Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Африканың табиғат зоналары


Африканың табиғат зоналары

Африканың табиғат зоналары

Сабақтың мақсаты: 

1. Білімділік: Оқушыларға табиғат зоналарымен таныстыра отырып, негізгі ерекшеліктері мен маңызына тоқталып әр түрлі ұғымдар қалыптастыру.

2.Дамытушылық Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын оята отырып, картамен жұмыс істеуге, өз бетімен шығармашылықпен шұғылдануын дағдыландыру.

3. Тәрбиелік Оқушылар басқа мемлекеттердің табиғат зоналарымен таныса отырып, өз еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту және бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  И/А тақта, африканың картасы, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:

  1. Психологиялық дайындық. Амандасу.

Жарқырап күн де ашылды

Күн нұры түгел шашылды

Қайырлы күн

Біз нәзік қыздармыз

Қайырлы күн

Біз ержүрек ұлдармыз

Қайырлы күн, қонақтар

Біз әдепті баламыз

Қайырлы күн, ұстазым

Біз көңілді баламыз!

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру

-Балалар, біз сендермен Африка материгі бойынша білімдерімізді әрі қарай толықтырудамыз. Өткен сабақта Африканың ішкі суларымен танысқан болатынбыз.  Үйге ішкі сулар тақырыбын мазмұндап кескін картаға өзен,  көлдерді түсіріп келуге бергенмін. Үй тапсырмасын тексеру арқылы  «Сиқырлы мозаиканы»  шешіп көрейік.

Бәріміз тақтаға қараймыз.  Бір оқушы  тақтаға шығып, кез келген санды ашады. Санның артында жасырылған сұраққа жауап беріп, картадан көрсетуге тиіс.

  1. Африканың суы мол өзен. (Конго)
  2. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен. (Ніл)
  3. Экваторды екі жерден кесіп өтіп, жинаған суын Атлант мұхитына құятын өзен. (Конго)
  4. Африка материгіндегі түсті білдіретін өзен. (Оранжевая)
  5. Маршактың «Айболит» шығармасындағы өзен. (Лимпопо)
  6. Ніл өзені қайдан бастау алады? (Шығыс Африка таулы үстіртінен)
  7. Виктория сарқырамасы орналасқан өзен. (Замбези)
  8. Жағалауы жартасты, Байкалдың  сіңлісі, өте терең, суы тұщы көл. (Танганьика)
  9. Ежелгі мысырлықтар оны «киелі өзен»деп атаған,  халқы табынған, 19 ғасырдың 70-жылдары ашылған өзен. (Ніл)
  10. Нигер өзені қай алапқа жатады? (Атлант)
  11. Африканың басым өзені немен қоректенеді? (жаңбыр суымен)

Өте жақсы.  Балалар, тақтадан қандай картаны көріп тұрмыз?  (Табиғат зоналары картасын)

Олай болса, біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз:  Африканың табиғат зоналары.

Дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді және тақырыпты жазамыз.

-Табиғат зонасы дегеніміз не?

Жауап:

Табиғат кешендерінің, яғни, жер бедері, климаты, топырағы, өсімдігі, жануарлар дүниесі ұқсас және бірдей климаттың әсерінен қалыптасатын құрлықтағы аймақтарды табиғат зоналары деп атайды.

-Табиғат зонасының әркелкі таралуы неге байланысты?

Жауап:

Табиғат зонасының бір түрінің басқа табиғат зонасына ауысуының басты себебі-біріншіден, географиялық ендік, сонан соң климатындағы айырмашылық болып табылады. Яғни, жылу мен жауын-шашын мөлшерінің өзгеруіне байланысты жер шарындағы табиғат зоналары ауысып отырады.

АТЛАСПЕН ЖҰМЫС.

Африканың табиғат зоналары картасын ашамыз да мұқият қараймыз. Экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай негізгі табиғат зоналарын атап  шығамыз.

Жауап:

  1. Ылғалды экваторлық ормандар зонасы
  2. Саванна
  3. Тропиктік шөл, шөлейт зоналары тарлаған. Олар  ендік бағытта орналасқан.

Ал қазір біз сендермен осы аталған зоналарға  саяхат жасайық.

ВИДЕО

Африканың  табиғат зоналарына виртуалды саяхат.

І. Ылғалды экваторлық ормандар зонасы.

   Эквтордың екі жағында экваторлық ылғалды климаттық белдеуде қалыптасқан. Ылғалды экваторлық ормандар өсетін жердің топырағы ылғалды, әрі ыстық климаттық жағдайда қалыптасқан қызыл-фералиті топырақ.

Өсімдіктер дүниесі өте бай, мәңгі жасыл ағаштар мен бұталар өседі. Ағаш тәрізді папортниктер, майлы пальма және фикустармен қатар әсем гүлді мимоза, сүрегі қатты темір ағаш өседі.

Жануарлар дүниесінде ағаш басында өмір сүруге бейімделген адам тәрізді маймылдардан горилла, шимпанзе және мартышка мен итбасты және итше үретін павиандар бар.

Өзендерінде сусиырлар(бегемот), қолтырауындар(крокодилдар) кездеседі. Цеце шыбыны өте көп, ол шаққан үй жануарлары өледі, ал егер адамды шақса, онда адам ұйқы ауруына шалдығады.

Африканың ерекше табиғатын қорғау мақсатында дүниежүзінде алғаш рет 1898жылы «Саби-гейм» қорығы ұйымдастырылған. Кейін Серенгети Ұлттық саябағы ашылған.

ТАБЛИЦАНЫ ТОЛТЫРУ

Зонаның аты

климаты

топырағы

өсімдігі

Жануарлар дүн

Ылғалды экваторлық ормандар

Ыстық, ж-ш мол,

Қызыл-сары ферралитті

Папортниктар, майлы пальма, фикустар, темір ағашы, әсем гүлді мимоза т.б

Горилла, шимпанзе, мартышка, цец шыбыны, сусиырлар, қолтырауындар

ІІ. Саванна зонасы.  Саванна- әр жерінде жеке немесе шоқ-шоқ ағаш пен бұта кездесетін далалы жазықтар.

Материктің  40% жерін алып жатыр.  Шөптесін өсімдігі биік, айнала ашық, күн сәулесі мол түсетін аймақ.  Топырағы ферралитті қызыл болып келеді.

 Өте үлкен баобаб ағашымен қатар пальманың бірнеше түрлері өседі.

Африка саваннасында аса ірі шөпқоректі жануарлар-піл, керік, буйвол, қос мүйізді мүйізтұмсық, алашұбар зебрлер мен бөкендердің 40-тан астам түрлері тіршілік етеді. Ірі жыртқыш  аңдардан-арыстан, қабан, қорқаулар бар.

 Өзендерінде қолтырауын тіршілік етеді. Ең ірісі Ніл қолтырауынының ұзындығы 5-6 метрге дейін жетеді.

Саванна құстарға бай. Африка түйеқұсы- марабу, секретарь. Ең кішкентай әсем құс-шірнежегі.

ТАБЛИЦАНЫ ТОЛТЫРУ

Зонаның аты

климаты

топырағы

өсімдігі

Жануарлар дүн

Ылғалды экваторлық ормандар

Ыстық, ж-ш мол,

Қызыл-сары ферралитті

Папортниктар, майлы пальма, фикустар, темір ағашы, әсем гүлді мимоза т.б

Горилла, шимпанзе, мартышка, цец шыбыны, сусиырлар, қолтырауындар

Саванна

Ж-ш аз,

Ферралитті қызыл

Баобаб, пальма,

Піл, керік, буйвол, мүйізтұмсық, арыстан, қабан, қорқаулар, зебр, бөкендер

ІІІ. ВИДЕО

Атлант мұхиты мен Қызыл теңіз арасында, Атлас таулары мен Судан физикалық –географиялық аймағының  арасында жатыр. Ол солтүстіктен оңтүстікке дейін 2000км-дей созылып, материктің 30% көлемін алып жатыр.Бұл жерде ауа адам айтқысыз құрғақ,  жер бетіндегі ең ыстық аймақ. Триполиге жақын жерде ауаның температурасы кейде +58̊С-ге жетеді. Бұл қай жер туралы айтылды?

САХАРА ШӨЛІ.

Тропиктік шөл, шөлейт зонасы.

Материктің 30% көлемін алып жатыр. Материктің солтүстігіндегі ең үлкен шөл-Сахара шөлі жатыр. Сахара  арабша «сахра» бірқалыпты қоңыр шөлді жазық.  Климаты құрғақ, жауын шашын аз түседі. Сахарада тасты шөл, құмды шөл мен сазды шөл кездеседі. Көп жерін тасты шөл алып жатыр. Сазды шөлдің топырағы құнарлы, қолдан суарып, егін ексе жақсы өнім алуға болады. Тасты жерде мүк, қына өседі.

Құрғақ климатқа бейімделген тікенекті бұталар, қалың жапырақты алоэ, сүттіген бар.

Жануарлары: тасбақа, жылан, кесірткелер.

Шөл зонада жерасты суы жақын жатқан жерлерде жазиралар (оазистер) бар. Жазиралар өсімдіктерге бай. Құрма пальмасы өседі. Намиб шөлінде жапырағының ұзындығы 3м-ге, биіктігі 50см-ге жететін ерекше өсімдік – вельвичия өседі. Калахари шөлінде жабайы қарбыз өседі.

ТАБЛИЦАНЫ ТОЛТЫРУ

Зонаның аты

климаты

топырағы

өсімдігі

Жануарлар дүн

Ылғалды экваторлық ормандар

Ыстық, ж-ш мол,

Қызыл-сары ферралитті

Папортниктар, майлы пальма, фикустар, темір ағашы, әсем гүлді мимоза т.б

Горилла, шимпанзе, мартышка, цец шыбыны, сусиырлар, қолтырауындар

Саванна

Ж-ш аз,

Ферралитті қызыл

Баобаб, пальма,

Піл, керік, буйвол, мүйізтұмсық, арыстан, қабан, қорқаулар, зебр, бөкендер

Тропиктік шөл, шөлейт зонасы

Ыстық, қапырық

Сазды шөлдің топырағы құнарлырақ

вельвичия

Тасбақа, жылан, кесіртке

Балық сүйегі («Фишбоун») арқылы зоналарды дұрыс орналастыру.

Біз бүгінгі сабақта:

  1. Африкада ылғалды экваторлық ормандар, тропиктік сирек орманды дала, яғни, саванна мен тропиктік шөл зонасы бар. Шөл зонада жерасты суы жақын жатқан жерлерде жазиралар кездеседі.
  2. Тек Африка саваннасында ғана тіршілік ететін аса ірі шөпқоректі жануарлар- Африка пілі, керік, қос мүйізді мүйізтұмсық, алашұбар зебрлер, құстардан Африка түйеқұсы- марабу, секретарь құсы, ең кішкентай әсем құс-шірнежегі бар.
  3. Ең үлкен шөл Сахарада тасты шөл, құмды шөл мен сазды шөл кездеседі.
  4. Африкада ерекше өсімдіктер-вельвичия мен өте үлкен баобаб ағашы өседі.

VIP TEST алу.

Оқушыларды тестің нәтижесі арқылы бағалау.

ҮЙГЕ:

Суретшінің қателіктерін табу.

РЕФЛЕКСИЯ

Білемін

Білдім

Білгім келеді

 

 

 

Балалар, алдарыңда Африка материгінің әсем де көрікті табиғаты бейнеленген парақтар жатыр. Сендер қазір сол суреттің қасына өздеріңді қойып, бүгінгі көңіл күйлеріңді білдіріңдер.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Географиялық белдеу және табиғат зоналары
Солтүстік Америкаға саяхат
Еуразия материгінің табиғат зоналары
Табиғат зоналары
Табиғат зоналары
Климаты
Табиғат зоналары
Табиғат зоналары
Африканың табиғат зоналары
Табиғат зоналары
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 18308 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык