Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Үш өлшемді әдістемелік жүйе (УӘЖ) – сапалы білім беру кепілі


Үш өлшемді әдістемелік жүйе (УӘЖ) – сапалы білім беру кепілі

Үш өлшемді әдістемелік жүйе (УӘЖ) – сапалы білім беру кепілі

ХХІ ғасырдың жан – жақты зерделі, дарынды талантты тұлғасын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Егеменді елдің «Ел межесі – елулікке өту» басты мақсаты болған соң, білім мен ғылым саласы дүниежүзілік деңгейге сай болуы керек.
    Бүгінгі таңда педагогикалық технологиялардың 300- ге жуық түрі белгілі, солардың ішінде «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» (УӘЖ) педагогикалық технологиясы. Авторлары: Ж.А.Қараев және Ж.У.Кобдикова.
Әдістеменің ерекшелігі мен мазмұны неде?
    «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясын қолдану арқылы сыныптағы оқушылардың білім сапасын көтеруге болады. Бұл технологияны негізінде оқушының жеке басының қабілетіне сәйкес ой белсенділігі мен шығармашылығы қарапайымнан күрделіге бағытталады.
     Бұл әдістеменің тағы бір ерекшелігі, оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандырып, арттыратын құрал ретінде «ашық журналда» қолдану аталмыш технологияның оқушыларды бағалаудың ынталандыру  жағын күшейтетін ұтымды бөлігі болып табылады.
     «Ашық журнал» арқылы әр оқушы орындаған тапсырмасын осы журналға тіркеу барысында олар бір – бірінің алға жылжуын бақылау мүмкіндігіне ие болады және деңгейлік тапсырмаларды орындау дәрежесі туралы ақпарат ала алады
 
Сабақ құрылымының мазмұндылығы мен жүйелілігі реттеліп,  тақырыпты меңгеруде оқушыда өз бетіндік іс – әрекет белсенді жүреді. Мұғалім әр оқушының білім – білік дағдысын зерттеуге мүмкіндік алады.
    «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» (УӘЖ) – технологиясымен жұмыс жасауда мұғалімнің теориялық деңгейі нығайып, шығармашылық ізденісі жан – жақты дамиды.
    Нәтижесінде шынайы жарыс рухы пайда болады, тәжірибе көрсеткендей, оқушы өзінің ілгерілеу динамикасын басқа адам табыстырақ оқушылармен салыстыра отрырып олардан қалғысы  келмейді, оның табысқа итермелейтін ынта жігері артады.
  «УӘЖ» технология қолдану жағдайында оқушы мен мұғалімнің өзара тәуелді корпоративті әрекеті басым болады, сондай – ақ оқуды рефлексивті басқару жүзеге асырылады. Және педагогикалық диагностика әдістерін онтайландыратын, бұл технологияның денсаулық сақтаушы қасиеті бар.
   Технологияның тиімділігі:
   Технологияның «психо сақтаушы» екендігін айтуға болады, өйткені ол оқу процесінің барлық қатысушыларына қолайлы жағдай туғызады.
1. Баланың жеке қасиеттерін, оның темпераментін, оқу материалын қабылдау ерекшеліктерін ескеру.
2. Мұғалім технологияны жұмыс барысында қолдануда үлкен жетістіктерге қол жеткізеді.
Сабақтың негізгі кезеңдері:
І кезең. Ұйымдастыру кезеңі .
ІІ кезең. Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп көруге мүмкіндік туғызу.
ІІІ кезең. Әр оқушының қалыптасқан құзіреттілік деңгейін айқындап бағалау кезеңі.
   Сабақтың негізгі кезеңдері, олардың бірізділігі және логикалық байланысы, сабақ құрылысының оның мазмұны мен мақсатының сәйкестігі, әрбір сабақ кезеңдеріне уақыттың бөлінуі сақталған.  
   Қорыта келе, « Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі » педагогикалық технологиясы арқылы төмендегі көкейтесті мәселелер шешімін табатынын айтуға болады:
1. Оқушылардың білім сапасы көрсетіледі олар әрбір пән бойынша мемлекеттік стандарт деңгейінің ең аз қажетті көлемін 100% үлгеріммен қамытуына кепілдік алады;
2. Қабілеті жететін пәндерден жоғары деңгейлерге дейін жете алатын болады;
3. Әр оқушыға үй жұмысы жеке басының қабілетіне сәйкес сараланып берілетін болады. Сол арқылы артық жүктемені жою мәселесі шешімін табады.
4. Дарынды балалар дер кезінде анықталып, дами алады.
5. Оқу сапасының мониторингісі және диагностикасы оқушы білімін бағалаудың әділеттілігі қамтамассыз етіледі.
6. Оқытуды ақпараттық технологиялар тиімді пайдаланады.
Сабақ үлгісі
Тақырыбы:  Есімдік. Жіктеу есімдігі
І кезең
 
І кезең
Көпір тапсырмалар 1.Берілген есептік сан есімдерден реттік,топтау, жинақтау, болжалдық сан есімдер жаса.
5,7,3, 10, 20, 120,1000, 34
_Реттік сан есім: бесінші, жетінші, үшінші, оныншы, жиырмасыншы, жүз жиырмасыншы, мыңыншы, отыз төртінші.___________________________________________
_Топтау сан есім: он- оннан, бес-бестен, жеті-жетіден, үш-үштен, жиырма-жиырмадан, жүз жиырма-жүз жиырмадан, мың-мыңнан отыз төрт-отыз төрттен ________________________
Жинақтау сан есім: бесеу, жетеу, үшеу. ____________________________________________
Болжаудық сан есім: бестеп, ондаған, мыңдаған, жүз жиырма шақты, үштерге (келген) жиырмаға тартар, жетіге жуық,отыз төртке жақын.
2. Дара және күрделі сан есімдерді ажырат.
Отыз, елу, жетпіс, жеті, алпыс тоғыз,төрт –бес, бір бүтін үштен екі, үш, алпыс.
Дара сан есім: отыз, елу, жетпіс, жеті, үш, алпыс.
Күрделі сан есім: алпыс тоғыз, төрт-бес, бір бүтін үштен екі.
3. Дара және күрделі сан есімдерді қатыстырып сөз тіркесін жаса
Жиырма  __дәптер                                  тоқсан  _жаз______
Жүз елу үш ___күн_                                 қырық бес  қыз_____
Отыз екі  ___тіс____                                     алпыс __кітап_
Теориясы 
«Білу» (кім? Не? Қашан қайда? Не істейді 
«Түсіну» неліктен? Себебі?  Не үшін? Неге? ІІ кезең
1.Есімдіктер мағынасына қарай нешеге  бөлінеді? Жаз.
 
2.Белгілі бір заттық ұғыммен байланысты  қолданылатын есімдікті атап жаз? 
     Белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады.  
Жіктеу есімдіктері :мен ,сен,сіз,ол,біз,біздер,сендер,сіздер,олар
     3.Не себепті есімдікті  орынбасар сөз табы  деп аталады?
Себебі ?  Есімдіктер есім сөздердің(зат есім және сын есім,сан есім)атын да ,белгісін де,санын да атамай тек соларды нұсқап,меңзеп көрсетеді де,солардың орнына қолданылады.
     4.Жіктеу есімдіктері қандай сөз табының орнына жүреді? Мысал:
Ол (кім?)-оқыған азамат. Жіктеу есімдігі зат есімнің орнына жүреді.
Талдау салыстыр ерекшелігі неде? Коп нүктенің орнына тиісті есімдікті қойып,сөйлемдегі есімдіктер қандай сөз табының орнына қолданып тұрғанын анықта.
1. ....Мен              сендерге жеткім келеді. (зат есім)
2. ....Осы             кітапты  сен оқы.            (сын есім)
3. ....Бірнеше      бала ағаш отырғыздық.  (сан есім)
Жинақтау  қорытынды  шығар, анықтама бер.
1.Есімдік дегеніміз не?
Есімдіктер есім сөздердің атын да,белгісін де,санын да атамай,тек солады нұсқап,меңзеп көрсетеді де,солардың орнында қолданылады.Сондықтан есімдікті орынбасар сөз табы деп атайды. 
2.Мағынасына қарай  нешеге бөлінеді? 
Мағынасына қарай жетіге бөлінеді(Жіктеу,сұрау,сілтеу,өздік,белгісіздік,жалпылау,болымсыздық)
3.Жіктеу есімдігі  дегеніміз не?
Белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады.
4. Есімдікті  тап, қай сөз табы екенін айт.
Сен батыл болмай, батыр болмайсың.
Сен-жіктеу есімдігі,зат есім орнында жұмсалып тұр.
Практикасы:
Қолдану (қарапайым тапсырмалар)
   4.Кітаппен жұмыс. 194- жаттығу
Сен-жіктеу есімдігі,атау септік.Біз-ж.е. атау септік.Сені-ж.е.табыс септік.Бізге-ж.е. барыс септік.Сенің-ж.е.ілік септік.
4. Сөйлемдегі есімдікті тап.
1. Біздің сүйікті еліміз-Қазақстан Республикасы өркендей берсін!
2. Абайдың (Оның) сөзі, өсиеті мәңгі  тірі
Біздің-жіктеу есімдігі,ілік септік. Оның-жіктеу есімдігі. Ілік септігі.
Баға беру Сен қалай ойлайсың...
Не істер едің?
8.А.Ысқақов: «Жіктеу есімдіктері сан жағынан аз болғанымен,  қызметі жағынан есімдікттердің ішіндегі аса жиі қолданылатын тобы»-деді, 
Сен қалай ойлайсың?
Жіктеу есімдігі үнемі адаммен байланысты айтылып, жақтық ұғыммен келетіні айтылады. 
1. Мен ,, біздер І жақ-сөйлеушінің сөзін білдіреді.
2. Сен,сіз, сіздер.(ІІ жақ) –тыңдаушыны білдіреді.
3. Ол, олар ( ІІІ жақ) – бөгде адамды білдіреді.
Теориясы «Білу» Кім? Не? Қашан?
 
Практикасы:
«Қолдану»
ІІІ.  кезең
І деңгей
1.а)  жіктеу есімідігі жіктеле ме ?
Мысал  :
(жекеше) 1жақ мен            (көпше)   1жақ біз( біздер)
 2жақ  сен                              2 жақ      сендер
          Сіз                                          сіздер
3жақ ол                                 3 жақ      олар
2 б) Орынбасар  қызметін қай сөз  табы атқарады? Қашан?
Орынбасар қызметін есімдік атқарады. Қашан? Сан есім, сын есім, зат есім болғанда
 
3. в) Оқулықтағы 193-жаттығуды орында.
Ол ,сен, мен, сені.
 
 
Теориясы:
«Түсіну» Неліктен? Себебі? Не үшін? Неліктен? ІІ деңгей
1. а)  Не үшін есімдіктерді топқа бөлеміз?
Себебі :
Есімдіктердің атқаратын  мағыналары әр түрлі.
Неліктен ? 
Есімдіктердің  мағыналарын  ажырату үшін.
 
2. ә)  Жіктеу есімдіктерінің  жекеше түрінде септелгенде қандай ерекшеліктер бар?
3.
Себебі: 
1. Мен, сен, ол, сөздері ілік, табыс, шығыс септіктерінде келгенде түбірдің соңындағы н,л дыбыстарының түсіп ме-нің, сен-сенің, мен-мені
2. Барыс септігі жалғауы жалғанғанда мен-маған,ол-оған
3. ы, е мен-мені, сен-сені-мен, ол-онымен
 
3. Мен, сен,ол деген жіктеу есімдіктеріне  сөйлем құра.
Менің үйдегі жұмысым.
Сен кітап оқыдың ба ? Ол сабақтан келді.
4. Жіктеу есімдігінің  жеке түрін септе.
Мен, сен, ол
Атау Мен, сен, ол
Ілік Менің, сенің, оның
Барыс Маған,саған, оған
Табыс Мені, сені, оны
Жатыс Менде, сенде, онда
Шығыс Менен, сенен, одан
Көмектес Менімен, сенімен, онымен
 
Практикасы
 
Баға беру. Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?
ІІІ деңгей
«Есімдік» сөзжұмбақты  шешу.  Кілт сөзі    есімдік 
1.Жіктеу есімдігі
2. Сілтеу есімдігі
3.Сұрау есімдігі
4.Өздік есімдігі (І жақ)
5. белгісіздік есімдігі
6. Жалпылау есімдігі
7.Болымсыздық есімдігі
Сонда  «есімдік»  деген  сөз шығатын болсын.
 
С Е Н
О С Ы
К І М
Ө З І М І З
Б І Р Д Е М Е
Б Ә Р І
Е Ш К І М
 
4. Басқаның бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды. Қай есімдік?
Жауабы:
Өздік есімдік.
1.Сен қалай ойлайсың? Есімдік қай сөз табынан?
Мен қазақпын,
Бір биік белеспін мен-
Европа да, Азия да емеспін мен.
Аралықпын жетінші материктей,
Бірақ  барша адаммен  тең өсім мен.
Зат есім орнында жұмсалып тұр
2. Әңгімелесу әдісі, сұраққа жазбаша жауап жаз. Есімдік  бар ма?
Ш.Уәлихановтың туғанына 167 жылдан асты. Ол кім?
Ол-қазақтан шыққан зерттеуші. 
3. Абай аталарыңның   туғанына 165 жыл болды. Ол кім? 
(Жатқа білетін өлеңінен үзінді айту)
Ол –зор ойшыл, ақын, тәрбиеші, ұстаз

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Есімдіктен өткенді қайталау
Есімдік. Есімдіктің түрлері
Есімдіктен өткенді қайталау
Есімдіктен өткенді қайталау
Көкшетау қаласына саяхат
Сан есім
Белгісіздік есімдігі
Жіктеу есімдіктері
Сілтеу есімдігі
Жіктеу есімдіктері
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 8530 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык