Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Математикалық футбол


Математикалық футбол

Математикалық футбол

 

Мақсаты:

  1. Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, ойлауға ынтасын арттыру;
  2. Оқушылардың математикалық ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
  3. Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  нақыл сөздер, ойын алаңы, логикалық есептер, қатысушыларға «шабуылшы», «қорғауышы», «қақпашы» сөздері жазылған бейджиктер

Түрі: сайыс сағаты

Типі: ойын түрінде

Барысы:

1-жүргізуші: 

Қайырлы күн қадірменді көрермендер!

«Математикалық футбол» ойынына қош келдіңіздер!

Математика әлеміне шақырамыз,

Аз да болса білімді толтырамыз.

Қатысыңыздар, қолдаңыздар!

Ойыннан шет қалмаңыздар,

Ойнаңыздар, ойланыңыздар,

Жайбарақат болмаңыздар!

2-жүргізуші:

Ойынның шарттары:

  1. Ойын 2 топтың сайысы түрінде өтеді. Әр топ 1 қақпашыдан, 3 қорғаушыдан және 2 шабуылшыдан тұрады.
  2. Ойын алаңы 5 бөлікке бөлінген:
  • Ортаңғы бөлік – доп лақтыру үшін;
  • Қорғаушылар мен шабуылшылар бөлігі;
  • Екі қақпашылар бөлігі.
  1. Ойын кезінде ойын шартын 2 рет бұзушылар басқа ойыншымен ауыстырылады.

1-жүргізуші:

Ойын «доп лақтырудан» басталады. Есеп шарты оқылады. Есепті ойынды бастайтын топтың шабуылшысы мен қарсылас топтың қорғаушылары орындайды. Есеп шығарылса, қатысушы қолын көтеріп, жүргізушінің рұқсатымен есептің жауабын айтады.

Егер қорғаушылар жеңсе, осы топтың шабуылшылары мен екінші топтың қорғаушылары ғана ойнайды.

Егер шабуылшылар жеңген болса, онда доп қақпашылардың бөлігіне өтіп, қарсылас топтың қорғаушыларының орнына қақпашы ойнайды.

Егер қақпашы дұрыс жауап бермесе, ал шабуылшылар дұрыс жауап берсе, онда қақпаға гол соғылған болып есептеледі.

Тапсырмалар:

  1. Қосындыны тап:  5+10+15+20+25+...+100.

Жауабы: 1050.

  1. Салмақтары 1,2, 3, 4, 5, 6, 7 грамм болатын алмаз тастарды салмақтары тең болатындай етіп, төрт сандықшаға қалай орналастыруға болады?

Жауабы:  7 грамнан.

  1. Бір кірпіштің салмағы жарты кірпіш пен 2 килограмға тең. Бір кірпіштің салмағы қандай?

Жауабы: 4 кг.

  1. Кітапта 240 бет бар және оның 60 парағының қалыңдығы 1 см екендігі белгілі болса, кітаптың қалыңдығы қандай?

Жауабы: 2 см.

  1. Сандар белгілі бір ережемен жазылған. Келесі 3 санды анықта: 9, 7, 10, 8, 11, 9, 12, ... .

Жауабы:  10, 13, 11.

  1. Қайрат Жанардан кіші, бірақ Талғаттан үлкен. Ал Ажар Жанардан үлкен болса, ең үлкені қайсы?

Жауабы: Ажар.

  1. Теңдеуді шеш:  .

Жауабы: 17,94.

  1. Теруші бірінші күні шығарманың 24 бетін терді. Бұл барлық шығарма беттерінің 0,3-дей. Шығарма неше беттен тұрады?

Жауабы: 80 бет.

  1. Баласының жасы әкесінің жасынан 5 есе кіші, ал атасының жасынан 9 есе кіші. Үшеуінің жастарының қосындысы 105-ке тең. Баласы неше жаста?

Жауабы: 7 жаста.

  1. Маша мен Катя 40кг, Катя мен Света 50 кг, Света мен Даша 60 кг, Даша мен Галя 70 кг, Маша мен Галя 80 кг. Қыздардың әрқайсысының салмағы қандай?

Жауабы: Даша 20 кг, Маша 30 кг, Света 40 кг, Катя 10 кг, Галя 50 кг.

  1. Қабырғасы 1 метр болатын квадратты қабырғалары 4 см болатын квадраттарға бөліп, бір қатар қылып қойған. Қатардың ұзындығы қанша?

Жауабы: 25 м.

  1. Асхатта 1, 2, 3, 4 цифрлары жазылған карточкалар бар. Ол үштаңбалы сандар құрастырды. Сонда 6-ға бөлінетін неше үштаңбалы сан құрастыруға болады?

Жауабы: 6.

  1. Үш метрлік 60 бөренені жарты метрден арамен неше шөркеге бөледі?

Жауабы: 300 шөркеге.

  1. Жанұядағы әр баланың ең болмағанда 1 апасы (немесе қарындасы) және 1 ағасы (немесе қарындасы) болатын болса, жанұяда кем дегенде неше бала болуы мүмкін?

Жауабы: 4.

  1. Қандайда бір достардың жастарының қосындысы 29. 3 жылдан кейін олардың жастарының қосындысы 41 болды. Достардың санын тап.

Жауабы: 4.

  1. 2004 жылдың ақпанында 5 жексенбі болды. Төртінші жексенбі нешінші күн?

Жауабы: 22 ақпан.

  1. Мұғалім Арманға 6 есеп берді. Әрбір шығарылмаған есеп үшін мұғалім оған 2 қосымша есеп берді. Нәтижесінде Арман 14 есеп шығарды. Арман неше есеп шығара алмады?

Жауабы: 4 есеп.

  1. 4 сылақшы 6 бөлмені 5 сағатта сырлайды. 12 сылақшы 18 бөлмені неше сағат сырлайды?

Жауабы: 5 сағатта.

  1. Ребусты шеш:

  УМ

   ШУМ

   ВМШ

Жауабы:  74+874=948;  62+462=524.

  1. Айдос пен Жандоста бірдей ақша бар. Жандоста Айдосқа қарағанда 10 тг артық болуы үшін бір-біріне қанша теңге берулері керек?

Жауабы: Айдос 5 тг беруі керек.

 

  Қорытынды. Жеңімпаз топ марапатталады.

2-жүргізуші: Ойынға қатысқан оқушыларға алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз. Ойынды тамашалаған көрермендерімізге, ойынға қатысушыларға көп рахмет!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ертіндіге (концентрацияға) берілген есептерді шешу.
«Ғажайып математика»
Қызықты математика
Талап, еңбек, тарең ой
Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап
Менің жұлдызды сәтім ойыны
Біртекті тригонометриялық теңдеулер
Тереңдетіп оқыту- білім сапасын арттырудың бастауы
5-11 сыныптарға арналған тест
8 ге көбейту және бөлу
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 4161 | Қосты: Асанова Жулдыз Мажитовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык