Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сақтан ұрпақ СПИД деген қатерден


Сақтан ұрпақ СПИД деген қатерден

Сабақтың тақырыбы Сақтан ұрпақ СПИД деген қатерден

Сабақтың мақсаты  Оқушыларға АҚТҚ  дегеніміз не. АҚТҚ қандай                     

                                                    жолдармен жұғады,қандай жағдайда жұқпайды, ауру қалай

                                                    асқынады, адамның АҚТҚ-мен зақымданғанын қалай білуге

                                                    болады деген тақырыптар арқылы түсініктерін ашып

                                                    көрсету.

Сабақтың  түрі                        Тренинг

Сабақтың көрнекілігі          Суреттер, плакаттар,     қағаз  парақтары, бор.

Әдебиеттер                              АҚТҚ  және  ЖҚТБ  -ның  алдын  алу  үшін  қажетті

                                                  білімдер   мен  дағдылар. Салауаттану   және  табиғат 

Танысу

  «Қар  көшкіні»   ойыны

Негізгі  сөздер

Лимфа, сперма,қынап  сұйықтығы,

Шағын дәріс

АҚТҚ-адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы-ағзаны әртүрлі жұқпалардан   

қорғайтын қорғаныс жүйесін зақымдайды. АҚТҚ қорғаныс жүйесінің белгілі жасушаларын зақымдайды.

ЖҚТБ-жұқтырған қорғаныс тапшылық белгілері-АҚТҚ-мен байланысты туындайтын сырқат. ЖҚТБ-АҚТҚ жұқпасының соңғы сатысы. Бүгінгі таңға дейін АҚТҚ және ЖҚТБ –дан толықтай айықтыратын дәрі-дәрмек табылмай отыр. Қоздырғыш адам ағзасында өмір бойына қалады. Өкінішке орай, кез келген адам АҚТҚ жұқпасын жұқтырып алуы мүмкін, алайда жұқтыруға әкеліп соқтыру жолдары туралы шынайы ақпаратқа сүйеніп ,тәуекелден бас тартсаң, АҚТҚ және ЖҚТБ-ның таралуының алдын алуға болады.

АҚТҚ төмендегі жолдармен жұғады

1.АҚТҚ-мен зақымданған донордың қанын құйғанда немесе мүшелері мен ұлпаларын салғанда.

2.Қан тамырларына есірткілерді енгізген кезде ине мен щприцтерді бірге қолданғанда.

3.Медициналық манипуляциялар кезінде залалсыздандырылмаған құралдарды пайдаланғанда.

4.Бөтен адамның тіс щеткасы мен ұстарасын қолданғанда.

  «Миға  шабуыл»

         Адамның АҚТҚ-мен зақымданғанын қалай білуге болады?

Адамның АҚТҚ-мен зақымданғандығын сыртқы келбетінен біле алмайсыз. АҚТҚ жұқпасын қанды зертханалық зерттеуге тапсыру арқылы ғана анықтауға болады. Ағзада қоздырғыштың бар екендігі қоздырғыштың табылуынан емес, оған қарсы ендірілген антидене пайда болғанда анықталады. Антиденелер-ағзаға қоздырғыш енгенде, оған қарсы пайда болатын арнайы ақуыздар.

 

 1-жаттығу

        Ауру қалай асқынады?

АҚТҚ жұқпасы- бұл баяу өтетін созылмалы ауру. Сондықтан ауру белгілері бірден пайда болмай, 5-7 жыл ішінде білінеді. Аурудың алғашқы белгілері қандай? Шаршағыштық, жалпы әлсіздік, бірнеше топ лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Бұл ЖҚТБ-нің басталғандығын білдірмейді. Алайда,арнайы емделмесе, жұқпалы ауру әрі қарай дами түседі де, ЖҚТБ-ға әкелетін басқа да сырқаттар қосылады.

 

     2-жаттығу

 АҚТҚ төменде көрсетілген жағдайда жұқпайды

Қол алысып, құшақтасқанда.

Ыдыс-аяқтан, тамақтан,дәретхана заттарынан.

Төсек жабдықтары мен киімнен.

Темір және қағаз ақшадан

Су мен ауадан.

Ойыншықтардан, қолданыстағы заттардан.

Есік тұтқасы мен көліктегі ұстағыштан.

Жәндіктердің шағуынан.

Моншада, саунада, бассейінде.

 Бой  жазу.

Менің саған берер кеңестерім

-Бөтен адамның қаны көзіңе, әсіресе жарақаттанған теріге жағылып кетуінен сақ бол.

-Көшеде жатқан шприц пен инелерге тиме.

-Есіңде болсын, барлық медициналық дәрі егу(укол( бір реттік пайдаланатын құралдармен жасалуы тиіс

3-жаттығу.

Ситуациялық  жағдайды  талдау.

  Сізге  қансырап  жатқан адамға  бірінші  көмек  көрсетуіңіз  қажет. Сіз  не істейсіз?

Көмек  көрсететін адамға  ұсыныс:  Жараны  таза  ,қалың  матаме  қатты  танып  байлаңыз.   Қан  сіздің   көзіңізге,  аузыңызға   немесе  зақымдалған   теріңізге  түспеуін  қадағалаңыз.   Қан   аққан   жерден   жоғарырақ   таңбаны  тағу  керек. Шұғыл түрде  медицина  қызметкерімен  байланысыңыз.Дәрігерлік  қызмет  көрсеткеннен   кейін   қолдарыңызды    сабынмен  мұқият жуыңыз.

3- жаттығу.

«Қауіп дәрежесі»  тестісін  толтыру.

Кері  байланыс.

Қорытынды   жасау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ТУБЕРКУЛЕЗ-ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТ
Сақтан ұрпақ СПИД деген қатерден
Оба – қатерлі ауру және оның таралу аймақтары
Туберкулез- қатерлі дерт
Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу
ЖИТС-21 ғасыр дерті
СПИД - ғасыр дерті
Топ жарған интеллектуалдық сайысы
Тұқым тозбасын, ұл-қыз азбасын
Иммунитет, иммунитет түрлері. ЖҚТБ (СПИД). ЖҚТБ-ның алдын алу
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 3011 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык