Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Табиғат зоналары


Табиғат зоналары

Тақырыбы: Табиғат зоналары

Сабақтың мақсаттары: 
               1. Білімділік:             Оқушыларды табиғат зоналарымен таныстыру, олардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.
            2.Дамытушылық:     Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.
                3. Тәрбиелік:            Оқушылардың басқа елге, жерге, мемлекеттерге деген көзқарастарын біле отырып, елін, жерін, табиғатты аялайға, қорғауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Оқыту әдісі: түсіндірмелі,  СТО технологиясы элементтерін пайдалану
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Табиғат зоналары картасы,слад материалы, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.
Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. 
Үй тапсырмасын сұрау: тест  түрінде
Қызығушылықты ояту. 
Аустралияның табиғат зонасында қандай ерекшеліктер бар?
Қазір ол жерде қай мезгіл?
Жаңа сабақ
       Біз бүгінгі сабағымызда Аустралия материгімен танысуымызды әрі қарай жалғастыра отырып материктің табиғат зонасы мен жануарлар  және өсімдіктер әлемі жайлы не білеміз  екенін ойланайық.  Аустралия жайлы не білесіз немесе білемін деп ойлайсыз?  2 минут уақыт ішінде білгендеріңіздің  тізімін жасаңыздар.  Енді жұбыңызбен сол жазғандарыңызды бөлісіңіздер де, өзіңіз жазғандарыңыздан 2-3 мысал айтыңыз. Берген мысалыңыз  нақты білетін мысалыңыз болуы керек.
ББҮ кестесі тақтаға сызылады
           Кестенің 1-ші бағанды толтыруға көмектесіңіз. Әр жұп идеяларын айтады, мұғалім тақтаға жазады.
 
 
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
Бірінші баған толды.
Сонымен Аустралия туралы көп білеміз екен  алайда тағы нені білгіміз келетінін ойланайық. Осы сұрақ көлемінде ойлануға 2 минут уақыт беріледі. Оқушылар өз жұптарында өз сұрақтарын талқылайды.Ең жақсы деген
 3 сұрақтан таңдап алады.
 Енді 2-ші бағанды толтырамыз
Мағынаны тани білу сатысы 
Оқушыларға мәтінді оқу үшін 15 минут уақыт беріледі. Оқыр алдында пайда болған «Білгім келеді» бағанындағы тізілген сұрақтарға мән беріңіздер. Оқу бағдарламасынан сұрақтарға жауап беруге тырысыңыздар және оны « Үйрендім»  бағанына толтырып отырыңыздар 
Жаңа сабақ .  Аустралияның табиғат зоналары орналасуы жағынан оңтүстік жарты шардың басқа материктерімен ұқсас болып келеді.Бірақ зоналар алып жатқан ауданы мен тіршілік дүниесінің құрамы жөнінен үлкен айырмашылық жасайды. Бұл айырмашылық Аустралияның басқа материктерден өте ертеде бөлініп кетуіне байланысты. Сондықтан материкте басқа ешбір жерде табиғи жағдайда кездеспейтін эндемик өсімдіктер (эвкалипт, казуарина) мен жануарлар (кенгуру, үйректұмсық, ехидна) тіршілік етеді. Материктегі өсімдіктердің 75 %-ы, ал жануарлардың 90%-дайы тек қана Аустралияға тән. Материкте жергілікті жыртқыштар жоқ. Сонымен қатар гондваналық материктердің арасында байланыс болғанын дәлелдейтін кейбір ортақ түрлер (бөтелке ағашы, саяхатшылар ағашы, араукария, ағаш тәрізді папортник, акацияның кейбір түрлері) де бар.
         Аустралияда материктің жалпы ауданымен салыстырғанда шөлдердің үлесі өте көп, керісінше орман басқа материктермен салыстырғанда аз алқапты қамтиды. Материктің басым көпшілігін тропиктік шөл және шөлейт зонасы алып жатыр. Бұл зонаның барлық бөлігінде жылдық жауын-шашын мөлшері 200-250 мм-ден кем емес, бірақ ұдайы ыстық болғандықтан булану мөлшері жоғары болады. Африкадағы тәрізді мұнда да шөлдердің бірнеше түрі кездеседі. Кристалды жыныстардан құралған қалдық тауларды тасты шөлдер, ойпаттар мен көлдердің айналасын сазды шөлдер, қалған бөлікті құмды шөлдер алып жатыр.Солтүстікке және шығысқа қарай ылғал мөлшерінің артуына байланысты саванналар мен сирек ормандар таралған. Солтүстіктегі субэкваторлық климаттық белдеудің ылғал көп түсетін бөліктерінде қызыл-қоңыр топырақты ылғалды саваннасы таралған. Мұнда эвкалипт ағаштары басым өседі, оңтүстікке қарай олардың орнын акациялар алмастырады. Үлкен Суайрық жотасына қарай шөптесін өсімдіктер басым.Ормандар материктің шығысындағы Үлкен Суайрық жотасының шығыс беткейін алып жатыр. Бірнеше климаттық белдеуді кесіп өтуіне байланысты ормандар солтүстіктен оңтүстікке қарай алмасып отырады. Күлгіндеген қызыл топырақтағы ылғалды тропиктік ормандар 20º о.е. дейінгі бөлікте таралған. Оңтүстікке қарай қызғылт-сары ферралитті топырақтағы ылғалды субторпиктік ормандарға ауысады. http://retro18.info/gruppovoi/
Сергіту сәті. Аустралиялық жаңбыр
Ой толғаныс сатысы
Сұрақ қоймаған ақпараттар кездесті ме? Егер ондай ақпарат болса 
«Үйрендім » бағанына толтырыңыздар. Жауапсыз қалған барлық сұрақты белгілеңіз. Осы сұрақтарға жауапты қайдан табуға болатыны талқылау
 
Салыстыру кестесі  /Аустралия мен Қазақстан мемлекеттерін салыстыру/
Мемлекеттің аты Қазақстан Аустралия
Жер көлемі 2,7 мың км2 7,6 млн км2
Астанасы Канберра
Басқару түрі Королева
Елизавета ІІ
Халқының саны 17 млн адам 22млн-нан астам
Тәуелсіздік күні 1901ж 1 қаңтар
Ақшасы Аустралиялық доллар
Ресми тілі ағылшын
 
Терминдермен жұмыс
Қорытынды: Қазіргі кезде материк табиғатын мүмкіндігінше сақтау барысында көптеген жұмыстар жүргізілуде. Аустралия Одағының мемлекеттік ел таңбасында эму түйеқұсы мен кенгуру бейнелеген, ал ехидна, үйректұмсық, лирақұйрық күміс ақшаларында таңбаланған. Аустралиядағы қорғауға алынған кешендердің саны мыңнан асады. Материктегі Улуру, Үлкен Тосқауыл рифі, Какаду тәрізді ұлттық парктер дүние жүзіне әйгілі.
Үйге тапсырма: §55 оқуға. Кескін картаға табиғат зоналарын түсіріп келу. Қосымша материалдар жинау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Аустралияның табиғат зоналары
Табиғат зоналары
Табиғат зоналары
Табиғат зоналары
Климаты. Өзендері мен көлдері
Табиғат зоналары
Аустралия Одағы
Африканың табиғат зоналары
Африканың табиғат зоналары
Аустралияның табиғат зоналары
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 4319 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык