Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 8351 |
|
|
|
Сөз таптары. Сөз таптарын еске түсіреміз
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. Сөз таптарын еске түсіреміз
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Сөз таптары, сөз таптарының түрлері туралы
ұғымдарын қайталау.
2. Дамытушылық: Танымдық тапсырмалар, сұрақтар арқылы
оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың қауымдасып жұмыс істеуге, бірінің
сөзін бірі зер салып тыңдауға, құрметтеуге, жауапкершілікке,
әдепті және батыл сөйлеуге өзара сыйлауды, адал бойындағы
жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,сөзжұмбақ шешу, шығармашылық жұмыс, сатылай кешенді талдау.
Пәнаралық байланыс: математика, әдебиеттік оқу, өзін-өзі тану
Көрнекілігі: сөзжұмбақ, жұлдызша, Алтын адам мозайка, үнтаста, сурет, математикалық сөз жұмбақ.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру. Оқушылардың өздерінің көңіл-күйінің жақсы екенін басқалармен бөліседі.(жұлдызшаларға қонақтарға жағымды сөздер жазып беру)
II. Үй тапсырмасын тексеру. (Қосарлама, қайталама қос сөздер, қысқарған қос сөздерге кетірген мысалдарды оқу. Ережені қайталау.)
III. Жаңа сабақ. Көркем жазу. Балалар қазір қай мезгіл? (Қыс)
Қыс мезгілінде не жауады? (қар)
- Бұл сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?(Қ)
- Қ дыбысына мінездеме берейікші?
Ққ
1.Бұл- дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда
өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергелерге
ұшырап, ауа қысылып шығады.
2. Үн мен салдырдың қатысына қарай-қатаң дауыссыз. Себебі,
бұл дыбыс тек салдырдан тұрады.
3. Айтылу, жасалу тәсіліне қарай-шұғыл дауыссыз. Себебі, бұл
дыбысты айтқанда дыбыстау мүшелері бір-біріне қатты
соқтығысып, ауа кілт үзіліп, шұғыл шығады.
4. Жасалу орны мен дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай-
тіл арты дауыссызы.
Қ дыбысы бар сөздер, сөйлемдер жазу.
қырман, қасқыр, қызғалдақ
Сөз жұмбақ шешу. Сонда сөз таптары деген сөз шығады.
Сұрақтары:
1.Екі сөздің қосарланып айтылуынан жасалған сөздерді не дейміз? (Қос сөз)
2.Не істеді? Қайтті? Не қылды? деген сұрақтарға қай сөз табына жатады?(Етістік)
3.Бір, екі, үш сөздері қай сөз табына жатады? (Сан есім)
4. Заттың атын білдіретін сөздер? (Зат есім)
5. Заттың сынын білдіретін сөздер? (Сын есім)
Сурет ілу. Кішкентай балалар қандай сұрақтар қойды? Бұл сұрақтар саған таныс па?
2-жаттығу. Айналаңа мұқият қара. Сыныпта сені кімдер және нелер қоршап тұр? Адамдардың, заттардың, оқу құралдарының, жұмыс түрлерінің, адамдардың көңіл күйін білдіретін зат есімдерді мүмкіндігінше көбірек ата. Жазуды жалғастыр.
Сан еімді қатыстырып сөз тіркесін құра. Мысалы: екі үстел, төртінші есеп,
3-жаттығу. Әрбір зат есімге қимылды білдіретін сөздерді көбірек таңдап жаз.
Бала, құс, балық, қар, ағаш.
Үлгі: Күн (қайтеді?) жарқырайды, суытады, бұлттанады, ашылады, батады.
Енді балалар осы сөздердің ішінен бір сөзді алып сөз сазындық талдау жасайық. Мен сендерге мозайка бөлшектерін үлестіремін, талдаудың әр сатысын талдай отырып суретті құраймыз.
Балалар
1. Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай- жуан буынды сөз. Себебі, сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар жуан дауыстылар.
2.Бұл сөз: ба-ла-лар болып үш буынға бөлінеді. Себебі,
сөздің құрамында үш дауысты дыбыс бар. Ба-ла буындары
ашық буындар. Себебі, буындар дауыссыз дыбыстардан
басталып даусыты дыбыстарға аяқталып тұр; лар-бітеу
буын. Себебі, буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз
дыбысқа аяяқталып тұр.
3.Бұл сөз: Ба- болып екі жағдайда тасмалданады. Себебі,
ла- сөз үш буыннан тұр немесе сөз буын жігіне
лар сәйкес тасмалданған.
Ба-ла-лар
б.б
2 а.б
4.Қазақ тілінде сөз екпінінің орны біршама тұрақты. Сөзге қосымша
жалғанған сайын екпін сөздің соңғы буынына қарай ығысып
отырады. Сондықтан бұл сөзде екпін лар буынындағы а дауысты
дыбысына түсіп тұр.
х х /
Балалар
5.Сөзде түбір мен қосымшаның арасында буын үндестігі бар.
Себебі, түбірдің соңғы буыны ла жуан болғандықтан оған
жалғанатын қосымшаның жуын (-лар) нұсқасы келіп тұр.
Сондықтан біз оның (-лер) жіңішке нұсқасын алмаймыз.
6.Сөзде дыбыс үндестігі, түбір мен қосымшаның арасында ілгерінді
ықпал бар. Себебі, түбірдің соңғы дыбысы а дауысты болғандықтан
өзіне жалғанатын қосымшаның алғашқы дыбысының л үндіден
басталуын талап етіп тұр. Сондықтан, біз оның ұяңнан басталатын
(-дар), қатаңнан басталатын (-тар) нұсқаларын алмаймыз.
Бал + ар – (дар): (-тар)
IV. Сергіту сәті
4-жаттығу. Ертегіні оқу.
Сын есімдерді байланыстырып тұрған зат есіммен бірге теріп жаз.Сын есімге сұрақ қой.
Үлгі : бөтен (қай) үй.
Ертегінің толдық нұсқасын еске түсіру.
V.Қорытынды.
- Енді балалар 1-қатар зат есімі бар мақал-мәтіл жазыңдар, 2-қатар сын есімі бар 4 жол өлең жазу, 3-қатар етістігі бар эссе жазу. Қыс тақырыбына.
Әр қатар өз жұмыстарын қорғайды.
25•5=а 2000•30=р
100:4=т 6000:6=а
350•5=х 850:5=м
600•6=е
60000 125 1750 170 3600 25
Р А Х М Е Т
Оқушылардың сабақ соңындағы көңіл күйін анықтау үшін тақтадағы жүрекке смайликтар іледі.
Үйге тапсырма: 5-жаттығу 81 бет. Сұрақтарға жазбаша жауап беру
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |