Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 4353 |
|
|
|
Берекелі күз – мерекелі күз
Тақырыбы: Берекелі күз – мерекелі күз
Жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған,
Кешімізді бастайық!
ІІ жүргізуші: Қайырлы күн! Армыссыздар, құрметті ата – аналар мен балалар! Ел байлығын арттырған, берекелі күз айы да келді. Күзді құрметтеп бүгінгі «Берекелі күз – мерекелі күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
І жүргізуші: Біз - бақытты баламыз
Би билеп, ән саламыз.
Құс боп қанат қағамыз
Міне, былай қараңыз.
(Ортаға «Балдырған» тобын шақырамыз. (Музыка ырғағымен шығады).
ІІ жүргізуші: Көңілді өскен баламыз,
Шырқатып әнге саламыз.
Тойымызға сән берер,
Ән де айта аламыз.
Хор: «Жау, жау жаңбыр» әні
І жүргізуші: Алтын күз мерекесіне арналған тақпағымызды айтайық.
Балбала: Бұтағындай емініп,
Күзде жеміс піседі.
Сабағынан жел үзіп,
Жерге топ – топ түседі.
Жәния: Ой, балалар, балалар,
Қоңырай күз болыпты.
Құрап жапырақ солыпты,
Ел егінін алыпты,
Ақ үзіктер жауыпты.
Айзат: Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
Мадияр: Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштар жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Аруна: Таудан жақын жел соқсаң,
Сыбдырлайды қалтырап.
Жақын қалды желтоқсан
Жабыр қайды жапырақ.
І жүргізуші: Жапқандай жапырағы іздерді,
Қуантып жапырағы ізгі елді.
Бір тойдырып қайту үшін елімді
Сабырлы сары алтындай күз келді.
(Ішке сары киім киген түрлі – түсті жапырақтар тағылған Алтын күз ханшайымы кіреді).
ІІ жүргізуші: Қош келдің, Алтын күз. Өзіңмен бірге береке, байлық, молшылық, тоқшылық ала келдіңіз. Оған біз өте қуаныштымыз.
Алтын күз: Балалар мен сендерге әдемі түрлі – түсті жапырақтар ала келдім. Қане, балаларымыздың маған қандай сыйы бар екен.
ІІ жүргізуші: Ән: «Біз бақытты баламыз».
І жүргізуші: Ендігі кезекті балалардың тақпағына берейік:
Назым: Үйрек – үйрек қаздарды,
Шулайды көл жағасы,
Дәурен өтіп жаздағы
Күздің желі соғады.
Гүлден: Алма, өрікті қамбаларға ,
Толтырыпты Алтын күз.
Шәкірт болып парталарға,
Отырыпты Алтын күз.
Абдрасул: Ақтарады мырза күз,
Уылжыған жемісін.
Күзге біз де ризамыз
Аянбаған ел үшін.
Даниял: О, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма еді жатып ап!
Айғаным: Сау – сау етіп жапырақ,
Сабағынан үзілді.
Қоңыр тартып атырап,
Көкте құстар тізілді.
Алтын күз: Балалар мен сендерге бір ойын алып келдім. Ойнағыларын келе ме?
- Балалар: Ия.
Ойын: «Көкеністер мен жемістер» жинау.
І жүргізуші: Балалар Адельдің орындауында «Қуыршақ» әні.
ІІ жүргізуші: Бала, бала балдаймыз,
Балдай тәтті баламыз.
Бала болып ән салып,
Би де билей аламыз.
Би: Орыс биі
І жүргізуші: Ендігі кезекті балалардың тақпағына берейік.
Дильназ: Ұшты талдан жапырақ,
Сары көбелек секілді.
Аспанда жай шатырлап,
Тамшы жерде секірді.
Дамир: Астық, жеміс жиналды,
Қамбаларға құйылды,
Ардақты күз, мың алғыс,
Алдым өнім сайымды.
Нұрперзент: Дала сары секілді,
Самал соқты салқындау.
Қырмандарға үйілді,
Алтын астық, алтын дән.
Бекзат: Көбейеді құт - береке,
Астық толы қамбамыз,
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
Ж.Ислам: Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілген.
Ай жапырақ сары алтын,
Айналаның бәрі алтын.
Әлкен: Туған жерден кетерде,
Қоңыр әнге саламыз.
Қош болыңдар бәрің де,
Қимай кетіп барамыз.
ІІ жүргізуші: Айзеренің орындауында «Анашым» әнін қабылалыңыздар.
І жүргізуші: Ендігі кезекті «Шалқан» ертегісіне берейік.
ІІ жүргізуші: Бізге қонаққа шие, жүзім, құлпынай, өрік келіпті, қарсыалайық.
Өрік: Өрік, алма, шие, алша,
Қауын, қарбыз, қияр
Дүкендерге түседі.
Шие: Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар
Төмен басты иемін.
Жүзім: Жүзім пісті бір – бірлеп,
Үзіп мәзбіз біз енді
Қоңырауы күңбірлеп
Қыркүйекте күз келеді.
Құлпынай: Жапырақта тасалап,
Өскен жері бақша – бақ.
Күлен қызыл шиені – ай,
Оның аты құлпынай.
І жүргізуші: Балалардың орындауында «Балапан»әнін қабылалыңыздар.
Хор: «Балапан» әні.
І жүргізуші: Балалар, бүгінгі күз мерекесіне арналған ертеңгілігімізді аяқтағалы отырмыз. Берекелі, мерекелі жомарт күздің сыйы әрбір отбасының ақ дастарханынан арылмасын.
ІІ жүргізуші: Еліміз аман болып, заманымыз тыныш болсын. Осымен біздің «Берекелі күз – мерекелі күз» мерекесіне арналған ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |