Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сын тұрғысынан ойлау. Oқушы әрекетін белсендіруге негізделген технология


Сын тұрғысынан ойлау. Oқушы әрекетін белсендіруге негізделген технология
Сын тұрғысынан ойлау оқушы әрекетін белсендіруге негізделген технология
Павлодар облысы
Лебяжі ауданы
Б.Уахатов ОМ
Бикеева Қ.Д
Мұғалім қоғамдағы болып жатқан, ғылыми өзгерістерге тез төселгіш , жаңаша ойлау жүйесін меңгерген, педагогикалық үрдісте жүйелі бағыттармен жұмыс істей алатын, шәкіртінің жанына нұр кұятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы, яғни, «Жаңа формация мұғалімі»деуге болады. Қазіргі уақытта білімді, қабілетті, әдепті, іскер, мейірімді мұғалім ғана оқушысына жақсы қасиеттерді сіңіре отырып, сапалы білім бере алады.
Ол үшін оқыту мен білім берудегі жаңалықтарды жылдам қабылдап, оларды практикада қолдануда үлкен белсенділік таныту, оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру қажет. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік,адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.[1] Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс- әрекетің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. [2]Біздің міндетіміз–оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Оқушы мүмкіндіктері оқу-тәрбие үдерісінде ашылады.Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы.Өз тәжірибемде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудамын. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда Сын тұрғысынан ойлау технологиясының маңыздылығы, пайдасы зор екеніне көзім жетті.
СТО технологиясы немен қызықтырады? Кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен; оқытумен ұйымдастырудың тиімді стратегияларының көптігімен;оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігімен.
Сыни ойлау- өзіндік ойлау.Сыни ойлау – сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. [3]Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды. Дәстүрлі сабақта оқушы мұғалімнің көмегімен білім алса,сыни тұрғыдан ойлау сабағында оқушы білімге өзі жетеді, мұғалім тек бағыт беруші.
СТО мен дәстүрлі сабақтарды салыстырсақ:
СТО сабақтарда Дәстүрлі сабақтарда
Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жұмысты жақсы ұйымдастырады. Оқушы бірден жұмысқа кірісіп кетпейді.
Өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттері, белсенділіктері басым. Белсенділік орташа, мұғалімнің көмегін керек етеді.
Шығармашылық қабілеттері артады, топтағы әр оқушының жауапкершілігі басым. Шығармашылығы бірқалыпты, ынта-ықыластарын білдіре қоймайды.

Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында,яғни, стратегияларында.[4] Стратегия дегеніміз - әдістемелік ұстаным.4- сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, жазу мен оқу арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында қолданып жүрген стратегиялардың мүмкіншіліктеріне және құрылымына тоқталайын: СТО технологияның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді . Осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейін. І Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Оқушы жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – оқушының белсенділігін арттыру.
Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі -Мағынаны тану. Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін стратегиялар бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.
«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясында жазудың орны ерекше. Оқушыларды жазуға қызықтырудың бірден-бір жолы қойын дәптер болып табылады.Үнемі үзбей жазудың арқасында оқушылардың қойын дәптерлерінен жақсы ой түйіндерді кездестіруге болады. Жалпы оқушылардың қойын дәптерлеріндегі жазуды бақылау барысында байқағаным, олардың көпшілігі нақыл сөздер және өздеріне ұнаған ақындардың өлеңдерінен үзінді жазған. Кейін келе өздерінің рұқсаттарымен бір-біріне қойын дәптерлерін оқытып, өздеріне не ұнағанын айтқызып, бір-біріне ұсыныстар айтуына мүмкіндік жасадым. Айтылған ұсыныстардан кейін қойын дәптер жазудың әр түрлі тақырыптар бойынша жазуға болатынын анықтадым және оның мынандай жобасын жасауға болады:
- ұнаған нақыл сөздерді жазу;
- бұрын соңды естімеген мақал – мәтел, сөз тіркестерін жазу;
- нақыл сөздерге өзіндік ой тұжырым жазу;
- ой салған сыртқы құбылыстарды түрліше формамен жазу;
- өнер, білім тақырыптарында өзің ұстаз немесе пір тұтқан адамдар жайлы
жазу;
-досың, құрбың, замандасың туралы пікіріңді жазу.
Осындай ойларды ортаға салғаннан кейін, олар қойын дәптерді бір сарында емес, әр түрлі тақырыпта, жүйлеп, саралап жазуды дағдыға айналдырды.
Сабақтарымда сұрақтан басталып, сұрақтан аяқталатын эссені жиі қолданамын. Алдымен оқушылар сабақ тақырыбы бойынша өздерін ерекше толғандырған мәселе бойынша бір немесе екі-үш сұрақ жазады. Содан кейін парақтар оң жақта отырған оқушыларға ысырылады да олар жолдастарының сұрақтарына жауап жазады. Бұл жұмыс оқушылардың бір-бірінің мұқтаждарына деген ықылас қалыптастырып, бір-бірін тыңдауға жұмылдыратын сияқты. Қызық емес пе жолдасың көтерген мәселеге өз түсінігіңді келтірген?
Қолданыстағы келесі стратегиямның бірі –РАФТ. Бұл стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да болады. Формасын түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен өткізеді. РАФТ оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе жазуға жетелейді, ресми іс қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі.Жуан-жіңішке сұрақтар: оқушылар мәтінмен жұмыс істей отырып, мәтін мазмұны бойынша өздері тың сұрақтар құрастырады. Бұл дегеніміз, оқудың барлық әдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені, оқушы алдымен қатесіз, түсініп оқуға тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады, басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді.Қай жұмыс болмасын оқу мен жазу қатар жүреді, оқығанын қағаз бетіне түсіру, оқушының қаншалықты білімді екенін, шеберлігін байқатады. Бұдан шығатын қорытынды, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды жүзеге асыру – технологияның басты кілті.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту арқылы әр оқушы сабаққа толық қатыстырылып, деңгейін анықтай алады; жеке тұлғаның танымдық белсенділігін арттырады;
– Қызығушылығын оятады;
– Сұрақ қойып, өз ойын еркін айтуға ;
– Мазмұнын толық түсінуге жағдай туғызады.
Осының барлығы оқушының өздігінен білім ала білуін, сын тұрғысынан ойлау іскерлігін, зерттеу жұмыстарын жасау мүмкіндігін ашады. СТО технологиясының ерекшелігі – оқушы тек білім алып қана қоймайды, сонымен бірге ұжымдағы қарым қатынасқа қалыптасады. Бірін-бірі сыйлау, таңдап, жүйелі сөйлеу өздігінен жұмыс істеу қабілеті дамиды.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында мынадай нәтежеге қол жеткізді.
- бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды;
- өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;
- бір-біріне құрметпен қарауға;
- өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;
- өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;
- мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;
- достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге;
- белсенді шығармашылық қабілеттері ұштасты.
Осындай жүргізілетін іс-әрекеттің барлығын бақылап, өзім жүргізген тәжірибемнен айтарым, осындай әдіс-тәсілдерді қолдана отырып өткізген сабақтың оқушыға берері мол, нәтижесі өте жоғары. Себебі оқушылардың барлығы дерлік сабаққа қатысады, өздерінің ойын еркін айтады, бірін-бірі тыңдайды, салыстырады, сол сабақтан өзінше бір түйін жасап, өз бетінше білім алады. Ал тәрбиелік жағына келер болсақ, оқушылар ұйымшылдыққа, тез шешім тауып, тығырықтан шығуға, өзіне баға беруге ұмтылады, үйренеді.
Әр технологияны қолдану арқылы белгілі бір жетістіктерге жетеміз.
Мұндай технологияларды қолдану-біріншіден мұғалім ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы арта түспек деп ойлаймын. Нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге ие бола алады. Ал білікті маман болу үшін көп ізденіс керек. Әр оқушының жүрегіне жол тауып, оларды білімге қызықтыру-біздің міндетіміз. Білім беру кезінде бала білім алады, сана сезімі өседі, жақсы әдет-ғұрыпқа, мәдениетке, әдептілікке, үлкен –кішіні сыйлауға үйренеді.
Қазіргі уақытта білімді,қабілетті,іскер, мұғалім ғана оқышысына жақсы қасиеттерді сіңіре отырып,сапалы білім бере алады. Ол үшін оқыту мен білім берудегі жаңалықтарды жылдам қабылдап,оларды практикада қолдануда үлкен белсенділік таныту-әрбір мұғалімнің міндеті деп білемін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. ДүсенбаевС. Жаңа педагогикалық технология–Бастауыш мектепте // Бастауыш мектеп.-2003.-№9
2. Ибрагимова Г.Оқытуда жаңа әдістерді пайдалану// Бастауыш мектеп.-2001 №6
3. И.Бикирова. Шығармашылық–натижелі оқыту негізі// Бастауыш мектеп.-2006.
4.Әбілқасымова А.Е., Омарова Р.С. Мұғалімдердің танымдық іздемпаздығын қалыптастыру. Алматы: Ғылым, 2003.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Оқытудың жаңа технологияларының білім беру сапасын көтерудегі рөлі
Сын тұрғысынан ойлау технологиясымен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Сын тұрғысынан ойлау технологиясымен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
ОҚУ ҮРДРІСІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ ПӘНДЕРДІ МЕҢГЕРУ БАРЫСЫНДА, КРЕАТИВТІ БАҒАЛАУ ҮРДІСІН ПАЙДАЛАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.
Оқытудағы жаңа тәсілдер
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту бағдарламасын пайдалану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту
Қазақ тілі сабағында жаңа технологияларды пайдалану
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың өз бетімен білім алу қабілеттерін дамыту
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 5211 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз