|
|
Ауа. Ауаның қасиеттері
Пән мұғалімі: Божканова Л.Б.
сыныбы 2 «Б» кабинет №2
уақыты 10.40 сағ күні 28 қазан
Семей қаласы
Сабақтың тақырыбы: Ауа. Ауаның қасиеттері
Сабақтың мақсаты: Ауаның қасиеттерімен таныстыру.
Сабақтың міндеттері:
1. Ауаның серпімді, сығымды екенін дәлелдеу және тәжірибе арқылы оқушыларға ғылыми түсінік беру.
2. Оқушылардың ой –өрісін, танымдық белсенділіктерін арттыру, сөйлеу тілін дамыту.
3. Оқушыларды экологиялық тәрбиеге баулу.
Әдісі: тәжірибе жұмысы, түсіндіру, сұрақ –жауап
Көрнекілігі: слайдтар, тәжірибеге қажетті заттар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Психологиялық даярлық
Қоршаған орта табиғат,
Жануар, өсімдік, адамзат.
Сүю, қорғау – парасат,
Білейік мұны жамағат.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Қазір қандай жыл мезгілі?
- Яғни күз мезгіліне байланысты бүгін мен сіздердің сабаққа қатысқандықтарыңызды жапырақтар беру арқылы бағалаймын. Сондықтан сабаққа қатысып, көп жапырақ жинауларыңызға тілектеспін.
Тест.
- Көкжиек дегеніміз не?
А) аспан мен жердің астасқан жері
Ә) маңайдағы көз жететін кеңістік
Б) аспанға қарау
2. Кеңістіктіңаспанменастасқанжері
А) көкжиек тұсы
Ә) кеңістік
Б) көкжиек сызығы
3. Көкжиектұстарыннеменанықтауғаболады?
А) магниттік тілмен
Ә) сызғышпен
Б) құбылнама(тұсбағдар)
- Заттың үстінен қарағандағы көрінісінің сызбасы қалай аталады?
А) масштаб
Ә) сұлба (план)
Б) сурет
5. Адам өміріне не қажет?
А) доп, ән, киім
Ә) ауа, су ,жарық, жылу
Б) кітап, велосипед
Жауаптары мен бағалауы жазылған слайд арқылы балалар жұптық бағалау критериясын орындайды.
«Жапырақ жинау» ойынын ойнау.
- Көкжиектің негізгі тұстарын ата.
- Көкжиектің аралық тұстарын ата.
- Құбылнаманың құрылысын айт.
- Сұлбаның (планның) суреттен айырмашылығы неде?
- Сұлбаны кімдер пайдаланады?
- Балалар, біз алдыңғы сабақтарда көкжиек, көкжиек тұстары және сурет, сұлба жайлы мағлұматтар алды. Ендеше тақтадағы сұлбаны атап көрейік те сұлбаның артындағы жасырынған сөзді табайық.
ІІІ. Жаңа сабақ
Яғни бүгінгі біз «Ауа. Ауаның қасиеттеріне» тоқталамыз. Мақсатын айту.
- Сіздер немен және қалай тыныс аласыздар?
- Деміңді ұстап қанша уақытқа дейін тұра аласыздар?
Қосымша материалдарды түсіндіру.
Ауа қабаты бізді және біздің ғаламшарымыз – Жерді қоршап тұр. Осы қабатты атмосфера деп атайды. Ол біздің планетамыз Жерді Күннің радиациясынан қорғайды. Егер ауа қабаты жойылып кетсе, онда тіршілік жойылады. Күннің ыстық сәулесі түгел күйдіріп жібереді.
Жер бетіндегі ауаның қозғалысы жел деп аталады. Жел соққанда ағаштарды шайқайды, жапырақтарды түсіреді. Ауаның құрамы:
Азот-78%Оттегі-21%
Көмір қышқыл газы-1%
Сергіту сәті: «Қара жорға» биі
Мәтінді оқу, оқушылардың оқуы, талдау.
ІҮ. Тәжірибе жасау
Балалар біз қазір түрлі тәжірибелер жасап көреміз. Ол үшін сіздер осы тәжірибе арқылы не көргендеріңді дәптерлеріңдегі парақшаға жазып отырыңыздар.
№1 тәжірибе .
Суретті алақаныңмен жап. Не көресің? Әрине сен ештеңе көре алмадың. Себебі: сенің алақаның мөлдір емес.
Алақаныңды көтер. Қазір сурет пен сенің аралығыңда тек ауа ғана бар. Оның арасынан сен суретті анық көресің.
Қорытынды жасайық. Ауа қандай екен? Ауа – мөлдір, түссіз.
№2 тәжірибе.Допты екі бүйірінен қысайын. Доп сығылады, кішірейеді. Жібере қалсақ қайтадан орнына келеді. Яғни ауа сығылады.
№3 тәжірибе. Допты жерге ұрып, оның секіргенін байқау. Допты секіртіп тұрған не ? Ауа. Олай болса ауа серпімді.
№4 тәжірибе. Ауаның бұдан басқа да маңызды қасиеті бар. Жіңішке май шамның біреуін үшке тең етіп бөліп, әрқайсысын жағып үстел үстіне қою.
А) Оның біреуін стақанмен жабу.
Ә) Май шамның екіншісін банкімен жабу.
Б) Үшіншісін ашық қалдыру.
Байқау : Қай май шам сөнер екен ? Қорытындыны оқушыларға жасату.
Сұрақ :Май шамдар неліктен әртүрлі деңгейде жанғанын балаларға айтқызу.
Күнделікті өмірмен байланыстыру.Егер пештегі ағаштың , көмірдің жануын күшейту керек болса, оған ауаның мол кіретіндей ету керек. Мысалы ақырын жанып жатқан отты үрлесең , ауа мол кіріп, жану күшейеді. Егер жанып тұрған отқа ауа жібермесең , ол сөнеді. (Көрсету.) Бөлмеде өрт бола қалса, су құю керек.
Ү. Бекіту
Яғни бүгінгі тәжірибе арқылы көп нәрсе білдік осы білгенімізді кестеге толтырайық.
Сабақтың тақырыбы |
Тәжірибедегі зат |
Тәжірибеден білгенім |
Менің ойым |
|
Балалар бізге тағы да бейне сұрақ келді. Ол суреттерге қарап отырып не айта аласыздар?
ҮІ. Қорытындылау
- Балалар біз бүгін ауа туралы не білдік?
- Ауаның қасиеттері қандай ? (Күннің шуағын толтыру)
Үйге тапсырма беру.
- Қане жапырақтарыңызды санайық, бағалау.
- Осындай күзгі шуақты күндердің бірімен сабағымыз аяқтаймыз. Сау болыңыздар
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |