Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Рационал бөлшектерді қосу және азайту


Рационал бөлшектерді қосу және азайту

Сабақтың тақырыбы: Рационал бөлшектерді қосу және азайту

Сабақтың мақсаты:1) Оқушыларға өткен  сабақтағы тақырыпты қайталап, сұрап,  жаңа тақырыпты түсіндіріп, есептер шығарып , қорытындылау.
2)Оқушыларға ойлану, түсіну ,  қабылдау, іздену, зерттеу және шығармашылық қабілетін дамыту.
3)Оқушыларға өз ойын дұрыс қорытындылап жауап беруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Қолданылатын әдіс: Сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырма.
Ұйымдастыру кезеңі(3 минут):1)амандасу
                                                           2) оқушыларды түгелдеу
       3) Үй  тапсырмасын сұрау
Қызығушылығын ояту: Тақырыпты ашу (1 минут)
 ... (Жай да емес ондықты емес)    / -терді (+) және (-)
Жаңа сабақты пысықтау (3 минут):
Сабақта бастамас бұрын    «Ақсақалдар алқасы  отырысы» ойынын ойнайық. Сыныпты үш топқа бөлеміз:  «Ақтаушы»,  «Даттаушы», «Қорғанушы». Топтың есімі  кезең-кезеңмен ауысып отырады. 
Қорғанушы топ  төмендегі тапсырманы орындап мағынасын түсіндіріп қорғайды. Ал осы жерде ақтаушы топ ақтап, даттаушы топ даттйды.
Жай бөлшектерді
қосу 5/9+2/9=(5+2)/9=7/9
Жай бөлшектердіазайту 9/11-5/11=(9-5)/11=4/11
 
Жаңа тақырыпты түсіндіру.  Мағынаны түсіну (15  минут):
Бұл кезеңде  ақтаушы топ қорғанушы топқа ауысып төмендегі тапсырманы  кітапты оқи отырып, ізденіп , орынндайды . Ал қалған екі топта осы бағытта ізденіп орындайды. Бөлімдері бірдей рационал бөлшектерді де қалай  қосып азайтамыз?
 
Рационал бөлшектерді
қосу (3a+1)/b+(a-2)/b=(3a+1+a-2)/b=(3a+a+1-2)/b=(4a-1)/b
Рационал бөлшектерді
азайту m/(a+b)-n/(a+b)=(m-n)/(a+b)
 
Сонымен балалар бөлімдері бірдей рационал бөлшектерді қосу ережесінің тұжырымдамасын кім тақтадағы кестеге қарап өз ойын қорытындылап айтып  береді екен?
Бөлімдері бірдей рационал бөлшектерді қосу  үшін, олардың алымдарын қосып, бөлімін өзгеріссіз қалдыру керек.
Сонымен балалар бөлімдері бірдей рационал бөлшектерді қосып , азайту ережесінің тұжырымдамасын кім тақтадағы кестеге қарап өз ойын қорытындылап айтып  береді екен?
Бөлімдері бірдей рационал бөлшектерді  азайту  үшін, олардың алымдарын азайтып , бөлімін өзгеріссіз қалдыру керек.
Бұл кезеңде  даттаушы топ қорғагушы топқа ауысып  төмендегі  алгоритмді  түсіндіріп , дәлелдейді.
№ Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу мен азайту төмендегі алгоритмді қолданамыз
 
1 Мүмкін болса бөлшектердің бөлімдерін көбейткіштерге жіктейміз
2 Бөлшектердің ортақ бөлімін (еі кіші ортақ еселігін) табамыз
3 Әрбір бөлшектің толықтауыш көбейткішін анықтаймыз
4 Әрбір бөлшектің алымы мен бөлімін толықтауыш көбейткішке көбейту арқылы ортақ бөлімге келтіреміз
5 Бөлімдері  бірдей рационал бөлшектерді қосу (азайту) амалын орындаймыз
 
1-мысал:Қосуды орындайық:
1)     13/( 2a+2b)+7/(2a-2b)=13/(2(a+b))+7/(2(a-b))
Ортақ бөлімі 2(а+b)(a-b)
(13(a-b))/(2(a+b)(a-b))+(7(a+b))/(2(a+b)(a-b))=(13(a-b)+7(a+b))/(2(a+b)(a-b))=(13a-13b+7a+7b)/(2(a+b)(a-b))=(13a+7a-13b+7b)/(2(a+b)(a-b))=
=(20a-6b)/(2(a+b)(a-b))=(2(10a-3b))/(2(a+b)(a-b))=(10a-3b)/((a+b)(a-b))Жауабы: (10a-3b)/((a+b)(a-b))
2)2/(x-3)+1/(x+3)+2x/(9-x^2 )=
Бөлшектің бөлімін көбейткіштерге жіктеу  
2x/((3-x)(3+x))=-2x/((x-3)(x+3))
 
=2/(x-3)+1/(x+3)-2x/(x-3)(x+3) =(2(x+3))/((x-3)(x+3))+(1(x-3))/((x+3)(x-3))-2x/(x+3)(x-3) =
 
=(2(x+3)+(x-3)-2x)/((x+3)(x-3))=(2x+6+x-3-2x)/((x+3)(x-3))=(x+3)/((x+3)(x-3))=1/(x-3)Жауабы:1/(x-3)
 
2-мысал:Азайтуды орындайық:
5/(m(m-2))-(m+3)/(m^2-4)=5/(m(m-2))-(m+3)/(m-2)(m+2) =(5(m+2))/(m(m-2)(m+2))-(m+3)m/(m-2)(m+2)m=
 
=(5(m+2)-m(m+3))/((m-2)(m+3)m)=(5m+10-m^2-3m)/(m(m^2-4))=(2m-m^2+10)/(m(m^2-4))Жауабы: (2m-m^2+10)/(m(m^2-4))
 
(a-b)/(a+b)-(a^3-b^3)/(a^3+a^3 )=(a-b)/(a+b)-(a^3-b^3)/(a+b)(a^2-ab+b^2 ) =((a-b)(a^2-ab+b^2))/((a+b)(a^2-ab+b^2))-  (〖(a〗^3-b^3)*1)/(a+b)(a^2-ab+b^2 ) =
 
=(a^3-a^2 b+ab^2-a^2 b+ab^2-b^3-a^3+b^3)/(a+b)(a^2-ab+b^2 ) =(2ab^2-2a^2 b)/(a^3+a^3 )= (2ab(b-a))/(a^3+a^3 )    Жауабы: (2ab(b-a))/(a^3+a^3 )
Сергіту сәті(1 минут): Мақал мәтелдер сайысы:
 ... ғылымдардың патшасы
... мыңды жығады,
... бірді жығады.
... білім құралы
Сыныпта тапсырма(15  минут):    4- нұсқа бойынша деңгейлеп тапсырма
Балалар қазіргі заманда адам өміріне энергияқажет екенін күнделікті тіршіліктен  байқап жүрсіңдер. Сол себепті 2017 жылы еліміздің Астанасында әлемнің түркір-түпкірінен келіп осы энергиянытзиянсыз табиғи жолмен өндіруге байланысты ЭХПО 2017 көрме өткізгелі жатыр. Қазіргі таңда энергияны ІІІ жағдайда өндіруге тырысып  жатыр: Жел , су және күн арқылы
Сендердің сыныпта орындалатын  тапсырмаларың да үш деңгейде болады .
А-деңгей: Жел арқылы өндірілетін энергияны өндіру деп аталады. (3 бал)
В-деңгей: Су арқылы өндірілетін энергияны өндіру деп аталады  (4 бал)
С-деңгей:Күн  арқылы өндірілетін энергияны өндіру деп аталады  (5 бал)
Сабақты қорытындылау(5 минут): 
Бөлімдері бірдей рационал бөлшектерді  қосу  үшін, 
олардың ... қосып,  ... өзгеріссіз қалдыру керек.
Бөлімдері бірдей рационал бөлшектерді  азайту  үшін, олардың алымдарын ... , бөлімін ... қалдыру керек.
Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу мен азайту үшін төмендегі алгоритм дұрыспа? 
Мүмкін болса бөлшектердің бөлімдерін көбейткіштерге жіктейміз
Әрбір бөлшектің толықтауыш көбейткішін анықтаймыз
Әрбір бөлшектің алымы мен бөлімін толықтауыш көбейткішке көбейту арқылы ортақ бөлімге кетіреміз
Үй тапсырмасы: №256 1) 2)    №257 1) 2)
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жай бөлшектерді қосуға есептер шығарту
Жай бөлшектерді қосу
Кім шапшаң
Жай бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру
Математика жарыс сабақ
Жай бөлшектерді қосу мен азайту
Рационал өрнектер. Ашық сабақ
Рационал бөлшектерді қысқарту тақырыбына есептер шығару
Рационал сандарды қосу
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 8705 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык