Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қосымшалардың жазылуы


Қосымшалардың жазылуы

Қосымшалардың жазылуы

Қосымшалар сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың әуеніне қарай буын үндестігі бойынша я жуан, я жіңішке болып жазылады. Мысалы: жұмыс-шы-лар-дың , инсти-тут-тар, пле-нум-да, бюлле-тень-дер, мұға-лім-ге, по-ляк-тар.
Ескерту: күнә, кінә, шүбә, іңкәр, күмән, Күләш, Күләй, Мүтән сияқты соңғы буынында жіңішке ә әрпі жазылатын сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады, тек барыс, жатыс, шығыс жалғаулары мен етістік тудыратын –ла жұрнағы  жуан түрде айтылып,  жуан жалғанады. Мысалы: күнәсіз, күнәлі (бірақ кінәға, кінәдан, кінәсіна, күнәлау ), шүбәсіз, шүбәлі (бірақ куәға, куәдан, куәда), куәсі, куәлік (бірақ куәға, куәдан, куәда), күмәнсіз(бірақ күмәндану, күмәнға, күмәнінан),  Күләштің(бірақ Күләшқа).      
     Соңғы дыбыстары рк, рг, нк, нг, кс, кт, ск, лк, нкт, кль, брь, бль сияқты дауыссыздар тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар әрдайым  жіңішке түрде жалғанады. Бірақ  к,г дыбыстарының  және жіңішкелік белгісімен келген р,л дыбыстарының жіңішке айтылуына байланысты. Мысалы: митингілер, митингіге, фактіге, фактісі, полкке, полктер, полкі, ансамбльге, ансамблі.
    Ескерту: Жіңішкелік белгісіне аяқталған бір буынды сөздер мен соңғы буынында е, э дыбыстары бар сөздереге қосымша әрдайым жіңішке жалғанады. Мысалы: рульдер, рулі, Пётрдің, Пётрге, актёрге, актёрлер, дуэттер.
Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, дауыссыздан басталатын қосымшаның басқы дыбысы да қатаң, ал сөздің соңғы дыбысы ұяң я үнді болса, қосымшаның басқы дыбысы да ұяң я үнді болып жалғанады. Мысалы: астық-ты, астық-тан, табыс-пен, айт-тыр, трактор-лар, қағаз-дар, мал-мен, құм-мен, ауыз-бен.
    Ескерту: б, в, г, д әріптеріне бітетін сөздерге дауыссыз дыбыстан басталатын қосымшалар тек қатаң дыбыстан басталып жалғанады. Мысалы: штаб-тан, клуб-қа, парад-тан, парад-қа, актив-ке, пассив-тен, резерв-тік, педагог-тер, геолог-тер, геолог-қа, Ашғабад-қа, Мадрид-тен. 
          Сөздің соңғы дыбысы с немесе з болып, оған с, ш дыбыстарынан басталған қосымша жалғанғанда, алдыңғы дыбыс өзгертілмей жазылады. Мысалы: күнге (күңге емес), жанбайды (жамбайды емес), жанға(жаңға емес).
-ов, -ев жұрнақтары арқылы жасалған фамилияларға қосымша түбір сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады. Мысалы: Әділбаевқа (соңғы буыны – бай-жуан) Әділбековке (соңғы буын-бек) Жүсіповтің (соңғы буын-сіп).
Қосымшалар дауысты дыбыстан басталғанда, түбірдің соңындағы қ, к, п дыбыстары ұяңдап, ғ, г, б (немесе у) болып өзгерген түрінде жазылады. Мысалы: тарақ-тарағы, тайлақ-тайлағы, қызық-қызығы, жүрек-жүрегі, тік-тігеді, кітап-кітабы, жап-жауып-жабады; тап-тауып-табады, кеп-кеуіп-кебеді. Бірақ қазақы (ат), қалмақы (ер), сап-сапы (еңбек сапында) сияқты бірер сөздердің түбірі сақталып жазылады.
Ескерту: а) соңғы буында ы і дыбыстары бар кейбір сөздерге дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда, ы і дыбыстары түсіп қалады. Мысалы: орын +ы  - орны, құлық+ы – құлқы, әріп+і - әрпі, ерін+і – ерні, көрік+і – көркі, халық+ы –халқы, ойын+а – ойна, үрік+ек – үркек. 
ә) ауыл, дауыс сияқты бірен-саран сөздерге тәуелдік жалғауы жалғанғанда, айтылу (дыбысталу) ыңғайына қарай соңғы буындағы ы, і әріптері түсіріліп те, түсірілмей де жазыла береді . 
б) п, х дыбыстарына аяқталатын кірме сөздерге дауыстыдан басталған қосымша жалғанғанда п, х дыбыстары ұяңданады: принцип-принципі, тип-типі, объект-і-ге; ромб-ы-ның.
нд, мп, кт, нк, мб, ск, фт сияқты дыбыстар тіркесіне бітетін сөздерге қосымшалар ы, і дәнекері арқылы қосылады. Мысалы: штамп-штамп-ы-лау; факт-факт-і-ге; митинг-митинг-і-ге; объект-объект-і-лер, объект-і-ге; ромб-ромб-ы-ның.
ст, сть, зд дыбыстар тіркесіне біткен сөздер түбір күйінде ешбір өзгеріссіз жазылады да, оларға қосымшалар жалғанғанда түбірдегі соңғы дауыссыз дыбыс түсіріліп жазылады. Мысалы: трест-трес-тің, трес-інде, ведомость-ведомос-қа, ведомос-ы, съезд-съез-ге, съез-і-нің, социалист-социалиске, социалистік.
                    Бас әріптерден қысқарған сөздер тек қана  дауыссыз дыбыстардан    тұрса, оларға қосымшалар  соңғы әрпінің жуан я жіңішке айтылуына  қарай үндесіп, я жуан я  жіңішке болып  жалғанып, дефис  арқылы  жазылады. Мысалы: ТМД-ға, АҚШ-қа. Ал араларында немесе соңында  дауысты дыбыс  әріптері тұрса,  қосымша сол дыбысқа үндесіп, жуан  не жіңішке болып дефис ( - ) арқылы жазылады. Мысалы: ЮНЕСКО-ның , НАТО-ға, БҰҰ-ның. 
  Тырнақшаға алынған  сөздерге жалғанатын қосымшалар тырнақшаның ішіне жазылады. Мысалы: Ол өлең «Қазақ әдебиетінде» басылады. Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілігін» қазақ тілінде де, орыс тілінде де оқыдық.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Үндестік заңы
Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі
Фонетикалық талдау
Фонетика
Үндестік заңы
Дауысты дыбыс әріптерінің қолданылуы
Дауыссыз дыбыс әріптерінің қолданылуы
Зат есімдерге қосымшалардың жалғануы
Үндестік заңы
Буын үндестігі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 28563 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык