Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру


Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру

Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру

Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:   Оқушыларға жай бөлшектер тарауын   қайталай
                        отырып, жай бөлшектерді ең кіші ортақ   бөлімге
                        келтіру ережелерін  меңгерту, есеп шығара білуге
                        үйрету.
Дамытушылық Тақырыптың негізгі идеясын ашу.   
                               Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ойларын 
                              тұжырымдау. Өз бетімен  қорытындылау
дағдыларын  жетілдіру.
ТәрбиелікҰқыптылыққа, зеректілікке, шыдамдылыққа, өз-өзіне   
                          деген сенімділігін арттыруға тәрбиелеу.

Оқушылар нені білуі керек:Өткен сабақта танысқан жай бөлшектер,оларды қысқарту,аралас санға айналдыруды, дұрыс, бұрыс бөлшектерді ажырата білуді,ЕКОЕ – ті таба білуді.
Оқушылар нені меңгеруі керек: Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіруді.
Сабақтың  жоспары:
 I. Ұйымдастыру кезеңі.
 II. Үй  тапсырмасын тексеру.
 III. Жаңа сабақты өту. 
 IV. Есептер шығару.
 V. Тақырыпты бекіту. 
VI.Бағалау.
VII. Үйге тапсырма беру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:  
Толықтыруды қажет ететін тест
Бөлім бөлшек сызығының ... жазылып, нешеге 
     бөлінгенін білдіреді.
Алым бөлшек сызығының ... жазылып, нешеуі алынғанын білдіреді.
Егер бөлшектің алымы бөлімінен ... болса, онда ол дұрыс бөлшек.
Егер бөлшектің алымы бөлімінен  үлкен не тең болса, онда ол ... бөлшек.  
Дұрыс бөлшектер 1-ден ...  болады.
Бұрыс бөлшектер  1-ден ... болады.
... бөлшекті аралас санға айналдыруға болады.
Аралас сан ... бөліктерінен тұрады. 
Берілген натурал сандардың ЕКОЕ қалай табылады?

ІІІ. Жаңа тақырып:
 1 Мысал: 1/8, 5/6 бөлшектерін ең кіші ортақ бөлімге  келтіру керек. 
 2 Мысал: 7/4, 3/4, 5/14 бөлшектерін ортақ бөлімге  келтіру керек.
3 Мысал: Аралас сан берілсе, олардың бөлшек  бөліктерін ортақ бөлімге келтіреміз.
Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру үшін: 
     1) берілген бөлшектердің бөлімдерінің ең кіші ортақ еселігін, яғни ең кіші ортақ бөлімін табу керек;
2) бөлшектердің әрқайсысы үшін толықтауыш көбейткішті табу керек;         
3) әрбір бөлшектің алымы мен бөлімін сол бөлшектердің толықтауыш көбейткішіне көбейту керек. 
Бөлшекті жаңа ортақ бөлімге келтіру үшін оның алымын да, бөлімін  де көбейтетін сан толықтауыш көбейткіш деп аталады. 


ІV. Есептер шығару.

Кітаппен жұмыс
 № 534
№ 537 (тақ номерлері)
V. Жаңа тақырыпты бекіту.
1. Қандай сан берілген бөлшектерге ортақ бөлім бола алады?

2. Толықтауыш көбейткіш деп қандай санды айтады?

3. Толықтауыш көбейткіш қалай табылады?
VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма.
§3.8 ереже жаттау.
№ 535
№ 537 (жұп номерлері)


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жай бөлшектерге амалдар қолдану
Математика пәнінен күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Үлестер. Жай бөлшектер.
Рационал бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектерді қосу
Жай бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектерді бөлу
Жай бөлшек» тарауына қайталау жаттығуларын орындау.
Жай бөлшек» тарауына қайталау жаттығулары
Координаталық сәуледе ондық бөлшектерді салыстыру
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 11816 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык