|
|
Сәкен Сейфуллин "Туған ел"
Сабақтың тақырыбы : Сәкен Сейфуллин "Туған ел"
Сабақтың мақсаты: Окушыларға С.Сейфуллин туралы жалпы мағлұмат беру.
Өлеңдегі автордың берген ойын, идеясын ашу.
Міндеттері:
а)білімділік: дұрыс түсініп, мәнерлеп, сауатты оқуларын жетілдіру.
ә)дамытушылық: оқушылардың сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту. Пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.
б)тәрбиелік: туған елін, жерін суюге, Отанын қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, нақыл сөздер, портрет
Түрі: дәстүрлі сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
а) Сынып оқушыларының оқу-құралдары түгелденіп, дайындықтары тексеріледі.
ә) Сабақтың тақырыбы, мақсаты хабарланады.
Психологиялық тренинг
- Балалар жер бетіне жылу не арқылы таралады?
- Күн болмаса жер бетінде не болар еді? (оқушылардың жауаптары тыңдалады)
- Олай болса, Күн анаға тілек айтып көрейік. 1 слайд
Көк аспанда Күн күлсін!
Бірге күлсін бүлдіршін.
Көк аспанда Күн күлсін,
Жерге ұдайы нұр құйсын!
Күн анаға ризашылығымызды білдіре отырып,бүгінгі сабақты жарқыратып өткіземіз деп сенемін.
Сыныпты екі топқа бөлу «Алғырлар», «Зеректер» 2 слайд
Үй тапсырмасын тексеру
1-топ: «Үш бақытым» өлеңін жатқа сұрау.
2-топ :«Туған тілім» өлеңін жатқа сұрау 3 слайд
Бекіту сұрақтары:
- М.Мақатаевтың өлеңі неліктен «Үш бақытым» деп аталған?
- Д. Әбілевтің өлеңі не туралы?
- Екі өлеңнің ұксастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы көрсету. 4 слайд
Үй тапсырмасын бекіту.
Қызығушылығын ояту 5 слайд
-Екі өлеңде де ақын ұлтжандылыққа, Отан сүйгіштікке шақырады.
1- топ: Жалпы Отан дегеніміз не?
2-топ : «Туған ел» дегенді қалай түсінесің ?
Жаңа сабаққа дайындық.
-Отан дегеніміз - туған жер. Туған жерін жырламайтын ақын-жазушы жоқ.Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Тек өз сезімін әркім әр түрлі жеткізуі мүмкін. Суретшілердің тілі - бояу, музыканттардың тілі - музыка, ал ақын, жазушылардың тілі - сөз.Сондай бір туған жерін тебірене жырлаған аса көрнекті ақын, жазушы, белгілі қоғам қайраткері
С.Сейфуллин. 7 слайд
(С. Сейфуллиннің суреті, кітаптары, өлең шумағы.)
Жаңа сабақты меңгерту.
- С.Сейфуллин туралы толығырақ мәлімет беру.
- Бүгін осындай көрнекті ақынның "Туған ел" өлеңімен танысамыз. Өлең мәнерлеп оқылып, мазмұны түсіндіріледі.
(Сәкен Сейфуллин мұражайы) 8слайд
(Туған жер, табиғат туралы сурет) 9 слайд
Оқу түрлері: жеке оқу, тізбектей оқу,
Дәптермен жұмыс.
а) Тақырып, авторы жазылады.
1-топ : Туған ел,Отан туралы 2-3 сөйлеммен эссе жазу.
2-топ:: Туғае ел,Отан туралы өлең құрастыру. 10 слайд
б)Туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдер айту. 11слайд
Бекіту бөлімі.
Поэзия минуты. Туған жер,ел,табиғат тақырыптарынан өлең оқу. 12 слайд
Қорытынды бөлім. Туған жер, табиғат байлығын тиімді пайдалана білуге міндетті, - деген болатын Қазақстанның Республикасының ата заңында. Сондықтан табиғатты, туған жерімізді қорғау - бәріміздің борышымыз. Өйткені қазір суымыз тартылып, орманымыз кесіліп, құнарлы жерлесіміз сортаңданып қалды, жан- жануар, өсімдіктеріміз "Қызыл қітапқа" ене бастады. Ал, енді, балалар, біз әруақытта табиғаттағы әрбір тіршілік иесінің қамқоршысы бола білейік, Туған жерімізді қорғай білейік.
Бағалау.
Үйге тапсырма.
Өлеңді жаттау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |