Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Аңыз арнасы. Бекболат Әдетов


Аңыз арнасы. Бекболат Әдетов

Сабақтың тақырыбы: Аңыз арнасы. Бекболат Әдетов

Сабақтың мақсаты:
1. Домалақ ана өмірінен түсінік беріп, өз аналарына деген сыйластық, құрмет, аялау қасиеттерін дарыта отырып аңыздың мазмұнын ашуға үйрету.
2. Оқушылардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілеттерін, көркем әдеби тілде сөйлеу қабілеттерін дамыта түсу.
Сабақтың көрнекілігі: Пайғамбардың ана туралы сөзі, үнтаспа, түрлі- түсті қарындаштар.
Сабақтың барысы: 
Ұйымдастыру кезеңі.
І. Қызығушылықты ояту.
- Сендерге ең жақын адам кім?
- Ана сөзіне қандай тіркестер айта алар едің? «Топтастыру арқылы».
                     асыл ана                     жан ана              ардақты ана
 
                                                            АНА
 
               пәк ана                          мейірімді ана                    қайырымды ана
Тақырыппен таныстыру.
-Балалар біздер бүгін керемет бір мәтінмен танысамыз. «Аңыз арнасы»
Сұрақ: Домалақ ана туалы білетіндерің бар ма? Домалақ ана туралы қандай мағлұматтарың бар?
  Домалақ ана (1378-1456 ж.ж)
Шын есімі Нұрила – есімі ел ұранына айналған абыз аналардың бірі. Түркістандық Мақтым Ағзам қожаның немересі. Ол 1378 ж. Түркістан қаласында өмірге келген. Атасы Мақтым Ағзамның өсиетімен Домалақ ана он тоғыз жасында (1397) Бәйдібек биге тұрмысқа шығады. Ел ішіндегі деректерге қарағанда, оған «Дихнат мама» деген атауды түп тегі түрікпен Қара Хайдар деген кісі қойған. «Дихнат мама» – парсы сөзі. Қазақ тілінде «Әулие ана» деген мағына береді. «Дихнат мама» сөзі уақыт өте келе дыбыстық өзгерістерге ұшырап, «Домалақ анаға» айналған. Одан тараған ұрпақтарының бәрі де білімімен, ақылымен ерекшеленіп, ел билеген. Жарықшақ деген ұлы Жетісу өлкесінің ұлысбегі болған. 1429 ж. Уәйіс хан қайтыс болып, әке тағына ұлы Есенбұға отырады. Сол күннен бастап Жарықшақ Есенбұға ханның бас уәзірі болады. Домалақ ана өмірінің соңғы жылдары Ташкент қаласында өтеді. Алайда ері Бәйдібектің түсінде берген аяны бойынша, өздерінің ескі қонысы Қаратауға барып тұруға қамданып, жол шегеді. 1456 жылдың жиырма сегізінші мамырында көш Балабөген өзенінің жағасына жеткен кезде Домалақ ана сол жерде намаз оқып тұрып көз жұмады. Өзінің тілегі бойынша Домалақ ана сол жазыққа жерленеді.
   Бекболат Әдетов Қазақ журналистикасының ардагері, жетпісінші-сексенінші жылдардағы «Социалистік Қазақстан» басылымының белді журналисі, тамаша аудармашы
ІІ. Мағынаны тану.
«Болжау» арқылы оқу. Мәтінді оқиға желісіне байланысты үш бөлікке бөлу.
Сөздік жұмысын өткізу.
Мазмұнымен жұмыс.
Әр бөлімді жалпылама қорытындылау.
Жоспар құру. Дәптерге жазып алу.
Сергіту сәтінің орнына: Гүл салу. Әркім өзінің салған гүлін анасына теңесін, анаңды қандай түске бояр едің? Неліктен бұл түсті таңдадың? 
«Кубизм» стратегиясы бойынша топтпрда жұмыс
1-топ. Қырғыз батырына сипаттама беру
2-топ. Домалақ анаға сипаттама беру
3-топ. Сары айғырды алып қалу себебі неде?
4-топ. Әңгімеде қай заман оқиғасы суреттелген?
 
ІІІ. Ойтолғау. 
«Екі жақты күнделік» стратегиясын пайдалану.
Сабақты қорыту ретінде ана туралы мақал- мәтел айтып, мазмұнын ашу.
Аңыздың тәрбиелік мәні неде?
Үйге тапсырма.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Интеллектуалды сабақ "Тапқырлар"
Жұп дауыстылар
Заттың санын білдіретін сөздер. Үш би. Мақал
Заттың санын білдіретін сөздер. Домалақ ана
Дигибридті будандастыру және белгілердің тәуелсіз ажырау заңдылықтары
Г. Мендель заңдарына есептер шығару
Генетикалық есептер шығару
Сөз мағынасы
Балықшы мен бақалшы
Ойыншықтар әлеміне саяхат. Жұмсақ ойыншықтар
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 7351 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык