Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 2948 |
|
|
|
Менің жұлдызды сәтім ойыны
Менің жұлдызды сәтім ойыны
Мақсаты:а) Оқушылардың ауызша, жазбаша есептеу қабілетін
ойын арқылы жетілдіру.
ә) Пәнге қызығушылығын арттыра отырып, еске
сақтау,жаңғырту,дамыту арқылы өз ойын жеткізе білу
дағдысын дамыту. б)Ұқыптылыққа,байқампаздыққа,төзімділікке,тапқырлыққа,ұйымшылдыққа,еңбектенуге тәрбиелеу.
І-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар және оқушылар! Сіздерді 7 сынып оқушыларының «Менің жұлдызды сәтім» атты ойынын көруге шақырамыз.
ІІ-жүргізуші:
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің күмбірлеген күйі бар,
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар – ойыншыларымызды ортаға шақырамыз.
Әділқазы алқалары таныстырылады.
Ойынымыздың ұраны:
Ойнайық, ойлайық та ойнайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен-текке жоймайық.
Ойынымыздың кезеңдері:
1. «Тапқырлық сайысы»
2. «Біліктілік сайысы»
3. «Кім қырағы?»
4 «Зерде
І-жүргізуші:
Мәңгі-бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын.
ІІ-жүргізуші:
Ойнымыздың І-бөлім «Тапқырлық» деп аталады.
Ойын шарты: Сұрақ қойылғаннан кейін, ойлануға бір минут уақыт беріледі. Тақтадағы төрт жауаптың біреуі дұрыс, сол жауапты тауып «уақыттары бітті» деген кезде дұрыс жауаптың нөмірін көтересіздер. Дұрыс жауап берген ойыншылар бір-бірден жұлдызшалар ұтып алады.
І-жүргізуші:
Сұрақ: Берілген фигурада неше үшбұрыш бар?
Дұрыс жауабы: 12
І-жүргізуші:
Сұрақ: Қайрат Жанардан кіші,бірақ Талғаттан үлкен. Ал Ажар Жанардан үлкен болса, ең үлкен қайсысы?
1)Қайрат 2)Жанар 3)Талғат 4) Ажар
Дұрыс жауабы: Ажар
І-жүргізізуші:
Сұрақ: Қорада тауықтар және қояндар бар. Оларда барлығы 15 бас болса, қорада неше тауық, неше қоян бар?
1)5 тауық,10 қоян 2)6тауық,9қоян 3)7тауық,8қоян 4)8тауық,7 қоян
Дұрыс жауабы: 5тауық,10қоян
ІІ-жүргізуші:
Жан қуйерлер атынан музыкалық сәлем.
Әрбір дұрыс жауап үшін алынған жұлдызшалар саналып, аз ұпай алған екі ойыншы ойыннан шығады.
І-жүргізуші:
Бұл жерге келмеді ешкім ермек үшін,
Есеп-қисап, сан-цифр термек үшін.
Көрсетіп есептеудің жолын қалай
Келдім айтып оларды бермек үшін.
Деп ойнымыздың ІІ-бөлімін бастайсыз.
ІІ-жүргізуші:
Ойыншыларымыздың ұпайларын санап болғанша жанкүйерлерге сұрақ:
1.Төрт қойда неше аяқ бар?(16)
2.4 қасқыр 4 қойды 4 сағатта жейді, ал 10 қасқыр 10 қойды неше сағатта жейді?
3.Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны айда кездеседі?(28 саны барлық айда бар)
Ойын жалғасады. Аз ұпай алған екі оқушы ойыннан шығады.
ІІ-жүргізуші:
Ойынымыздың 3-бөлімі «Кім қырағы:» сайысы деп аталады.(30сек) Төмендегі сөздерді көрген соң есте қалғанын жазу.
шеңбер апта математика ана
су тас перпендикуляр теңдеу
компьютер радиус периметр мектеп
градус сынақ ұя ауыл
Ойыншылардың ұпай санап болғанша ән, биге кезек беріледі:
Содан кейін екі ойыншы шығып, келесі сайысқа екі ойыншы ғана қатысу керек.
ІІ-жүргізуші:
Ойынның 4-бөлімі (Зерде( деп аталады. Мұнда ойыншылар шешендік өнерден сайысқа түседі.
Бұл ойыншыларға берілетін тақырыптар:
1.Қазақстан – 2030 жылдарда.....
2. Математиканы не үшін оқимыз?
Бұл бөлімде ойыншылардың ойлауына 1 мин уақыт беріледі. Әділқазы алқасы 1-5 балға дейін бағалайды. Соңында жеңімпаз ойыншы өзінің «жұлдызды сәтінде» ойын, тілегін білдіреді
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |