Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бейнелеу өнері сабағында бояу түсін қабылдауды дамыту ерекшеліктері


Бейнелеу өнері сабағында бояу түсін қабылдауды дамыту ерекшеліктері

Бейнелеу өнері сабағында бояу түсін қабылдауды дамыту ерекшеліктері

Қазіргі уақытта заман талабына сай туындайтын басты мәселелердің бірі – жас ұрпақты қоғам мүддесіне лайықты жан-жақты дамыған, парасатты азамат ретінде қалыптастыру, өзін қоршаған ортадағы, адам өміріндегі, әдебиет пен өнердегі, тұрмыстағы, салт-дәстүрдегісұлулықты, әсем көріністерді сезіне біліп, жақсы мен жамандықты ажырата білуге тәрбиелеу. Сондықтан да жас ұрпақты оқытып, тәрбие берудің сапалық деңгейін көтеріп, сұлулық пен көркемдікті қабылдау қабілетін, эстетикалық талғамын дамыту, ізгілікке баулу, өз ісіне деген шығармашылық құштарлықтарын, қызығушылығын арттыру – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Бейнелеу өнерін оқытуда теориялық білім беру, әр жанрмен терең таныстыру, нақтылы бейнелеуге жаттықтыру ісімен тығыз байланысты жүргізіледі. Бейнелеу өнері туралы әңгіме жасағанда оқушыларды көркем бейнелеудің аса маңызды құрамдарын ұғынуға үйреткен орынды. Сабақ барысында әр алуан әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдаланған жөн. Қажетті жағдайда мұражайлар мен көркемөнер галереяларына саяхат жасау пайдалы болмақ. Бейнелеу өнерінде қолданылатын термин сөздерді өз кезегінде түсіндіре отырып, оқушылардың ойын, қиялын кеңейтуге, көркемөнерге деген ынта- жігерін арттыруға күш салу керек. Қоршаған ортаны, заттар мен құбылыстарды жан-жақты терең танып білуіміздің көптеген тәсілдерінің бірі – түр-түс әлемі. Түр-түстің табиғатын білу, құрамын, эталонын анықтау, қабылдау – барлық салаға, соның ішінде білім беру саласына да қажетті, тәжірибелік маңызы зор мәселелердің бірі. Ғылым, білім саласында белгілі бір жетістікке жету көп ізденісті қажет ететін болса, бейнелеу өнерінде де түсті қабылдау жолдарын меңгерудің маңызы зор. Түсті қабылдаудың баяндау негізі етіп алыну себебі: түс әлемінің тек өнерде ғана емес, философия, психология, педагогика, сәулет өнері т.б. ғылымдарда да мағыналық мәні бар. Шынында да, «түр-түс әлемі» өзінің пайда болып, ұзақ қалыптасу тарихы бар, адам баласы үшін әлі ашылып болмаған сыры мол өзіндік сымбатқа ие өте күрделі, әрі байырғы табиғат құбылыстарының біріне жатады.                                              
Бейнелеу өнерінің тағы бір сыры: құдіретті салынған көркем шығарма, ондағы бояулардың түсі, картинадағы композиция адам жанына тікелей әсер етеді. Мысалы, кейбір көркем шығарманы көргенде адамды қарапайым қуаныш билеп, жаны жадырап сала береді. Кейбірі тұңғыйық ойларға жетелейді, тіпті кейбір шығарма ауырған адамның ауыруынан айығуына, көңілінің көтеріңкі болуына көмектеседі. Ойлау, есте сақтау, қиялдау арқылы оқушылар айнала қоршаған әлемдегі құбылыстар туралы танымын байытып, тереңдете түспек. Оқушылардың бейнелеу өнеріндегі бояу түсін өз деңгейінше қабылдай білуді дамытуда жоғары нәтижеге жету үшін:
- Сыныптан тыс жұмыстар арқылы түр-түсті әсерлі түрде сезініп, қабылдауға үйрету, көріп-білгенін шығармасында пайдалана білу шеберлігін қалыптастыру, дамыту қажет;
- Танымдық маңызы бар өнер шараларына жиі қатыстырып, мектепішілік көрмелер ұйымдастыру қажет;
- Жалпы көркемдік әлемін қабылдауға үйрету, тәрбиелеу жұмысын бүкіл педагогикалық үрдістің іске асу барысында жүйелі жұмыс түрінде, үзбей жүргізіп отыру керек;          
  Бейнелеу өнерінің мақсаты – айналамызда қоршаған ортаны қабалдауға, көзімізге көрінген заттардың түр-түсін, белгілі бір формасы мен пропорциялық айырмашылықтарын қабылдап, саралай білуге тәрбиелеу. Кеңістіктегі түстер айырмашылықтарын, бір түстен екінші түске ауысу заңдылықтарын, бояу ерекшеліктерін, жарық пен реңктердің әсерін зерттей отырып, ойлау қабілеттерін дамытады. Бояу түстерін байқау тәжірибесінің болмауынан: бояу түстерінің өзара үйлесімділігін ажырату, қажетті түсті табу, заттардың айырмашылығын айыру алғашында оқушыға қиынға соғады. Қайткенмен де, жүйелі бағыттап оқыту, үйрету, көрсету негізінде оқушылардың көбі бояу реңін дұрыс, жарасымды, үйлесімді, ажырата білудегі ережелерге біртіндеп үйрене бастайды, бояулардың негізгі қасиеттері өзара қоспалары арқылы күшейетіндігіне мән бере қарайтын болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жарықбаев Қ.Б. Жантану негіздері. Алматы.2002
2. Қайдаров Ә.Т. Сырға толы түр мен түс. Алматы.1986
3. Б. Әлмұханбетов, Ж. Балкенов. Сурет салу және бояумен жұмыс істеу әдістері. Алматы «Мектеп» 1987
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бейнелеу өнері арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру
Натюрморт жанры
Композиция және перспектива
Кемпірқосақтың түсі қандай?
Құстарды бейнелеу
Бейнелеу өнері сабағында бояу түсін қабылдауды дамыту ерекшеліктері
Қазақ елі мен жері бейнелеу өнерінде
Аққала
Түстердің ғажайып әлемі
Табиғат көрінісін бейнелеу
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2950 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык