Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қозғалысқа есептер


Қозғалысқа есептер

Сабақтың тақырыбы: Қозғалысқа есептер

Сабақтың мақсаты: 1) Жылдамдық,уақыт, қашықтыққа байланысты есептер шығару,теңдеу құру, шешу;  2) Танымдық қабілетін дамыту;  3) Математиканың адам өміріндегі маңызын ұғындыру, салауатты өмір сүруді насихаттау.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, тірексызба, үнтаспа, «Сочи-XXII Қысқы Олимпиада Алауы».
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық (музыка әуенімен 1 шумақ өлең оқылады).
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. ( №9,193 бет).
Амалдардың жауабын оқыту: (320500, 1238824, 89840, 15892)
ІІІ. Қызуғышылықты ояту: (Сочи-2014 эмблемасы).
    Ресейдің Сочи қаласында XXII Қысқы Олимпиада ойындарының дода-думаны басталып та кетті. Қазақстандық спортшыларға жарыс жолында тек табыс тілейміз! Мұнда әлемнің 80-нен астам елінен 5 мыңнан аса спотршы мен ресми адамдар келген. Ақ Олимпиада да 7 түрлі спорттық негізіндегі 15 бағдарлама бойынша 98 медальдар жиынтығы сарапқа салынады.
    Мұның өзі 2010 жылы өткен Ванкувер-2010 Олимпиадасының 12 медаль жиынтығының көп екенін көрсетеді.
 Ендеше, балалар, сіздерге сұрақ:
Сочи-2014 жылы-98 медаль жиынтығы      12 медаль көп
Ванкувер-2010жылы-? медаль
(98-12=86 медаль жиынтығы болғаны)
IV.  Жаңа сабақ: Қозғалысқа берілген есептерді шешу.
Бізде XXII Қысқы Ойын Олимпиадасының жанкүйерлері екенімізді ұмытпайық!
№1 тапсырма: Міне, конькишілер де көрінді!
-Конькишіер қандай әрекет орындауда?
-Бір бағытта сырғанауда
-Екі конькишінің қозғалыс бағыты туралы не айтуға болады?
-1-ші конькишінің жылдамдығы-12 м/с
2-ші конькишінің жылдамдығы-10 м/с
-Екінші конькиші біріншіге қуып жете ала ма, жоқ па?
-Жоқ, жете алмайды.-Неге? -Өйткені бірінші конькишінің жылдамдығы артық.
 -12-10 айырмасы жылдамдықтарының қанша артық, қанша кем екенін білдіреді.
1-ші конькишінің жылдамдығы-2 м/с артық, 
2-ші конькишінің жылдамдығы-2 м/с кем.
Оны 12-10=2 м/с өрнегі арқылы табамыз.
Қара теңіздің жағалауына жағалай қоныс тепкен осынау қаланың Адлер деп аталатын аумағына орналасқан «Фишт» стадионына ағылып келе жатқан машиналар көз тұндырады.
2-тапсырма: (есепті түсініп оқу)
-Қандай есеп? (Қозғалыс есебі)
-Есепте не белгілі?
-2 Қаланың арақашықтығы
1-ші машинаның жылдамдығы
-2-ші машинаның жылдамдығы
-Нені сұрайды?
-3 Сағаттан соң 2 машинаның бір бірінен қандай қашықтықта болатынын
Қысқаша шартын жазып,тақтаға бір оқушы шығарады.
 
L-89 км                                    Ш: (55+65)*3+89=449(км)
V1-55 км/сағ                                    (55+65)*7+89=929(км)
V2-65км/сағ
3 сағ-?км                               Ж: 3 сағаттан соң 449 км,                                  
7 сағ-?км                              7 сағаттан соң 929 км қашықтықтарда болады.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев « Қазақстан-2050» Стратегиясында «Дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір сияқты ұлт денсаулығының кілті болып саналады», деп нақтыланады. Осы тапсырманы жүзеге асыру мақсатында республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, дүбірлі додаларда Қазақстанның көк байрағын желбіреткен спортшыларға лайықты сый-құрмет көрсетілері хақ.
Тапсырма №3.
Оқып, шартын құру
Тапсырылуы керек-15 000 пәтер
Тапсырды-198 пәтерлі 6 үй,
                   270 пәтерлі 5 үй.
Қалды-? пәтер.
- Балалар, есептің сұрағына бірден жауап бере аламыз ба?
-Алдымен нені біліп алуымыз керек?
Ш:1)198*6+270*5=2538(п)
     2)15000-2538=12462(п)   немесе  15000-(198*6+270*5)=12462(п)
Ж: Құрылысшылар әлі 12462 пәтер тапсыруы керек.
V. Логикалық және ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған ауызша стандарт емес тапсырма.
Понидың жоғарғы сыныпта оқитын Ермек деген досы бар.Егер Ермектің жасын білдіретін сандардың орнын ауыстырса, оның атасының жасы шығады. Оның атасы алпыстан асқан, бірақ жетпіске жетпеген қария. Атасы Ермектен неше жас үлкен?(Ермек  16 жаста, атасы 61,атасы  Ермектен 45 жас үлкен)
VI. Олимпиадашыларды қолдауға арналған «Бірге! Жеңіске!» атты жалпы республикалық акциясы. XXII Қысқы Олимпиада қарсаңында қазақ елінің спортшыларына қолдау көрсетіп, олардың спорттық бәсекесіне, жеңістері мен рекордтарына ақ жол тілеуге арналған болатын.
  Бізде сіздермен біргеміз, Спортшылар!
Тапсырма: №4. Өзіндік жұмыс (3 қатарға бөліп беріледі)
Теңдеу құр және шеш
а) 360-қа  х-тің  3-ке бөліндісін қосқанда 440 шығады.  (360+х:3=440)
ә) x-тің 8-ге бөліндісін 140-қа арттырғанда  212 шығады.( x:8+140=212)
б) x пен 25-тің қосындысын 4есе арттырғанда  360 шығады ((x+25)*4=360)
Теңдеуді дұрыс құрып, есептеген алғашқы 3оқушыны медальдармен марапаттаймын.
«Бірге! Жеңіске!» акциясы жалғасуда.
№6. Атаулы сандарды бағандап қосуға берілген өрнектерді шешу.
І қатар                           ІІ қатар                                 ІІІ қатар
235м 2см+598 см      2т 886 кг+7т 795кг         5 8 +3 452 
(әр қатардағы алғашқы 3-тік медальдармен марапатталады)
№7 тапсырмаға назар аударту.(плакаттар)
Кез келген 2 таңбалы санды 101-ге көбейткеде сол сан 2 рет қайталанып жазылады.
3-ші мысалда: Кез келген 2 таңбалы санды 1001-ге көбейткенде сол сан 2 рет қайталанып ортасына нөл түседі.
Енді осы заңдылықтарға сүйеніп 2-ші мен 3-ші бағандарды орындаймыз.
87*11=957                    92*11=1012                    78*11=858
87*101=8787                92*101=9292                  78*101=7878
87*1001=87087            92*1001=92092              78*1001=78078
VII. Сабақты қорыту.
Есептер шығардық, теңдеу құрдық, стандарт емес тапсырмалар орындадық.
«Бірге! Жеңіске!» акциясына қатыстық.
Осылайша Сочи Оимпиадасы өзінің шешуші кезеңдеріне қарай қадам басты.
VII. Үйге тапсырма: 194-бет № 5
VIII. Бағалау.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту.
Олимпиада есептері
Теңдеудің көмегімен есептер шығару
Көбейтудің жазбаша тәсілдері. Пысықтау
Қашықтықты, жылдамдықты, уақытты табу.
Теңдеу, оны шешу. Жанама түрде тұжырымдалған есептерді теңдеу арқылы шығару.
Үш таңбалы санға көбейту және бөлу
Қозғалысқа есептер
Математика пәнінде мазмұнды есептер шығару әдістемелік құралы
Қысқаша көбейту формулалары
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 4043 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык