Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Алма және жеміс - жидектер


Алма және жеміс - жидектер

Тақырыбы: Алма және жеміс - жидектер

Мақсаты: Балалардың қиялын, зейінін дамыта отырып,  дәстүрден тыс  
                    сурет салу тәсілдерін үйрету.
Міндеттері:
1. Балалардың жемістер туралы білімдерін нығайту. 
2. Жемістер суретін сала отырып,  түстерді дұрыс таңдай білуге қалыптастыру. 3.Әдемілікке , әсемдікке, әдептілікке,тазалыққа тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: түрлі-түсті бояулар, қолсүрткіш, политра , муляждар,
                                     сурет салатын альбом т.б.
Тәрбиеші: Қане ,балалар бір-бірімізбен амандасып алайық.
Шеңбердегі амандасу:
Армысың асыл күн!
Армысың асыл жыл!
Армысың көк аспан!
 Армысың жан досым!
Жылуыма жылу қос!
                                                 Міне, менің қолым бос.
Тәрбиеші :
- Қараңдарша, балалар, бүгін ауа райы қандай тамаша! 
Қане, бәріміз аспанға қарайықшы, не көріп тұрсыңдар?
Балалар: - Күн
Тәрбиеші: -дұрыс айтасыңдар, күнде тағы не болады?
Балалар: - Күннің шуағы болады, ол жер бетіне нұрын төгеді.
Тәрбиеші: - балалар жыл мезгілдерін еске түсірейікші?
Балалар: - Күз, қыс, көктем, жаз
Тәрбиеші: -Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:  Күз
Тәрбиеші : - Күз  айларын атаңдаршы?
Балалар: қыркүйек, қазан, қараша
Тәрбиші: Күз  мезгілінде қандай жеміс-жидектер піседі?
Балалар: Алма, алмұрт, өрік, алша, шие, құлпынай   
Тәрбиеші: Бүгін біз сол алма мен жеміс-жидектердің суретін саламыз.
Тәрбиеші балаларға жемістер туралы тақпақ оқып береді
 
      Мен шиемін, шиемін,
      Күннің көзін сүйемін.
Қышқылшырынменде бар,
Төменбастыиемін.
Өрік, алма, шие, алша.
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз,
Дүкендерге түседі.Ойын:     «Не жоғалды? Тақтаға бірнеше жемістер суреті ілінеді.
      Балалар тақтаға қарайықшы не көріп тұрсыңдар?                  Жемістер.
Ойын шарты: барлық балалар шығады, жемістерді көреді, балаларды артына    теріс қаратып, жемістердің біреуін алып қоямын. Балалар жоғалған жемісті табады.
Ал, балалар сендер жемістердің қандай пайдасы бар екенін білесіңдер ме?
Енді балалар осы жемістердің суретін саламыз. Балаларға альбом, түрлі-түсті бояулар, қол сүрткіш алдарына қойылады. Тәрбиеші суреттің үлгісін тақтаға іліп, оның салу жолдарын көрсетеді.
 
Саусақпен сурет салу үлгісі:
• Балалар алма  ағаштың суретін жай қарандашпен салып алады . Оны жасыл қарандашпен немесе акварель бояуымен бояйды.
• Палитраға дайындап қойған бояуға  саусағының ұшын батырып , алманың суретін салады
• Саусағын бояуға әр батырып, бастырғаннан кейін саусақ ұшын сүртіп оттырады.
• Жүзім ағашының бұтағын салады.
• Палитрадағы жасыл бояу арқылы саусақ ұшымен жүзім домалақтарын салады
• Саусағын бояуға әр батырып, бастырғаннан кейін саусақ ұшын сүртіп оттырады.
Сергіту жаттығуы: Алма баққа барайық, (орында тұрып ,жүру)
Алма теріп алайық, ( алма теру қимылын жасайды)
Қол жетпесе алмаға (оң қолды көтеріп секіру)
Секіріп қол созайық (Екі қолды көтеріп секіру)
Тәрбиеші:
Балалар, енді мен сендерге жұмбақ жасырып көрейін, жауабын табасыңдар ма?
     Іші толған шәрбат
    Дәмі қандай әйбат
     Үзесің бірден жүзін
     Оның аты-...(жүзім)
 
Дөп-дөңгелек сары
Ішінде бар дәні
Қызығасың көріп
Оның аты-...(өрік)
 
Жапырақты тасалап
Өсетін жері бақша-бақ
Күрең қызыл шіркін ай
Оның аты-...(құлпынай)
Бір сабақта көп түйме
Жей алмайсың көк күйде
Санап қара қанша
Оның аты-...(шие)
 
Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты...(Шабдалы) 
  Тәрбиеші:  - Балалар сендер көптеген жемістерді біледі екенсіңдер, тамаша!
           Ал енді осы жемістердің дәмін білесіңдерме?  Ендеше соны байқап көрейік.
Дидактиалық ойын: «Жемістің дәмін сезу»
3-4 баланы шығарып, көздерін байлап, ауыздарына туралған әр-түрлі жемістер-
     ден саламын, бала қандай жеміс екенін табады.(ойынды жалғастыруға болады)
     Тәрбиеші балалардың салған суреттерін қарап, мақтап көрме ұйымдастырады.
- балалар, сендер, алманың жеміс-жидектердің суретін өте әдемі салдыңдар. Енді бұл суреттеріңді көрмеге іліп қоямыз.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жомарт күз
Жомарт күз
Түрлі - түсті қолшатыр.
Күз Жомарт
Жемістердің түрлері.
Көктем
Шырынды және құрғақ жемістермен танысу
Жемістер
Дөңгелектің қасиетімен таныстыру
Берекелі күз – мерекелі күз
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 42736 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык