Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / География |
Көрсетілім: 3115 |
|
|
|
Суды қорғау
Сабақтың тақырыбы: Суды қорғау
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Табиғаттағы судың тіршіліктегі маңызын, пайдасын, сусыз тіршілік жоқ екенің, суды әр уақытта үнемдеп, босқа төкпеу керек екенін түсіндіру.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту. Жүйелі сөйлеуге дағдыландыру танымдылық белсенділіктерін арттыру, сөздік қорын кеңейту.
Тәрбиелігі: Қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты қорғауға, табиғатты сүюге, адамгершілікке үнемділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: карта, суреттер, слайдтар, сызбалар.
Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, ой-қозғау, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
- Ал оқушылар, қазір дүниетану сабағы, сабақта дұрыс отырып, тыңдаймыз.
ІІ. Үй тапсырманы тексеру.
Тест әдісі бойынша:
1. Су қандай зат?
А) қатты Ә) сұйық Б) жұмсақ
2. Судың түсі қандай ?
А) ақ Ә) түссіз Б) мөлдір
3. Судың пішіні бар ма?
А) дөңгелек Ә) төртбұрыш Б) жоқ
4. Қаспий теңізінде не өндіріледі?
А) көмір Ә) мұнай Б) алтын
5. Өзеннің көлге, теңізге барып қосылатын жері қалай аталады?
А) саласы Ә) арнасы Б) сағасы
6. Астана қай өзеннің бойында орналасқан?
А) Нұра Ә) Ертіс Б) Сырдария
7. Көлдердің көлемі қандай болады?
А) бірдей Ә) әр түрлі Б) үлкен
8. Жер бетіндегі суға толған ойыстарды не деп айтады?
А) өзен Ә) жыра Б) көл
Үй тапсырмасын тұжырымдауға жетекші сұрақтар қойып жауап алу.
1. Судың тіршілік үшін қандай маңызы бар?
2. Өзен қандай бөліктерден тұрады?
3. Тұзды көл қалай пайда болады?
4. Жасанды көл қалай жасалады?
5. Картадан Қазақстанда кездесетін ірі көлдерді көрсету.
V. Жаңа сабақ.
Мағынаны тану. Поэзия минуты арқылы бүгінгі өтетін сабақты ашу.
Ата – бабамыз ұлттық дәстүрімізде лайламау, суды сабамау, былғаламау туралы өсиет сөздерді айтқан.
1-оқушы: Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса тірлік тамам бауырым.
Судың біздер біле тұра маңызын,
Көп болған соң, ұмытамыз қадірін.
2-оқушы: Жақсы болсаң - жердей бол,
Бәрін шыдап – көтерген.
Таза болсаң – судай бол,
Бәрін жуып көтерген.
3-оқушы: Біздің елімізде су қоймаларын қорғау туралы арнаулы заң қабылданған. Ол заң бойынша барлық сарқынды су өзендер мен көлдерге ағызылар алдында міндетті түрде зиянды қоспалардан тазартылуы керек.
Экранға көз жіберіп, слайдтар арқылы суреттерді қарап, әңгімелеу, оқушыларды әңгімелету.
V. Дәптермен жұмыс.
Су туралы мақал – мәтелдер жазу.
1. Су ішкен құдығына түкірме.
2. Бір кісі қазған құдықтан – мың кісі су ішер.
3. Сыйлап берген су да тәтті.
4. Су анасы – бұлақ, сөз иесі – құлақ.
5. Су басынан бұзылар.
6. Судың басы болса да, аяғы құлар теңізге.
7. Жақсыдан жаман түссе де, тартпай қоймас негізге.
VІ. Қортындылау. Венн көрсету.
шахта
завод
автомобиль көліктері
өнеркәсіп
жуындылар тағамның қалдықтары
Бағалау. Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма. «Суды қорғау» мәтінді оқып мазмұндау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |