Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 2118 |
|
|
|
ХХІ ғасырдың денсаулық майталманы
ХХІ ғасырдың денсаулық майталманы
Білімдік мақсаты: Білім алушыларды ізденуге, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу.
Дамытушылық мақсаты: Дүниетанымын, білімге қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін, есте сақтауын дамыту, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру.
Тәрбиелік: Денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге баулу, адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан –жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Жүргізуші: «Жаны саудың дені сау» деп, халқымыз бекер айтпаса керек. Адам баласының өсіп – өнуі, ғұмырлы болуы, көп жасауы саулықтың арқасы.
Денсаулық адамның жан – жақты дамып, еңбек етуіне, тұрмыс жағдайын жақсартып, көңіл күйінің көтеріңкі болуына, табиғатты зерттеп оны бақытты өмір сүру үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
І кезең. «Бәйге» туры сұрақтары
«Менен – сұрақ, сізден жылдам жауап». Кім тез жауап береді?
1. Нәсілдік, тұқымқуалаушылық белгіні сақтап, ұрпаққа беруші органоид. (хромосома)
2. Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу қасиеті. (иммунитет)
3. Зоб (қалқанша бездің қабынуы) не жетіспеуден болады. (йод )
4. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым. ( генетика)
5. Диплойдті хромасомалардың саны. ( 46 )
6. Емдік табиғи бал беретін бунақденелі жәндік. (ара )
7. Қорғаныш қызметін атқаратын нәруыз. (антиденелер)
8. Ақ нәсілді адамдардың мұрны қырлы, ұзын әрі қысыңқы болуы оларды қандай аурудан қорғайды. (өкпелеріне салқын тиюден)
9. Пенициллин дәрісін қандай өсімдіктен алады. (пеницилл саңырауқұлағы)
10. Тянь –Шань тауының жоғары беткейінде өсетін дәрілік өсімдік немесе қазақ «Қазақфильм» түсірген кино аты. (долана)
ІІ кезең. « Полиглот» (көп тіл білу)
Жұмбақтар беріледі. Дұрыс шешуін тауып, қазақша, орысша, ағылшынша айту. Толық жауапқа 20 ұпай, ал жартылай жауапқа 10 ұпай)
1. Тарам – тарам бір ғалам,
Айқыш – ұйқыш шырғалаң.
Толған ағыс тоқтаса,
Жоғалады бірге адам. (Қан тамыры, кровь, blood)
2. Сәуле астында жүз ине. (Кірпік, ресницы, euelash)
3. Көрінбейді көзіңе,
Тіл қатпайды өзіңе.
Жығады ол күн сайын,
Балуандардың өзін де.(Ұйқы, сон, sleep)
4. Жанды мотор сынбайды,
Күні түні тынбайды.
Кейде оның жүрісін
Дәрігерлер тыңдайды. (Жүрек, сердце, heart)
5. Өзіңмен бірге өседі,
Өзіңмен бірге төсегі.
Көргенде оны жіп дейсің,
Бірақта киім тікпейсің. (Шаш, волос, hair)
6. Қимылдаса қос шебер,
Қыруар – қыруар іс өнер.(Қол, рука, hand)
7. Күмбір – күмбір қарағым,
Қартайғанша жарадың. (Құлақ, ухо, ears)
8. Денсаулық үшін ең қажетті өмір өзегі. (Ауа, воздух, air)
9. Көрегендер көрші отырып,
Бірін – бірі көрмейді. ( Көз, глаза, ears)
10. Үй ішінде, отыз екі батыр,
Кіргендерді отап, турап, жатыр.( тіс, зубы, teeth)
Әр қатысушының ұпайын есептеп, ұпайы аз оқушыны ойыннан шығарып салу қажет.
ІІІ кезең. «Ғажайып жетілік туры»
Бұл сайыста әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беріледі.
20 20 20
30 30 30
40 40 40
20 (оң) – Баланың әкесі мен шешесі бірімен – бірі туыс адамдар болса, онда балада қандай ауру түрі пайда боладыыы? (Цитиноз)
20 (орта) – Ертедегі гректер тасқа былай деп жазған: «Денің сау болсын десең, жүгір. Әдемі болғың келсе жүгір, Ақылды болғың келсе жүгір» Гректер неліктен осылай деген? ( Жүгіру кезінде адам ағзасы дұрыс өсіп, қалыптасады)
20 (сол) –Инфекциялық жұқпалы ауру. Бұл ауруды халық арасында құрт ауруы деп атайды. Бұл тек жұқпалы ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік ауруға жатады. Ауа арқылы жұғады. Бұл ауру қалай аталады?(Туберкулез)
30 (оң) – Оң қолдың алақаны жарақаттанған жарадан алқызыл қан шығып жатыр. Алғашқы минуттарда фонтан тәрізді атқылады, кейін толқындалып ақты. Қан кету типін анықтаңыз.( Салатамыр)
30 (орта) - Ертедегі қазақтардың тамағы ет пен нан болған, сонда да, авитаминоз ауруына шалдықпаған. Мұның себебі неде: ( Ауа, су, топырақ, өсімдік таза болған)
30 (сол) – Сыйлық.
40 ( оң ) – Адам ылғи шөлдеп жүреді, кіші дәреті көбірек бөлінеді. Асқа тәбеті болмайдығ әлсіздік байқалады, денесі қышиды, аузы құрғайды, құсадығ, аузынан ацетон иісі сезіледі. Бұл ауру қалай аталады. ( Қант диабеті)
40 (орта) – Сыйлық.
40 (сол ) – Бұл ауру кезінде оң жақ бүйректен шаншу байқалады, науқас құсады, дене қызуы көтеріледі, ішіне қол тигізбей ауырады. Жүрегі айниды. Бұл ауру қалай аталады?(Соқыр ішек)
ІY кезең. «Тікелей сұрақтар туры»
1. Химия пәні мұғалімі: Алманың адам ағзасына қандай пайдасы бар?(Қан құрамындағы гемоглобинді көбейтетін темір бар)
2. ЭВМ пәні бойынша: Компютердің алдында ұзақ отыру неліктен зиянды? (Сәуле көзге кері әсер етеді)
3. Тарих пәні бойынша: Алғашқы операция құралдары қай мемлекетте, қандай материалдан жасалады? (Египетте қоладан жасалған)
4. Биология пәні бойынша: Қызыл құмырсқа илеуінің қандай емдік қасиеті бар? (Илеуді мал майымен араластырып, буын ауырғанда, сары ауру жиналғанда байласа, жазылады)
5. Қазақ тілі пәні бойынша: Мақалды аяқтаңыз: .. . . ауырғанның көңілін сұрамайды. (Тіс)
6. География пәні бойынша: Адамның биік таулардың басына шыққанда неліктен басы айналып, мұрнынан қан кетеді? ( Атмосфера қысымының шұғыл төмендеуі)
7. Салауаттану пәні мұғалімі:Адамның денсаулығына кері әсер ететін көңіл – күй қалай аталады? (Уайым – қайғы)
Y кезең. «Шешендік өнер»
Сөз сөйлеу шеберліктерін байқауға арналған. Тақырыбы: «Жануар тағамынан гөрі өсімдік тағамдары адам денсаулығына қажетті, қажетті емес».
YІ кезең. «Көкпар» туры
1. Қандай элементтің жетіспеуі тіс ауруына ұшыратады? ( Ғ )
2. Сүті өкпе ауруына ем «дала кемесі» атанған жануар.( Түйе )
3. Салауаттылықпен өмір сүруге,денсаулықты сақтай білуге бағытталған бағдарлама. («Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы)
4. Елбасы Н.Назарбаев басына шығып Қазақстанның туын тіккен шың.( Талғар шыңы )
5. Сырқатты жасанды ұйықтату жолымен емдеу.(Гипноз )
6. Жүрегіне операция жасатқан Ресейдің бұрынғы президенті. (Б.Ельцин )
7. 2002 жылға Президент таққан айдар.( «Денсаулық жылы»)
8. Өкпе ауруымен ауырмайтын үй жануары. ( Ит )
9. Тибеттік медицина жолымен дайындалған Қазақстандық сұйық дәрі.( Қызылмай )
10. Ақшаға сатып алуға болмайтын байлық. (Денсаулық)
11. Денеде күн сәулесінің әсерінен түзілетін дәрумен.( Д )
12. Қарын сөлінің құрамында кездесетін қышқыл.( НСI )
13. Қан тоқтату үшін пайдаланатын бейметалл немесе дәрі.( Йод )
14. Қанның құрамында жүре пайда болып, аурумен күресетін дене. (Антидене)
15. «ХХІ ғасыр індеті» атанған ауру. (СПИД)
Қорытынды:
Оқушылардың пәнге қызығуын арттырып, сабақта алған білімін жетілдіруге, өздігімен ізденуге, шығармашылық жұмыспен айналысуға, алған білімін пайдалануға, алғырлыққа шыңдауда білім сайыстарының маңызы зор.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |