Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 4288 |
|
|
|
Жол тәртібін сақтаймыз!
Тақырыбы: Жол тәртібін сақтаймыз!
1 жүрг: Арманға алда күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!
2жүрг: Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Кешіміз басталсын сәлемменен!
Хор «Бақытты балалық шақ»
1-жүрг Құрметті, оқушылар!
Бүгін біз жолда жүру ережелерін білеміз бе, оларды қалай меңгергенбіз, өз өміріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз ба , сол жөнінде ой бөлісейік
2 жүрг Бүгінгі біздің «Жол тәртібін сақтаймыз!» атты тәрбие сағатымызға мемлекеттік автоинспекция қызметінен жас инспектор келіпті.Біз оны ортаға шақырып , сөз кезегін берейік.
Инспектор: -Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сендер алдымен менің жұмбағымды шешіп беріңдерші.
Арқаным бар тым ұзын
Ала алмайсың бір үзім
Табыңдаршы, балалар
Бұл жұмбақтың шешуін. (жол)
Дұрыс , ендеше жолда жүру тәртібін , жол ережесін жақсы білеміз бе екен байқайын.Кәне жол белгілері ортаға шығыңдар,өздеріңді таныстырыңдар.
1- Сақтандыру , ескерту белгісі
Қып-қызыл үшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам
Қауіптен сақ бол деп
Сәт-спар жолдаған
Аман-сау жүреді
Жаяу да көлік те
Мен берген белгіні сақтаған қолдаған.
2- Тыйым салу белгісі
Қызылменен боялған шеңберлі аумақты
Тыйымшыл белгімін қаталмын салмақты.
Мен тұрған жерлерде қақың жоқ жүруге
Қауіп бар бағдарла көз салып жан-жаққа.
3- (көк түсті дөңгелек)
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты
Міндетті бұрылыс әйтпесе қауіпті
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда
Абай бол шартымды міндетті орында.
4- Баратын жеріңнің бағытын тұратын
Үн-түнсіз жөн айтып жол нұсқап тұрамын.
(велосипед тепкен бала шығады)
Зуылбек-Әй, жолда бәрің неге иіріліп тұрсыңдар!Велосипед келе жатқанын
Көрмейсіңдер ме?Қағып кетсем қайтесіңдер ,а?
Автоинспектор: Велосипедің болғаны жақсы екен.Ендеше ,біздің жолда жүру ережесіне арналған жиынымызға қош келдің.Ол ережелерді сенің де білуің керек.Балалрмен таныс бол. Атың кім өзіңнің?
Зуылбек- Менің атым-Зуылбек.Велосипедпен ылғи зуылдап жүремін,содан достарым мені солай атап кеткен.Ал,мына белгілер көшеде толып тұр,мен оларды біліп қайтем.
-Әй ,мынау менің велосипедім емес пе?
1-белгі-Ия, Зуылбек бұл белгі сен үшін.Бұл белгінің аты «велосипед жүрмейді»
2-белгі-Зуылбек бұл да сен үшін керек белгі.Айталық, сен велосипедпен зуылдап келесің. Қарсы алдыңнан осы белгі кездесті.Ендеше, алдыңда «Шлагбауымы бар темір жол» бар деген сөз.
3-белгі-Бұл –«Адамдар өтеді» деген сөз.
Инспектор:Балақай , бұл белгілерді біліп жүру керексің.Ал, енді қауіпсіздік ережелерін барлық балалардың естеріне салайық.
Слайд «Қауіпсіздік ережелері»
Инспектор:-Енді, балалар, менің келесі жұмбағымды шешіңдер.
Сөйлеуді ол білмейді,
Бірақ, тоқта, жүр дейді. (Бағдаршам)
1-жүргЕндеше, балалар, бүгінгі кешіміздің басты қонағы –Бағдаршамды ортаға шақырайық.
Бағдаршам-Сәлем, балалар.мені барлық елдің балалары жақсы біледі.Бүгін сендерге арнайы келдім.
2-жүрг Қош келдің, Бағдаршам! Бүгінгі айтар әңгімеміз саған қатысты болмақ.Сондықтан да бізбен бірге бол.Ал, балалар, бағдаршамның көздері туралы білетіндеріңді айтып берейікші.
Наргиз Бұл сақшының үш көзі
Үш сөзден ұқ үш сөзді.
Ашса сақшы үш көзін
Айтты деп ұқ үш сөзін.
Алтынбек Тоқта, сақтан, жол ашық
Жүрме жолға таласып
Қызыл көзін ашқанда
сынық сүйем баспа алға.
Дильназ Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда
Жүре бергін , жасқанба.
Бағдаршам- Жарайсыңдар, балалар! Енді мен туралы деректермен таныс болыңдар.Тақтаға назар аударыңдар.
Слайд «Бағдаршам туралы деректер»
1-жүрг Ал ендеше балалар келесі кезекті ойынға берейік.Қай түс туралы айтылса , сол түстер топталып бір жерге жиналсын.
Өзгертпейтін тұрағын
Бір орында тұратын
Осы шамы жанғанда
Қадам баспа бір адым.
Бұл тоқтаудың белгісі
Білу керек бар кісі
Бас иеді тәртіпке
Келмесе де көнгісі.
2-жүрг Осы көзді жаққанда
Өтемін деп мақтанба
Бұл дайындық белгісі
Кідіре тұр аттанба.
1-жүрг Төксе осы шырағын
Қауіптенбе шырағым
Жолың ашық өте бер
Қауіптенбей шырағым.
Енді бәріміз тақтаға назар аударып, мұқият тыңдайық.
-ал, мыстан әжейдің тапсырмасын бізде орындап көрейікші.
Әрқасыңыздың алдарыңызда бағдаршамның суреті жатыр.
Қызылдар тобы-Бағдаршамның «дайындал» көзін
Сарылар тобы-Бағдаршамның «жүр» көзін
Жасылдар тобы-Бағдаршамның «Тоқта көздерін бояп шығыңдар.
2-жүрг Жарайсыңдар , балалар! Енді әр топтың айтар кеңесі мен сұрақтары бар екен, тыңдап көрейік.
Қызылдар тобы- «Ағасы мен қарындасы» көрініс
Сарылыр тобы-көрермендерге сұрақ: тақтада
Жасылдар тобы - «Анасы мен баласы»
Бағдаршам: -Жарайсыңдар ,балалар! Мен сендерге риза болдым.Барлық ережелермен мына отырған балаларды да таныстырып шықтыңдар.Енді бұл мектеп оқушылары көшеде жол ережелерін бұзбайды деп ойлаймын.Әлі талай қонаққа келермін.Қош болыңдар балалар!
1-жүрг Сау бол, Бағдаршам!
Ал, балалар, бізге де қоштасатын уақыт келді.
1-оқушы: Ерқанат
Жолды кесіп өтуге мен қамдансам,
Қиылыста қарсы алады бағдаршам.
Менікіндей екеу емес, үш көзді,
Әр көзінің түсі бөлек, аңғарсаң.
2-оқушы: Айжан
Көзі алысты қалт жібермей қырағы,
Бір көз жанса, қалғаны өшіп тұрады.
Қызыл, сары, жасыл түсті көздердің
Бас әрпінен үш түрлі ұғым шығады.
3-оқушы:Аяжан
Қ- қызыл түс – қимылдама , баспа алға
Қыйлыста қарап тұрма аспанға
С- сары түс –сәл сабыр ет , дайындал
Ж- жасыл түс, жүре бергін жасқанба.
3-оқушы: Ислам
Ислам деген баламын
Мектепке мен барамын
Жүруді де үйрендім
Көшесінде қаланы
Қауіпті ғой көше тым
Қумай жолдың төтесін
Жолақтарды іздеймін
Жаяу адам өтетін.
Хормен: Жол тәртібін білейік
Аман-есен жүрейік!
Хор : «Көшеде сақ болайық!»
2-жүрг Рахмет, балалар!Бүгін сіздер өздеріңнің жол ережесін білетіндіктеріңді көрсеттіңдер. Қай жерде жүрсендер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар!Осымен, «Жол тәртібін сақтаймыз!» атты тәрбие сағатымыз аяқталды
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |