиғат-адам баласын дүниеге келтіріп,бойындағы бар махаббат мейірімін,күн шуағын жүрегімізге ұялататын аяулы Ана!Жердің бетіне шыққан бау-бақша мен дәнді –дақылдар,адам баласына жейтін ас.Орман –тоғайы мен тау-тасы.шалғыны мен шабындығы.Осының бәрі аспаннан қар,жаңбыр жауып,су келсе ғана көктеп көгереді.Осы себепті ата –бабаларымыз «Жер-қазына,су-алтын,мал-байлық»деген
Ал ,енді балалар ,сіздердің ой –пікірлеріңізді ортаға салайық.
Ой-пікір
Табиғат-ол су
Су-тіршілік көзі.Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. «Сулы жер-нулы жер»деген мақал бекер айтылмаған.
Су тіршіліктің қаны емес пе,
Су деген табиғаттың жаны емес пе?!
Су жоқ жерде өмір жоқ,ол-ақиқат,
Күміс су қара жердің сәні емес пе?!
Табиғат –ол топырақ.
Жер бетіндегі тіршілік атаулы қоректік нәрді топырақтан алады.
Топырақтан өмір исі шығады
Оны денең тиіп кетсе ұғады
Еңбегіңді есесінен беретін
Жақсылық та топырақтан шығады.
Табиғат-ол өсімдік
Өсімдік-бұл жасыл желек ,көкмайса құрақ,қызыл-жасыл гүлдер.Өсімдік ашыққанда тамақ,шөлдегенде сусын,ыстықта көлеңке,сая,суықта пана,ауырғанда дәрі,ренжігенде қуантатын табиғаттың сұлу көркі-гүл.
Табиғат-ол Жануарлар әлемі
Жүгірген аң,ұшқан құс,дала ажары ақбөкен,әні мен сәні бұлбүл,су аруы Аққу табиғатымыздың сәні емес пе?!
Табиғат-ол Жер Ана
Барша байлықтың анасы- Жер Жерді күтіп баптай білу,оның қойнауындағы қазба байлықтарын дұрыс игере білу,Жер ананы түлетіп гүлдендіре білу –біздің борышымыз.
Корініс:Мұңлы музыка ойналады
\Аққайың ,құс,әкесі,баласы
Аққайың:орман едік бір кезде біз жайқалған,
Аң мен құстың әсем әні сайраған.
Әні кеткен,бұл өлкенің сәні кеткен,
Аң мен құстың бас сауғалап бәрі кеткен.
Жалғыз қалдым,жалғыздықтыңжыры көп,
Анам,әкем,бауырларым,қайдасың?
Кей адамдар жауыздықпен асырып жүр айласын.
Жалғыздықтың мұңы көп...
Соны айтуға адамзатқа тілім жоқ.
Әкесі:Ағашта қалмапты ғой өзі?
Баласы:әке,бар ағашты өзіміз кесіп алдық қой.
Әкесі:е,міне,жалғыз қайың қалыпты ғой,соны алайық.
Баласы:әке,ол әлі жас қой,әлі өссінші! обал емеспе,табиғаттың сәні ғой!
Әкесі:немене,табиғатқа жаның ашып қалды?!Заманның бізге жаны ашымағанда,табиғатты ойлайды деп тұрсың ба?Көп сөйлеме,ұста араның арғы басын!
Құс:Тимеңдерші бұл ақ қайыңға,ұямды бұзбаңдаршы!
Әкесі:Мына құс қайтеді өзі шиқылдап,балам,таспен атып ұршы.
Баласы:Әке,ол өз ұясын қорғап жүр ғой.Осы ағашты кеспей-ақ қояйықшы!
Әкесі:Көп сөйлеме,ұста араны.Ай,сен де нәзік жүрек.Мә,саған!
Құс ақырын басын көтеріп:
Ей,адамзат,ойланшы сен бір сәт қана,
Жауыздықтан күңіреніп жылап тұр ғой мына дала.
Ысырапсыз табиғаттың пайдаланып бар байлығын,
Не қалады,не көреді артыңдағы ұрпағың?
Мен көрдім жас қайыңның құлағанын,
Бас ұрып қара жерге сұлағанын.
Сарғайып жапырағы өлімсіреп,
Байғұстың кім тыңдайды жылағанын?
Ән Табиғатты аяла
1.Табиғаттан нәр аламыз бәріміз
Пәк табиғат тозып жатыр күн сайын
Өзімізді асыраушы Анамыз,
Табиғатты аялауға тұр дайын
Қ-СЫ
Қайда жүрсең атамекен
Көкейіңде жатады екен
Табиғатты ал аялау
Міндетің боп тұрады екен
2 Жасыл бақтың бағалайық қасиетін
Наурыз келсе он ағаш өсіретін
Бабалардың жалғастырып жыл сайын
Ұмытпайық өнеге мен өсиетін
Қ-сы
Мұғалім : Барлық тірі ағзалар өзара бір-бірімен және сыртқы орта жағдайлары мен үнемі байланыста болады.Тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасын және олардың сыртқы орта жағдайлармен байланысын зерттейтін ғылым саласы экология деп аталады.Экология- «мекен еткен табиғи орта туралы білім»деген мағынаны білдіреді
Балалардың тақпақтары:
Мұғалім:Экологиялық жанашырлыққа зәру кандай жерлер атап өтейікші
Мысалы каспии теңізі бүгінде осы сұрақ бүкіл ел тұрғындарын толғандырып отыр.Қызыл балықты есепсіз аулап,оның үстіне мұнай өндіреміз деп қызыл балықты мүлдем естен шығарып алдық.Мысалы;Каспии теңізіндегі қызыл балықтың құны 35 миллиард доллор.Балықтың құны қазіргі өндіріп жатқан мұнайдан да артық.Қызыл балық миллиондаған жылдар бойы тіршілігінижалғастырып келе жатыр,ал мұнай 25-30 жылда таусылады,кызыл балықтың бір ерекшелігі балалар өзі туған жерге келіп дәл сол жерге уылдырық шашады
. Балалар: жойылып бара жатқан аңдар,құстар,өсімдіктер,балықтар т.б қайда тіркеледі?
--Қызыл кітапқа
-дұрыс айтасыңдар,балалар
-Қазақстанның «қызыл кітабының» соңғы басылымы 1996 жылы жарық көрді
Суреттермен жұмыс жүргізі,әңгімелеу
ӘН:
Бау бақща белдер
Орман тау көлдер
Көрікті шексіз даламыз
Дәулеті тасқан
Сәулеті асқан
Көңілді ауыл қаламыз
Қ-СЫ
Жадырап күндей
Жайнаған гүлдей
Бақытты біздер баламыз
Өзіміз туған
Көбелек қуған
Өлкеде өсіп толамыз
Жалықпай оқып
Көңілге тоқып
Білімді адам боламыз
Сөйлемді толықтыр
1,табиғатқа қамқорлық керек,өйткені мен табиғатты сүйемін.
табиғатқа қамқорлық керек,өйткені ол сұлулық мекені.
табиғатқа қамқорлық керек,өйткені ол менің екінші анам
Көрініс Жер Ана,немересі.анасы
Мақал мәтелдер айту
Бүгінгі тәрбие сағатымызда не білдік?
Оқушы:табиғатсыз адамдардың күні жоқ,оны айтуға табиғаттың тілі жоқ
Оқушы:табиғат –бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы,аяулы бесігі,құтты қонысы,өсіп өнетін мекені
Оқушы:табиғат-халық қазынасы «табиғатты қорғасақ денсаулықты сақтаймыз»
Оқушы:әсем табиғатты шөлге айналдыруға ,ойланбай орманды шабуға,балықты аулауға,жануарларды қыруға адамның ешқандай қақысы жоқ
ӘН: Табиғат ол анамыз
Табиғатқа баламыз
Құшағында ойнаймыз
Шаттық әнге саламыз
жазда аралап тауын да
Барамыз біз бауына
Өзеніне шомылып
Жүгіреміз жауында
Мұғалім:Табиғат,тіршіліксің тұнып тұрған
Сен күнсің көтерілген күліп қырдан
Сен көлсің,сен ормансың
Сен бұлбүлсың,сен бұлақсың
Адамды сұлулыққа құнықтырған
Сен жарықсың,сен гүлсің
Сен адамсың,сен ауасың
Сен анамсың-бәрі менің өмірім сен сыйлаған
Туған елім-Отаным Қазақстан! Осымен ашық тәрбие сағатымыз аяқталды
Талға табиғат анаға деген сүйіспеншіліктеріңді жазыңдар
1қасиетті,қамқор,адал,табиғатты тарылтпайық,пәк,
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |