Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Ойыншықтар әлемінде»


«Ойыншықтар әлемінде»

«Ойыншықтар әлемінде»

Тақырыбы: «Ойыншықтар әлемінде»
Мақсаты:  1) Ойыншықтар әлеміне саяхат жасау арқылы өткен тақырыптарға шолу жасау, қайталау, тоқсан бойы өткен білімдерін бекіту.
2) Сурет бойынша әңгімелеу, сипаттау арқылы балалардың өз ойын жеткізе білуге, байланыстырып сөйлеуге машықтандыру. Тіл мәдениетіне баулу, сөздік қорларын молайту.
3) Балаларды ұйымшылдыққа, белсенділікке баулу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.

Көрнекілігі: Ойыншықтар, суреттер, дидактикалық  ойын материалдары.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеттері

Мотивациялық қозғаушы

Жылулық шеңбері.
Балаларға «Ойыншықтар әлемі» дүкеніне саяхатқа шығатынымызды хабарлап, жұмсақ ойыншық қонжықты көрсету.
-Балалар, қараңдаршы, сондай көңілсіз, тіпті өзі жалғыз екен. Қане, жылы сөздер айтып, бізбен бірге болсын деп айтайық.

-Жарайсыңдар, ендеше ойыншықтар әлеміне саяхатымызға шығайық.

Балалар жылы сөз, тілектерін айтады.
-Қонжық мұңайма.
-Бізбен бірге бол.

Ізденуші ұйымдастырушы

-Балалар, «Ойыншықтар әлемі» дүкеніне қош келдіңіздер! Қараңдаршы, дүкенде ойыншықтар көп екен. Ойыншықтар сатып алғыларың келе ме?

-Ал, біздің ақшамыз жоқ қой. Енді не істейміз?

-Балалар, дүкенші апайдың бізге берер тапсырмасы бар екен. Егер сол тапсырмаларды орындасақ, дүкенші апай бізге қалаған ойыншықтарды сыйға тартады.

Сонымен, балалар, дүкеншінің бірінші тапсырмасы – сендерге балабақшаларың туралы әңгімелеп берсін дейді.

Ендеше, балалар, мына суреттер бойынша әңгіме құрастырайық.

1-тапсырма. Сурет бойынша әңгімелеу.

-Жарайсыңдар, балалар! Дүкенші апайдың келесі тапсырмасы мына ойыншық жануарларды сипаттап беру.

-Мынау қандай жануарлар?

2-тапсырма.

Қоянды сипаттау.

Қоян қандай, нені жақсы көреді, қалай жүреді(қимылмен көрсету)

Пілді сипаттау.

Піл қандай жануар, мұрны қандай, ол қалай тамақтанады.

Аюды сипаттау.

-Балалар, біз аюды сергіту жаттығуы арқылы сипаттап берейік. Қане, бәріміз орнымыздан тұрып, серігіп алайық.

Сергіту сәті.

Қорбандаған аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға  салайық.

-Балалар, дүкенші апай бізге риза болып отыр, бірақ оның тапсырмасы аяқталған жоқ. Тағы да тапсырмасы бар екен. Ол – төрт-түлік жануарлар туралы айту.

3-тапсырма. Төрт-түлік жануарлар туралы айту, олардың төлдері, пайдасы туралы әңгімелету.

-Мынау не?

-Сиырдың баласы қалай аталады?

-Сиырдың қандай пайдасы бар?

Сұрақтар қоя отырып, қой, ешкі, жылқы, түйе жөнінде әңгімелету.

-Өте жақсы, балалар! Шаршаған шығарсыңдар, ендеше ойын ойнап алайық. Дүкенші апай сіздерге ойын ұсынып отыр.

-Мына суретте кімдерді көріп отырсыңдар?

-Ендеше, «Қайсысы жоқ?» деген ойын ойнаймыз, көңілімізді көтерейік.

Дидактикалық ойын «Қайсысы жоқ?».

-Жарайсыңдар, балалар! Дүкенші апай сендерге қуанып отыр, риза болып рахметін айтып отыр. Сіздерге ойыншықтарды сыйға тартып отыр. Дүкенші апайға не айтамыз.

-Ал, балалар қараңдаршы, біздерде қандай ойыншықтар бар?

-Ендеше, балалар, бәріміз бірге «Ойыншықтар» әнін орындайық.

Ән айту «Ойыншықтар»

 

 

 

 

-Иә.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар сурет бойынша әңгіме құрастырады. Балабақшаның аты, тобының аты, балабқшадағы іс-әрекеттері жөнінде әңгімелейді.

 

 

-Қоян,піл,ою.

 

-Қоянның құлағы ұзын, ол сәбізді жақсы көреді, ол секіреді.

-Піл өте үлкен, мұрны ұзын. Ол өз мұрнының көмегімен тамақ ішеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Сиыр

- Бұзау

-Оның сүті, еті пайдалы.

 

 

 

 

 

 

-Отбасы мүшелері.

Балалар көздерін жұмады, жасырылған отбасы мүшесін анықтайды.

 

 

 

 

 

-Рахмет!

 

-Қуыршақ, доп, қоян, машина, аю, тиін, піл.

Рефлексивті коррекциялаушы

-Ал, балалар, дүкендегі саяхатымыз ұнады ма? Енді ойыншықтарымызды алып, балабақшамызға қайтайық.

- Иә.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Ойыншықтар әлеміне саяхат»
«Ойыншықтар әлеміне саяхат»
Ойыншықтар сыры.
Ойыншықтар сыры
МЕНІҢ СҮЙІКТІ ОЙЫНШЫҒЫМ
Ойыншықтар құрастыру
5 санымен таныстыру
Ойыншықтар сыры
Ойыншықтар әлеміне саяхат. Жұмсақ ойыншықтар
Пішіндер әлеміне саяхат
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 5077 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык