Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 4164 |
|
|
|
Наурызым - әз наз гүлім!
Тақырыбы: Наурызым - әз наз гүлім!
Мақсаты: Жыл басы- Наурыз еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ынтымақ пен ырыстың мерекесі екендігін балаларға түсіндіру. Халқымыздың салт-дәстүрін дәріптеу арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке, адмагершілікке тәрбиелеу.
Әдісі: Ертеңгілік
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Кіріспе сөз
Құрметті ата-аналар, бүгінгі мерекеге шақырылған қонақтар!
Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наузыз тойын тойлатып Жаңа жыл келді жерімізге.
Наурыз мейрамы- Күн мен Түннің теңелетін күні 22 –Наурызда атап өтетін Ұлы мереке. Наурыз күнін халқымыз жаңа жылдың басы- «Ұлыстың ұлы күні » деп есептеп, зор қуанышпен қарсы алған. Ұлттық салт- дәстүріміз, ойын-сауығымыздың бәрі тегіс қамтылатын мереке.
Тойларыңыз құтты болсын!Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке тек жақсылық әкелсін!
Абзал
Наурыз қайтып оралды, аты да аңыз,
Сұрамаймыз алғыс та ақы да біз.
Үй, дастархан, даламыз, сахнамыз,
Ұлы мейрам-Наурызға шақырамыз!
Аяжан
Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ,
Қалыс адам болмасын некен -саяқ
Ән шырқап, би билеиік қауым болып,
Тұрамйтын уақыт келді өнерді аяп.
О. Нұрасыл
Қанекей, қарсы алайық жылдың басын
Қосылып жасқа жасың, басқа басың.
Барайық келер жылғатөрт көз түгел,
Аман боп, алыс-жақын, кәрі –жасың.
Аружан
Наурыз –шыр айналған жылдың басы,
Адамның өлшенеді өмір жасы.
Қазақтың пейіліне жарасады,
Әр үйде дастарханда толған асы.
ӘН: «Наурыз тойы» орындайтын хор.
Алмаз
Келді Наурыз жар салып,
Би билейік, ән салып.
Жылда келсін Ұлыс күн,
Тұрайық есен қарсы алып.
Едіге.
Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүтке бұлақ ағызған.
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан.
Б.Нұрасыл
Сәнді көктем нұрымыз,
Наурыз тойы жырымыз.
Көңіл гүлдей жайнасын,
Құлпырсын қыр мен ой,
Алихан
Жаңарғаны сананың,
Ұмытады мұны кім?
Ата – салтын бабамның,
Алып келді Ұлыс күн.
ӘН: «Балдырғандар » Өлеңін жазған: С. Жиенбаев. Әнін жазған: Б.Ғизатов орындайтын хор
Алина
Наурыз келді- жыл келді,
Тірілтуге гүлдерді.
Сәнденеді аналар,
Сәбилер мен бірге енді.
Алмаз
Күн күліп көктен
Шуағын төккен.
Келді наурызым
Сағынып күткен.
М.Ерасыл
Есебімен дананың
Күн мен түн теңелген
Наурызымыз – жаңа күн,
Парсы сөзі көнеден
Тәрбиеші.
Сәнге толы қазағымның тірлігі
Кіріп тұрса ынтымақ пен бірлігі.
Әр жүрекке бүршік жарып гүлдейді
Сезіміңді серпілтеді би енді.
БИ: «Тостаған» орындайтын қыздар тобы.
Сабина
Жыл басы-Наурыз мереке,
Ақнұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды.
Аяжан
Әнім де саған биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлап еліме,
Күлімде Наурыз, күлімде!
ӘН: «Домбырасыз ән қайда?» орындайтын Шоқатай Жарқын
БИ: «Қаражорға» орындайтын ұлдар тобы.
ТӘРБИЕШІ: - Ата-бабаларымыз қазақтың салт- дәстүрлерін,
тәрбиелік мәні зор әдет-ғұрыптарын сақтай білген. Сол мақсатпен біз бүгін осында отырған әжелерімізді ортаға шақырып, бала тәрбиесінде ерекше мәні бар «Тұсау кесу» рәсімін көрсетсе екен дейміз. Ортаға Аружанның анасын шақырсақ. «Тұсау кесу» рәсімі.
ӘН: «Мен бақытты баламын» орындайтын Әбді Балымай
Ералы
Ұлы күні Ұлыстың,
Күн мен түннің теңелген.
Тәтті дәмін ырыстың,
Таттық Наурыз көжеден
Қ. Ерасыл
Наурыз келді құт болып,
Мына бізге сүт болып.
Аққа аузымыз толады
Бар жақсылық болады.
Балымай
Наурызда оюлы,
Ұлттық киім киеміз.
Бастап ән- күй ойынды,
Би билеуді сүйеміз.
БИ: « Адай » орындайтын ұлдар .
Диас. Кел, балалар ойнайық
Наурыз тойын тойлайық
Баянды боп мереке,
Қыр гүліндей жайнайық
Алмаз Ұлыс бақты болсын,
Төрт –түлік ақты болсын!
Нұрсұлтан. Ұлыс береке берсін,
Пәле-жала жерге енсін!
- Наурыз мерекесінің танымдық қуаты мол, рәсімдері мен шарттары, талаптары баршылық. Соның бірі Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесінде дайындалатын «Наурыз көже» Ол кемінде жеті түрлі тағамнан дайындалуы керек деген түсінік бар «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар»- деп халық жадына сақталған түсінік бойынша ол мейлінше мол жасалуы керек.
Б. Нұрасыл
Наурыз тойын әдемі,
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап әдейі,
Наурыз көже пісірді.
Марғұлан
Арпа, бидай бастаған,
Жеті дәмнен аспаған.
Наурыз көже – көп көже
Бұл тойдағы бас тағам.
- Енді балалар осы Наурыз көже жайлы Нұрасылдың анасы мен Марғұланның анасына сөз кезегін берсек. (Ата-ана : Света, Ұлжан)
- Балалар, енді қазақтың ұлттық ойындарын ойнап көрсек.
Ұлттық ойындар: «ХАН ТАЛАПАЙ», «КҮШ СЫНАСУ» т.б.
Қорытынды:
Тәрбиеші:
-Мейірім айы-Наурыз. Кешірім айы-Наурыз, қанағат беріп көңілге, сабырлық берсін, - дей отырып,
«Наурызым-әз наз гүлім ! » атты ертеңгілігіміз аяқталды.
Халқымызда батаның түрлері өте көп, соның бірі - Наурыз бата. Олай болса осында отырған үлкендерден бата алайық.
Қазақ халқында «дәм тарту» салты бар. Дәм тарту- ата-салт қазақтың жөн-жоралғысы. Дәм татыру- аса құрметтеудің, жақсы көңілдің айғағы.Олай болса, барлық қонақтарды мерекелік дастарханға шақырамыз.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |