Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 8620 |
|
|
|
Қазақ тілі сабағында жаңа технологияларды пайдалану
Қазақ тілі сабағында жаңа технологияларды пайдалану
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгерумен жүреді.Я.А.Коменскиийдің, И.Гербарттың дәстүрлі субъект-субъектілі педагогикасының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер-оқытушы мен оқушының тұлғалық-бағытталған өзара әрекеті болып табылады. [1;6]
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Егер «жеке тұлға» ұғымының мазмұның талдап, түсінік беретін болсақ ,біздің ойымызша,төмендегідей анықтама неғұрлым дәл келеді: «жеке тұлға-бұл адамның психикалық,рухани мәні,ол әртүрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән:
• адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;
• өзіне және өзімен-өзінің ,дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі;
• айналадағы қоршаған әлемді және онда Өзін-өзі жете түсінуі;
• қажеттілік жүйесі;
• шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы;
• сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы;
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі-баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту техналогияларын шығаруға ұмтылуы.
Ғылымға мықтап енген « педагогикалық технология» ұғымына әртүрлі түсініктемелер берілген ( В.П Беспалько, В.М Шепель, И.В.Волков, М.Чошанов, М.В Кларин, Г.К Селевко және т.б).
« Педагогикалық технологиялар –бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің ,мазмұның формулары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері.Мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп,ақыр аяғында,оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды». [4;45]
Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру (УДЕ) технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.ААмонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгімен сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модульді оқыту технологиясы, В.М Монаховтың .В.П. Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал. [1.5]
Қазақстанда Ж.А Қараевтың, Ә.Жүнісбековтің және т.б ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады. [2,10]
“Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейін.
Қызығушылықты ояту
Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады. [3;15]
Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.
Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.
Жоба 60-90 қа жуық стратегиялардан тұрады. Солардың кейбірімен таныстыра кетеміз.
1- стратегия топтастыру немесе ойды жинақтау
Оқушыларды еркін ойлауға және тақырыпты ашып талдауғ ат бағытап қолданатын оқыту стратегиясы. Бұл стратегиясы идеяларды жинақтап бір-бірімен сабақтастықты біріктіру үшін ой дамытып жетілдіруге қажетті құралдарды тудырды.
Бұл тақырыпты зертеу тұрғысынан ,сонымен қатар бұл стратегия жаңа түсініктермен көрсете оқитын көрнекіліктер:
Категориялық топтастыру (Кластер с категоризацией)
5 жол өлең( синквейн )- ақпараты түйіндеп айту терең ойды сезімді және сенімді қысқа сөзбен қамту маңыздағы өнер. Бұл іс-әрекет басқаны тыңдауға үйретеді және басқаның идеясынан дұрысын тауып, екеуі бірдей келісетін жерлерді көруге бағыттайды.
Нұсқаулар.
1. Бірінші жол тақырыпты суреттейтін бір ғана сөзден тұруы керек.(Зат есім болуы тиіс)
2. Екінші жолы тақырыпты суреттейтін екі-ақ сөзден тұратын сын есім.
3. Үшінші жол тақырыптық іс -әрекетін көрсететін үш сөзден тұруы керек.
үш қимыл етістіктерден тұру керек
4. Төртінші жол тақырыпта дейін қатысты білгенін төрт сөз тіркесінен болуы керек.
5. Бесінші тақырыптық мәнін қайтадан көрсететін бір сөзді синоним болуы
1. Зат есім. (не? Кім?) Мұғалім
2. Екі сын есім (қай? қандай?) Ақылды, білімді
3. Үш етістік (не істеді? Не қылды?) үйретеді, ізденеді, тәрбиелейді
4. Төрт сөзден тұратын сөйлем Болашақ жас ұрпақты тәрбиелейді
(тақырыпты ашатын)
5. Синоним Ұстаз
Инсерт - оқулықта берілген тақырыптық мәтіні бойынша жұмыс оқушы мәтінді оқып отырып, төмендегідей белгілерді белгілеп отырады.
V –білемін
! - жаз білдім
- - білмедім
? - көбірек білгім келеді.
қойған белгілеріне мән бере отырып, мәтінді қайтта қарап шығыңыз бұл белгілер сіздің біліміңіз, ойыңыздың сәйкес келген, не келмегенін айқындауға көмектеседі. Сонымен қатар, ол белгілер жаңа ақпараттарды, дұрыс жаттамай тани білуге көмектесті.
СТО бағдарламасында ұжымдық іздену жұмыстары жақсы нәтиже береді. Оқушылар пәнге қызығады. Сабақта бәрі жұмыспен айналысады, оқушының ойлау қабілеті артады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. М.М Жанпейісова модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде.
2. Ә. Қоңыратбаев , Көшімбаев «Әдебиетті оқыту методикасы».
3. Қ. Тасболатов «Оқушылардың таным белсенділіктерін арттыру».
4. А.Я Савельев Технология обучения и их роль в реформе высшего образования. Москва,№2,199
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |