Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 1574 |
|
|
|
Сын есімнің түрлерінен өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің түрлерінен өткенді қайталау
Қатыстық және сапалық сын есімді бекіту.
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың сын есім тақырыбынан алған білімдерін бекіту, практикалық жұмыспен ұштастыру.
2. Сын есім туралы өздеріне ой қорыту, ойлау қабілетін жетілдіру, топпен ойды бүкпесіз айтуға дағдыландыру.
3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Өткенге шолу, қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, топпен жұмыс.
Көрнекіліктер:Оқу құралдары, сурет, т.б
Сабақтың жүру барысы:
І.Ұйымдастыру
ІІ.Үй жұмысын тексеру.
- Балалар тақтада тұрған кімнің суреті?
- Абай туралы не білесіңдер?
- Бүгінгі сабағымыздың арқауы ретінде Абай аталарыңның мына бір өлең жолын алайық:
Мынау тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған
Өр Абайдың төтеген кім бетіне?
(Ж.Жабаев)
1 – топ «АҚЫЛ» Лидері –Дамира
2 –топ «ҚАЙРАТ» Лидері – Медет
3 – топ «БІЛІМДІ» Лидері- Самал
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Сын есімдерді қайталау» Мақсатын айту.
1. Тапсырма. «Нені білеміз?» Блокпен жұмыс
- Сын есім дегеніміз не?
- Тұлғасына қарай бөлінуі.
- Мағынасына қарай бөлінуі.
(Киіз үйдің суреті)
Ашық есікке сын есім, сұрағы.
Екі керегесіне 1.Тұлға - негізгі, туынды.
Мағына – сапалық, қатыстық.
Уықтарына жазылған сөздер неге қарама - қарсы?
(Киіз үйдің әр бөлігін жеке – жеке талдау)
2- Тапсырма. «Топтастыру» әдісі бойынша сын есімнің ең маңызды белгілерін топтастыру.
СЫН ЕСІМ – дара, күрделі, сапалық, қатыстық, негізгі, туынды.
3- Тапсырма. Карточкалармен жұмыс.
................................................................................................................................................................мейірімді, қатал, сабырлы, жеңілтек, сыпайы, дөрекі
6-сын есімге 6-карточка Мазмұны сызбадағы мінездің қайсысына тура келетінін айтады.
1. Қабағы түйілген , сұсты, өзінің айтқанын ғана орындататын, қатал талап қояды:
2. Жылы сөйлейді, жылы сөзді, қабағы ашы, барлық адамға өзінің шуағын шашады, ақкөңіл.
3.Сөзінде, удесінде тұрмайды, жұмысын аяғына дейін жеткізіп орындай алмайды, тұрақсыз.
4. Көп сөйлемейді, жұмысын асықпай тиянақты орындайды, салмақты, қорғасындай ауыр мінезді.
5. Төбелескіш, ауыр сөздер айтады, артық сөйлейді, менмен тек қана өзін сүйеді, қызылкөз, алаяқ.
6. Қатты сөйлемейді, үлкенді сыйлайды, құрметтейді, кішіге қамқор, біреудің алдын кесіп өтпейді. (тақта алдына шығып анықтайды)
4-Тапсырма. «Табиғаттың ғажайып айлары-ай» ойыны.
Абай аталарыңның жылдың 4 - мезгіліне байланысты жазған өлеңдерін естеріңе түсіре отырып, шағын әңгіме, эссе т.б. жазыңдар.
(ҚҮЗ, ҚЫС, ЖАЗ, КӨКТЕМ)
5-Тапсырма. Кітаппен жұмыс. 154 – жаттығу.
1 – топ. Алгоритмдік деңгей. Мәтінге ат қою.
2 – топ. Оқушылық деңгей. Сын есімді табу.
3 – топ. Ізденімділік деңгей. Мағынасын, тұлғасын ашу.
6-Тапсырма. «Ой- толғаныс»
Н.НАЗАРБАЕВтың «ҚАЗАҚСТАН – 2030» бағдарламасында «ҚАЗАҚСТАН – ЖАСЫЛ ЖИЕКТІ; МӨЛДІР СУЛЫ ӨЛКЕГЕ АЙНАЛУЫ ТИІС» делінген.
Фонетикалық талдау.
1 – топ. ЖАСЫЛ.
2 – топ. МӨЛДІР.
3 – топ. СУЛЫ.
7. Қорытындылау. «Нені ұмыттым?» ойыны.
Есім сөздер Етістік
... лі бала ... ғақ сәби
... сіз оқушы ...ық есік
...ғы қоңырау ...кір пышақ
...тық күрес ...шек ат
...шіл қыз ...палы терезе
8. Үйге тапсырма
1.Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін тауып жазу, талдау.
2.Ережеге шолу.
3.155-жаттығудағы «Әділетсіздік» мәтінін талдап, жоспарлау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |