Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 7199 |
|
|
|
М. Мақатаев. Үш бақытым
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев. Үш бақытым
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: ақынның өмірін, өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып өзгешелігіне көңіл бөлу; оқушылардың мәнерлеп оқу, жаттау дағдысын қалыптастыру, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету.
2. Дамытушылық: оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз пікірі эстетикалық талғамы бар сауатты оқушыны дайындау; ауызша да, жазбаша да еркін, шешен, көркем сөйлеуге үйрету; оқушылардың ойлау қабілетін, тілдерін дамыту, байланыстырып сөйлеуге, салыстыра талдай білуге, ой ұшқырлығына баулу.
3. Танымдық: өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға дағдыландыру; оқушыларды отансүйгіштікке, тіл, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ақын өмірінен естеліктер, фотосуреттер, арнайы дайындалған слайдтар.
Сабақтың әдіс-тәсілдері : баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, жатқа оқу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: музыка, қазақ тілі.
Сабақтың барыс: Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Оқимыз, үйренеміз, жалықпаймыз,
Білімнің шыңына біз шарықтаймыз.
Үй тапсырмасын сұрақ: Ш. Құдайбердіұлының « Бостандық таңы атты » өлеңін жатқа сұрау.
Жаңа сабақ: М.Мақатаев « Үш бақытым »
Оқулықпен жұмыс.
1. Өлеңді мәнерлеп оқып беремін.
2. Оқушылардың тізбектей оқуы.
3. Өлең мазмұны бойынша сұрақтар:
А) Өлеңнің аты кім? Ол туралы не білесің?
Ә) Өлеңге сүйеніп, тіл, Отан, халық туралы мақал - мәтелдер айту.
Б) « Бақыт » дегенді қалай түсінесің?
Сергіту сәті:
Аспанға қарап ай көрдік,
Төменге қарап жер көрдік.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік.
Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш.
Айтқан тілді аламыз,
Біз бақытты баламыз.
Интерактивтік тақта арқылы М.Мақатаев атамыздың суреттерін көрсете отырып, таныстыру.
4. Дәптермен жұмыс:
«Ой толғау» 2-3 сөйлем Отан, тіл, халық туралы немесе 4 жол өлең шумақтарын шығарып, жазуға болады.
5. «Кім зерек» ойынын ойнату.
Бұл ойында оқушылар сабақтан тыс уақытта жаттаған М.Мақатаевтың өлеңдерін жатқа айтады.
6. Қорытынды жасау.
Міне, балалар, сендер М.Мақатаев аталарың туралы өз білгендеріңді ортаға салдыңдар. М.Мақатаев кім? Ақын, аудармашы, драматург.
7. Үйге тапсырма: « Үш бақытым » өлеңін жаттау.
8. Бағалау, мадақтау.
Ән: М.Мақатаев Құттықтаймын мама туған күніңмен.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |