Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ауа (дүниетану пәні)


Ауа (дүниетану пәні)

Сабақтың тақырыбы: Ауа (дүниетану пәні)

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ауаны сезінуге болатынын дәлелдей 
отырып, жер бетін ауа қоршағанын, оның тірі табиғат үшін пайдасын ашу, ауа туралы білімдерін кеңейту. 
Дамытушылық: Ауаның қоршаған ортамен байланысын, маңызын 
меңгерте отырып, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. 
Тәрбиелік: Оқушыларды ауаны таза сақтауға, қорғауға 
тәрбиелеу. 
Сабақтың құралдары: Суреттер, шар, ыдыстар, ребустар, тірек-сызба. 
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ 
Сабақтың тәсілдері: Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, тәжірибе. 
Сабақтың барысы.  
Психологиялық дайындық. 
- Балалар, алдарындағы айнаға қарандаршы. Сендер кімді көріп тұрсыңдар? Өздерің қандай екенсіңдер? 
Қол алысып, қәне біз, 
Достасайық бәріміз! 
Айтарым бар сендерге 
Тез тұрыңдар шеңберге! 
       (Оқушылар шеңберге тұрады). 
- Тапсырманы мұқият тыңдаңдар! Егер мен айтқан сөз өзіңе сәйкес келсе, тез отыр. Шапалақ соққанда жылдам тұрамыз. Келістік пе? 
• Көзі қара балалар мен қыздар. 
• Шашы ұзын қыздар. 
• Ақ көйлек киген ұлдар. Мақтаншақ балалар. 
• Өтірік айтпайтын балалар 
• Сырға таққан қыздар 
• Жыбырлағанды жақсы көретін балалар 
• Жақсылық жасайтын балалар. 
- Бәрекелді балалар, біздің сыртқы келбетімізде айырмашылық болғанмен, біздің жақсы қасиеттеріміз біріктіреді екен. Ендеше жаңа сабақты бастамас бұрын мына ребусты шешейік. 
‘ Балық ”””  ”Тауық” Ай’  (Шешуі: Ауа) 
- Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Ауа». 
Дәптерімізді ашып, жаңа сабақты жазайық. 
1.  Ауыздарыңды жауып, мұрындарыңды қысыңдар. 
Іштеріңнен санаңдар, не байқадыңдар? Тұншықтыңдар – сендерге не жетпейді? 
- Ауа. 
2. Ыстықтап терледіңдер. Қолдарыңа желпеуіш алып, желпи бастадыңдар. Неге? Ауа бетке соққанда салқындадыңдар, терлерің басылды, не сездіңдер? Көрдіңдер ме? Көрген жоқсыңдар. Ауаны көрмейтін себебің – ол түссіз, мөлдір. 
Ауа көзге көрінбейді. 
Түссіз. 
Ауаның иісін сездіңдер ме? Сезген жоқсыңдар, ол иіссіз. 
Ауа – иіссіз. 
Ауаның дәмін татып көрейікші. Ол – дәмсіз. 
Ауа дәмсіз. Бұл оның қасиеттері. 
Ауа өсімдікке де, жануарға да, бүкіл тіршілік иелерінің бәріне керек. Кез келген заттың бойында ауа бар. Оны дәлелдеу үшін тәжірибе жасап бақылап көрелік. 
1-тәжірибе. 1 стақан суға 1 түйір қант сал. 
Судың бетіне ауа көпіршіктерінің  шыққанын көресің. Осыдан қант түйірінде ауа бар екенін білдік. Кірпіш сынығымен де жасауға болады. 
Басқа денелер сияқты ауа да орын алады. Оған мысал ретінде 2-тәжірибені жасайық. 
Ішіне су құйылған ыдысқа стаканды төңкер. Стаканға су кірмейді. Себебі стаканның ішінде ауа бар, ол орын алып тұр. Ал стаканды сол тұрған қалпында кішкене қисайтсаң, ауа көпіршіктері шыға бастайды. Стаканнан шыққан ауаның орнына ауа су кірді. 
3-тәжірибе. Алдарыңдағы шарды үріңдер, неге ол тарсияды? Оның ішіне не толды? Оның пішіні қалай өзгерді? 
Дәптермен жұмыс «Ауа» сөзіне ассоциация құру. 
Ауа – тіршілік көзі жазбаша орындау. 
Шығармашылық тапсырма. Ауа таза болу   үшін не қажет екенін жазу. 
Желдеткіш қосу, есік-терезені жабу, бөлме өсімдіктерін отырғызу, терезе ашу, тазалық сақтау. 
- Жақсы балалар, енді өткен сабақты қайталап есімізге түсірейік. Мына кубикті айналдыра отырып, шыққан сан бойынша сұрақ бар. 
10 – 5 қажеттілікті ата (жер, су, ауа, жылу, жарық). 
10 – нені білдіреді?
10 – ас атасын ата? 
20 – сусыз, ауасыз неше күн жүре аламыз?
20 – Сыйластық ережесін айт. 
30 – «Тұсбағар» туралы жұмбақты айт.  
30 - Тұсбағарды кімдер қолданады? 
30 – «Әдептілік» деген не? 
30  - «Масштабтың» ережесін айт. 
Суретті диктант
Күз келді.      суыта бастады. Аспанды           торлап, жаңбыр жиі жауады. 
Сергіту сәті. 
Деміңді ішіңе тартып, тыныс алыңдар, көпірігің көтеріледі. Ал деміңді шығарып көр. Көкірегің қалпына келеді. 
- Балалар, бүгінгі сабақта не туралы айттық? 
- Дұрыс, олай болса, мына өлең жолдарын жатқа айта қойыңдар. 
Ауа – өмір нәріміз, 
Тыныстайтын бәріміз. 
- Жақсы балалар, енді мына саңырауқұлақтарды сан ретімен дұрыс қойсаңдар, сиқырлы әдемі сөз шығады. 
Сиқырлы сөз «Жарайсыңдар!» 
Сабақты қорыту. 
Оқушыларды бағалау, мадақтау.    

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Табиғатты аялайық!
Жер мен су
Тәжірибе жасау
Ауа. Ауаның қасиеті.
Ауаның құрамы.
Ауа құрамы
Ауа. Ауаның қасиеттері
Теріс сандарды қосуға есептер шығару
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Балалармен бірге танымдық тәжірибе жұмыстары
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3796 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык