Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ойыншықтар сыры


Ойыншықтар сыры

Сабақтың тақырыбы: Ойыншықтар сыры

Сабақтың мақсаты: 
Ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту арқылы балалардың сөздік қорын дамытуда  дыбыстық мәдениетті қалыптастыру. Өлең, тақпақ арқылы балалардың ойлау қабілетін арттыру. Ойыншықтарға деген жылулық сезімдерін ояту.
Әдіс  тәсілі: түсіндіру, көрсету
Сабақтың көрнекіліктері: түрлі ойыншықтар, үнтаспа, күн сәулесі бейнесі.
Сабақ барысы:
Тәрбиеші: Балалар бәрің маған қараңдаршы. Барлығың қандай әдемі болып кеткенсіңдер.
Қонақтармен амандасу.
Бізге келген қонақтар қандай балалар.
Балалар: Сұлу, әдемі, әсем т. б
Тәрбиеші: Өте жақсы, олай болса келген қонақтарға өлең айтып берейік:
Жүрісіңнен жаңылма,
Топ топ, топ топ, топ топ.
Жылдамырақ адымда,
Топ топ, топ топ, топ топ.
Шапалақта алақан,»
Тақ тақ, тақ тақ, тақ тақ.
Тездет енді балақай.
Тақ тақ, тақ тақ, тақ тақ.
Осы кезде әдемі әуенмен күлдірген кіреді.
Күлдірген: Сәлеметсіңдер ме балалар.
Балалар: Сәлеметсіз бе күлдірген.
Күлдірген: Балалар сендердің аттарың кім?
Балалар аттарын айтады.
Күлдірген: Сенің жасың нешеде?
Балалардың жауабы: үште.
 
Күлдірген: Ой, қандай жақсы балалар. Апай мен керемет сиқыршымын ғой. Мен жүрген жердің бәрі ғажайып әлем, мен сіздің балаларыңызға бір керемет көрсетіп берейін бе?
Тәрбиеші: балалар күлдіргеннің кереметін көрейік бе?
Балалар: иә, көрейікші.
Тәрбиеші: Олай болса, көрсет өнеріңді күлдірген.
(жерде беті жабулы түрлі - түсті қалташалары бар, қалташаларға әдемі ойыншықтар салынған күн сәулесі бейнесі жатады).
Күлдірген сиқырлы сөздерін айтып жапқышты ашып қалады.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы қандай әсем, әдемі қалташалары бар күн сәулесі бейнесі бізге нұрын шашып жатыр. Күлдірген сен неткен керемет сиқыршысың. Ал балалар қалташаларды ашып көрейікші.
Балалар әрқайсысы өз қалташаларына отырады.
1. Аю шығады.
Алиасқар: мынау аю. Ол жұмсақ, түсі қоңыр. Қорбаң, қорбаң етіп
жүреді. Тақпағын айтады.
2. Сиыр шығады.
Гүлсезім: Ол мө - мө - ө - ө дейді \ 2 рет қайталау\. Сиыр сүт береді, ет
береді. Тақпағын айтады.
3. Қоян шығады:
Дария: мынау қоян. Мен қоянды ұнатамын. Қоянның құлағы ұзын, ол сәбіз жақсы көреді. Мен қоян туралы тақпақ білемін айтып берейінші. Тақпақ айтады.
4. Қой алып шығады.
Шапағат: түсі ақ, бә - бә - ә дейді. Жүнінен киім тоқиды. Тақпағын айтады.
5. Түлкі шығады.
Нұрай: мынау түлкі, ол өте қу және айлакер. Ол көп ертегілердің кейіпкері. Ол  бұлғаң - бұлғаң етіп жүреді.\көрсетеді\.
6. Ит шығады.
Асылзат: ит адамның досы. Үй күзетеді. Ит аф - аф - аф, р – р - р - р дейді
\қайталау\.
7. Түйе шығады.
Құдайберген: мынау түйе. Түйенің сүтін шұбат дейді. Ол бө - бө - ө - ө дейді.
Тақпақ айтады.
8. Жылқы шығады.
Ол Ио - ио - ио дейді. Мен жылқының төлі құлын туралы тақпақ білемін.
Тақпақ айтады.
9. Тышқан шығарады.
Маржан: тышқан пи - пи - пи дейді \қайталау\ түсі сұр болады.
Өзі кіп-кішкентай болады. Ол мысықтан қорқады. Тақпақ айтады.
10. Мысық шығады.
Жұлдыз: Мен мысықты жақсы көремін. Оның түсі ақ, мысық сүт ішеді. Мен мысық
туралы тақпақ білемін. Тақпақ айтады.
Тәрбиеші: Балалар өте жақсы, жануарлар жайлы көп нәрселерді біледі екенсіңдер.
Күлдірген: Ал балалар мен сендермен қош айтысайын деп тұрмын. Мені сендер сияқты басқада балақайлар күтіп отыр. Оларға да барып таңғажайып заттарымды көрсетуім керек. Сау болыңдар, келесі кездескенше, балалар!.
Балалар: Сау болыңыз!
Тәрбиеші: Балақайлар өздерің шаршап қалған сияқтықсыңдар ғой. Кішкене серігіп алайық. Кәне жақындаңдар.
 
Сергіту сәт:
Жел уледі у - у - у.
Боран соқты зу - зу - зу.
Қатты қатты жел соқты гу - гу - гу.
Жапырақтар қол соқты ду - ду - ду.
Шыдай алмай жапырақтар ах - ах - ах деді.
Билеп кетті қалтырап тоқ - тоқ.
Тәрбиеші: Кішкене серігіп, көңіл - күйімізді көтеріп алдық. Ал енді балалар сабағымызды жалғастырайық. Осы сабағымызға орай бір ойын ойнайық. Ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме балалар?
Балалар: Иә.
Қ\о « мысық пен тышқандар»
Тәрбиеші: Кәне балалар ойыншықтарыңды қолдарыңа алыңдар. Ойыншықтарға арнап ән айтайық.
Ән: Ойыншықтар әні.
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі өткен сабағымыз сендерге ұнады ма? өте қызық болды. Балалар жануарлардың дыбысын тағы бір қайталап өтейік. Сиыр мө - мө - мө дейді. Қозы бә - бә - бә дейді. Ит аф - аф - аф, р - р – р - р дейді. Түйе бө - бө - бө дейді. Жылқы ио - ио - ио - ио дейді. Тышқан пи - пи - пи дейді. Мысық мияу – мияу мияу - мияу дейді. Өте жақсы балалар. Сабақта ойыншықтар туралы өлең, тақпақ айттыңдар, ойын ойнадыңдар сендерге көп-көп рахмет! Осымен бүгінгі ашық сабағымыз аяқталды. Қонақтармен қош айтысайық.
Балалар: сау болыңыздар, келесі кездескенше! 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Ойыншықтар әлемінде»
Ойыншықтар сыры.
Сиқырлы жолдар.
Ойыншықтар сыры
МЕНІҢ СҮЙІКТІ ОЙЫНШЫҒЫМ
Қыс ғажайыптары
Үй жануарлары
Б б дыбысы мен әрпі
Мысығым менің керемет
Саңырауқұлақ саясында
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2365 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык