Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Электр энергиясын пайдалану және сақтық шаралары


Электр энергиясын пайдалану және сақтық шаралары
         Оқушылардың  «Электр энергиясын  үнемдеп  пайдаланайық» атты апталықтан  алған білімдерін жинақтау, ой - өрісі мен танымдылық қасиеттерін дамыту, адамгершілікке, әдептілікке, шығармашылыққа баулу өз ойларын еркін жеткізуге дағдыларын қалыптастыру мақсатында  «дөңгелек стол»  өткізгелі отырмыз.

Электр энергиясын пайдалану және сақтық шаралары.

 
Мақсаты:     
       Білімділік:          Оқушыларды  электр энергиясын  үнемдеп пайдалануға 
                                    үйрету  және  электр  тогымен жұмыс істеген кездегі 
                                    сақтық шараларын  білуге баулу.
       Дамытушылық: Оқушылардың  ой - өрісі мен танымдылық қасиеттерін 
                                   дамыту. Байқау  және шығармашылық қабілеттерін 
                                   жетілдіру.
       Тәрбиелік:          Пәнге деген қызығушылығын, ізденімпаздылығын 
                                   арттыру.
 
Түрі : Дөңгелек стол
 
Әдісі: Сұрақ – жауап
 
Көрнекіліктер: Плакаттар, компьютер, интерактивті тақта
 
Жүрісі:
І . Ұйымдастыру
Оқушыларды  дөңгелетіп отырғызу.
 
ІІ. Негізгі бөлім
Оқушыларға сұрақтар беріледі.
1 сұрақ.  Электр тогы дегеніміз не?
Жауап:    9 сынып  оқушысы  Әбілхайыр Нұрболат:
      Электр зарядтары бар еркін бөлшектердің реттелген қозғалысы электр тогы деп аталады.
 
2 сұрақ.   Электр тогы бар екенін қалай байқауға болады?
Жауап:  10 сынып оқушысы Қаражанова Жұлдыз:
       Электр тогы бар екенін оның жылулық  (өткізгіштің қызуы),  химиялық  (ток өтетін заттың химиялық құрамы өзгеруі ) және магниттік ( тогы бар өткізгіштің төңірегінде магнит тілшесінің ауытқуы ) құбылыстарды туғызатын әрекетінен  байқауға болады.
 
3 сұрақ. Электр энергиясын қалай аламыз?
Жауап: 11 сынып оқушысы  Қоспақова Әсем:
      Электр энергиясы айнымалы токтың индукциялық генераторларынан әр түрлі электр станцияларында өндіріледі. Электр станциялары көмір мен мұнай қорларының  жанында ( жылу электр станциялары) немесе өзен – сулардың бойында ( су электр станциялары ) тұрғызылады. Электр станцияларында отынның ( мысалы, көмірдің ) жылу энергиясы электр энергиясына түрленеді. Жоғары қысымда қызған бу ағыны бу турбинасының роторын айналдырады, сонда онымен бір оське орнатылған генератордың роторы да айналады. Су электр станцияларында судың механикалық энергиясы электр энергиясына түрленеді.
 
4 сұрақ. Электр энергиясы тұтынушыларға жетпей қалуы мүмкін бе?
Жауап:  9 сынып оқушысы  Жәрдемғалиева Жанаргүл:
        Егер желіге берілетін кернеу жеткілікті түрде жоғары болмаса, уақыт бірлігі ішінде сымдардағы шағын генератордың қуатынан асып кетуі мүмкін, онда энергия тұтынушыға мүлдем жетпей қалады. 
5 сұрақ. Біздер күнделікті өмірде неше вольт кернеу қолданамыэ?
Жауап:  9 сынып оқушысы  Қойбақова Гүлназ:
      Біздер күнделікті өмірде 220 В кернеу қолданамыз.
 
6 сұрақ. Трансформатор дегеніміз не?
Жауап:  10 сынып оқушысы Шыманов Болатбек:
      Трансформатор  электр энергиясын тарататын желілерде кернеуді көтеру  және  төмендету үшін қолданылады.
 
7 сұрақ. Электрмен қоректендіру ісінің бұзылуына  не себеп?
Жауап: 11 сынып оқушысы  Достлеуов Ақылбек
       Электрмен қоректендіру ісінің бұзылуына көптеген себептер бар, мысалы, жақын жердегі қуатты электр приборын іске қосу / өшіру немесе кенеттен атмосфералық электрлендірудің пайда болуы ( жай түсуі ), т.б. осындай құбылыстар электр желісіндегі кернеудің шамадан тыс күрт өсуінен немесе төмендеуінен, өткізгіштерде жоғары вольтті импульстардың, электрлік шуылдардың пайда болуынан туындайды.
       Егер электрмен қоректендіру мәселесі үйдегі немесе жұмыстағы электр желісінің бір – ақ рет өшуінен тұратын болса, онда резервтегі үздіксіз қоректендіру блогын пайдаланумен шектелеміз. 
 
8 сұрақ. Электр тогын  жақсы өткізетіндерге нелер жатады?
Жауап:  9 сынып оқушысы  Бітан Нұрбек:
       Көптеген заттар электр тогын жақсы өткізеді, сондықтан оларды өткізгіштер деп атайды. Өткізгіштерге металдар, иондалған газдар, тұз, қышқыл және сілті ерітінділері жатады.
 
9 сұрақ. Электр тогын  мүлде  өткізбейтін  заттар бар ма?
Жауап: 10 сынып оқушысы  Қаракеш Еламан:
        Электр тогын  мүлде  өткізбейтін  заттар бар. Оларды диэлектриктер немесе изоляторлар деп атайды.
 
10 сұрақ. Лабораториялық жұмыстар жасау кезінде не істеуіміз керек?
Жауап: 11 сынып оқушысы  Қиялбаев Айдар:
      Ұқыпты, тәртіпті, сақ болу керек! Мұғалімнің    берген нұсқауларын бұлжытпай орындау  керек. Жұмыс жасап отырған орындарын мұғалімнің рұқсатынсыз тастамау керек. Приборларды, материалдар мен жабдықдарды   жұмыс  орындарына     мұғалім көрсеткен тәртіпте қою керек.
 Тапсырманы орындауда   қажеті болмайтын  нәрселерді   жұмыс орынында     ұстамау керек.
 
11 сұрақ. Электр    тізбектерін құрастырғанда ток көзін қай кезде қосу керек? 
Жауап: 11 сынып  оқушысы  Оразаев  Жанұзақ:
       Электр  тізбектерін құрастырып,   ауыстырып, қосу тетігін жалғап болғасын    ток көзін қосуға рұқсат етіледі.
 
12 сұрақ.Тізбек құрастырылғаннан кейін  электр тетіктерін жөндеу керек болса?  
Жауап:  10 сынып оқушысы  Мақсотова Айзада:
      Тізбек құрастырылғаннан кейін  электр тетіктерін жөндеу ток көзі ағытылған соң ғана рұқсат етіледі.
 
13 сұрақ. Кернеу түсіп тұрған электр құралдарының  бұзылған жері байқалса? Жауап: 11 сынып оқушысы Ахметов Азамат:
       Кернеу түсіп тұрған электр құралдарының  бұзылған жері байқалса оларды дереу ток көзінен ағытып, ол жайлы мұғалімге ескерту қажет.
 
 
13 сұрақ. Оқушы  электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік 
                көмекті  қалай  көрсетеміз? 
Жауап: 11 сынып оқушысы Қадір Айдана:
• Токты өшіру
• Зақымданушыны  ток әсерінен босату
• Дәрігер шақыру
• Зақымданушыны  қарап шығып, оған алған жарақатына байланысты көмек көрсету керек.
 
14 сұрақ. Күйген жағдайда  ше?
Жауап: 9 сынып оқушысы Қоспақова Альбина:
•     Ауырғанды сездірмейтін дәрілер беру;
• Күйген жерге арнайы май жағу;
• Зақымданған жерге суық су құю;
• Алдын – ала жараланған жерді, микробтар түспес үшін мөлдір жұқа қағазбен орау.
 
15 сұрақ. Есінен танып қалған жағдайда ше?
Жауап:  10 сынып оқушысы  Алуарова Данагүл:
        Зақымданушыны жауырынымен тегіс жерге жатқызып, басын бір жағына қаратып, қырымен орналастыру керек.
 
16 сұрақ. Тыныс алысы тоқтаған  жағдайда ше?
Жауап: 11 сынып оқушысы Қарекешова Ботакөз:
•     Ауызды ашып тілдің орналасу жағдайын тексеру керек, егер тіл күрмеліп қалған болса, оны қолмен дұрыс қалпына келтіру қажет.
• Дем алыс жағдайына келгенге дейін, қолдан дем алдыру ( ауызбен ауызға) немесе дәрігер келгенге дейін жаттығулар жасау.
 
ІІІ. Қорытынды бөлім
 
Қазір өміріміздің электр тогын қажет етпейтін саласы кемде – кем. Адамзаттың өмір сүруін жеңілдетуге негізделген дүниелердің барлығы электр энергиясының көмегімен жұмыс істейді. Осыған байланысты алдағы уақытта да электр энергиясымен бетпе – бет келетін сәттеріміз жиілей түсуі мүмкін. Сондықтан шәкірттердің электр тогына деген қызығушылығын ояту, электр құралдарымен жұмыс істеуге үйрету, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және іскерлікке баулу – дәрістің тәрбиелік міндеті етіп белгіленді. Сабақты оқытудағы міндет – электр құбылыстары  туралы білімдерін жетілдіру, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту. Қауіпсіздік ережелерін сақтау. Сонда ғана білімді, аман – сау боламыз.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Электр энергиясын пайдалану және сақтық шаралары
Тұрғын үйдің не пәтердің электр жүйесін жөндеу технологиясы
Электр жүйесін жөндеуге қажет құрал-саймандар
электр үтігі, шаңсорғыш) микротолқынды пеш, электр шаңсорғыш) (практика)
Тұрмыстық электр құралдарды жөндеу технологиясы
Пәтердегі сантехникалық жұмыстарды жүргізу технологиясы
Электр тогы
Конденсаторларды тізбектей және параллель қосу және олардың белгілері.Электр өрісінің энергиясы
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы Электроскоп.Электр өткізетіндер және өткізбейтіндер.
Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі. Кулон заңы. Электр өрісі. Өріс кернеулігі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 4353 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык