Табиғат – туған анамыз.
Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушылардың жалпы табиғат жөніндегі түсінігін, білімдерін жетілдіру, табиғат тіршілік көзі, адамның ақыл – ойы, табиғаттың ұлы заңымен үйлесімді екенін түсіндіру; дамытушылық – ой – өрісін кеңейту, жеке тұлғасын, тілдік, сөздік қорын, ізденісін ояту, сөйлеу дағдысын дамыту; тәрбиелік – туған табиғатты, Жер – Ананы көздің қарашығындай сақтап, қастерлеп қадірлеуге, отанды сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, табиғат суреттері, слайд, мультфильм.
Барысы.
Ұйымдастыру.
Топқа бөлу.
Суретпен жұмыс (слайдтан көрсету).
Балалар, наурыз көктемнің алғашқы айы. Сонымен қатар қар астынан қылтиып шығатын бәйшешек гүлі бүршік жарады. Көктемнің көркі – бәйшешек. Ол ең алғаш гүлдейтін гүл. Басқа гүлдерден ерекшелігі де осында. Қырда өскен бәйшешекті алғаш сіздер көрсін деп, мен бәйшешек гүлін теріп әкелгенмін. Сол гүлдерді мен ортаға шашайын, сіздер әрқайсыларын біреуден теріп алып, артында жазылған топ бойынша орнымызға отырайық.
Ертегі. (слайдтан көрсету)
Өте ерте заманда жер шарының көп бөлігін су басып жатты. Ол заманда өсімдіктер мен жануарлар әлемі пайда болмаған. Суларда тек түйіршік тәрізді тіршілік иелері болды. Біртіндеп жер бетіндегі сулар азайып, құрғақ жерлер көбейе бастады. Бұрын суда өсіп келген балдырлар құрғақ жерлерге өсуге бейімделіп, жапырақты өсімдіктер, шөптер, ағаштар пайда бола бастайды. Кейін құрғақ жерлер көбейіп, суда да, жерде де мекендейтін бақа сияқты қосмекенділер пайда болған. Ұзақ уақыт өте келе ауа райы өзгеріп, суық бола бастаған. Бұл жағдай өсімдіктер мен жануарларға қатты әсер етіп, көбі өзгеріске ұшырап жаңа ауа райына бейімделді.
Уақыт өте келе жер беті қазіргідей түрге еніп, табиғат осылайша пайда болған.
Табиғат деген сөз жер Ана, туған жер, атамекен сөздерімен қатар тұрады.
Осы Табиғат сөзін естігенде көз алдымызға не елестейді? (Оқушылардың ойлары тыңдалады).
Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Адамдар табиғат байлықтарын есепсіз пайдаланып, экологиялық ойсырауға ұшырады. Елді мекен маңындағы ағаштардың кесілуі, бұлақ көздері мен өзендерінің ластануы, қоқыстардың көбеюі, кейбір аңдар мен құстардың жойылуы – бұл экологиялық мәселе. (табиғат сюжеттерін көрсету)
Жұмбақ
Қиналмай тауларды, орманды,
Теңізді, дария, аңдарды,
Ауылды, қаланы, халықты
Ойлап тап көтерген алыпты. (Жер)
Тәрбиеші: Жер саған не болған, неге сенен тіршілік белгісі білінбейді?
Жер: Кім жоқтайды даланың
Тобылғы мен жүзгенің?
Таппай жүрме жұртыңнан
Теріскен мен изенін?
Жатады қыр күйзеліп.
Оттан қорға орманды,
Алау жақпа ен онда,
Қоршаған сені айнала,
Бүлдіріп алма абайла.
Сен де өмірдің гүлісің,
Ақыл қойып соны ойла.
Тәрбиеші: Балалар, біз жерге көмектесуіміз қажет. Қыс кетіп , көктем келіп, айналамыздағылардың бәріне жан ене бастайды. Гүлдер шығады, жәндіктер оянады, құстар ұяларын салады, балық уылдырық шашады, бәрі де оянады. Біздің жеріміз көктеммен бірге оянып, жақсы күйге енуі үшін не керек?
Оқушылар: Ауа, су, құстар, жәндіктер, т.б. керек.
Тәрбиеші: Дұрыс, алдымен ғаламшарымызға ауа берейік. Бірақ барлық
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Материалы / Тәрбие сағаты |
Көрсетілім: 7640 |
|
|
|
Табиғат-туған анамыз

Автор Садықова Сәнімкүл Серікбайқызы
Қызылорда облысы, Арал қаласы, №2 мектеп-интернат
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
Авторлық бағдарлама |
Коучинг жоспарлары |
Мектеп әкімшілігі |
Мектептен тыс мекемелер |
Сыныптан тыс жұмыс |
Оқушымен жұмыс |
Тәрбие сағаты |
Ата-аналармен жұмыс |
Қосымша жинақтар |
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар |
Қазақ тілінен ашық сабақтар |
Әдебиеттен ашық сабақтар |
Открытие уроки по русскому языку |
Уроки литературы |
Ағылшын тілінен ашық сабақтар |
Биологиядан ашық сабақтар |
Химиядан ашық сабақтар |
Физикадан ашық сабақтар |
Математикадан ашық сабақтар |
Информатикадан ашық сабақтар |
Тарихтан ашық сабақтар |
Географиядан ашық сабақтар |
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар |
Психологиядан ашық сабақтар |
АӘД пәнінен ашық сабақтар |
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар |
Құқықтан ашық сабақтар |
Экономикадан ашық сабақтар |
Музыкадан ашық сабақтар |
Технологиядан ашық сабақтар |
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар |
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар |